Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 18:10, курсовая работа

Описание

Бухгалтерлік есепке тән әдістерді, арнайы қолданбалы элементтердің маңызы мен мақсатын терең түсініп, күнделікті эконмикалық өмірге пайдалану үшін, біздер қарапайым, түсінікті тілмен сөйлесе білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүйесінде көптеген күрделі және осы пәнге тән арнайы терминдер көптеп қолданылады. Нарықтық экономика заманында бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп те атайды.

Работа состоит из  1 файл

Buhgalterlik esep.docx

— 128.59 Кб (Скачать документ)

    6. Жыл аяғында счеттарды жауып,  келесі шаруашылық жылына счеттар ашып, бұларға өткен жылдың қалдықтарын көшіру.

    Қызмет атқарушы бухгалтерлер өздері жұмыс істейтін өз ұйымының табыс келтіру көздерін жоспарлау, жұмсалатын шығындарға смета жасап, нормативтік шектеулер қою қызметтерін сапалы атқаруы керек.

    Білім дәрежесіне, өзінің ақылы мен ойына, алғырлығына, мұқият орындаушылық қабілетіне сенген бухгалтер өз игілігінен гөрі ұйымның болашағы мен халық игілігіне  қызмет етуі керек. Сапалы жұмыс атқарған бухгалтер өз қызметінің нәтижесіне қанағаттануы тиіс және өзінің сапалы еңбегіне қарай тиісті жалақымен  қамтамасыз етілуі қажет.

    Этикалық  жауапкершілік. Экономикалық күрделі өмірімізде кәсіби мамандықтар саны күннен-күнге көбейіп келеді. Арнайы жұмыстар атқарушы адамдар тобы өздерін «кәсіпкерміз» деп атайтын болады. Кәсіби мамандық атқару үшін теориялык негіздегі білім және іс-тәжірибеден дағдыланған ой мен сана қажет. Жоғары дәрежедегі кәсіби мамандық деңгейіне жету үшін интеллектуалды және кәсіби терең білім керек.

    Теориялық тұрғыдан жақсы дайындалған мамандар кәсіпкерлік білімі жоғары саналып, білімсіздерге қарағанда сұраныс талабына жауап берерлік болуы керек. Мұның барлығы да нарықтық қатынастардан туындаған үрдіс мамандығы мен кісілігі ұштасқан интеллектуалды болып табылады.

    Осы заманда бухгалтерлік кәсіби қызмет атқарушылардың арнайы білімі, кәсіби мамандық талабына жауап берерлік ой-санасы, іс-тәжірибесі, этикалық нормалар тәртібін сақтайтын кісілік қасиеті, қоғамдық мүддені қолдайтын қадыры мен  беделі болуы керек. Қанағаттанарлық жұмысы бар, өз ұжымының мамандарымен бірлесіп экономикалық мүддені шешетін кәсіби білімі мен кісілік мәдениеті жоғары мамандар, басқаларға қарағанда, сапалық жоғары сатыда бағаланатындығы кімге болса да белгілі.

    Кәсіби  мамандардың жан-дүниесі таза болып, ақылы мен ой санасын жетілдіріп, байқаушылық пен болжампаздық қасиетін сақтап, іскерлік әрекетке қатысушылар мен басқа да клиенттердің айтқанын түсініп, өз кәсібін аса бір біліктілікпен орындайтын қасиеттері болуы керек.

    Кәсіби  қызмет атқарушы әрбір мамандықтың  өзіне тән этикалық нормасы болады. Еңбек етуші өмірімізде көптеген жағдайларға кездесіп, моральдық талаптарды сақтамай кететін жағдайлар да болады. Басқа да кәсіби істер мен қызметтер атқарушыларға қарағанда бухгалтерлік міндет атқарушылар ұйым ұжымындағы әлеуметтік және экономикалық өмірге жиі араласып, адамдардың тұрмыс-тіршілігіне, хал-ахуалына жағдай жасаушылар қатарында екендігін терең түсінгені жөн. Яғни «этикалық кодекс» тұрғысынан дұрыс шешімдер қабылдап, ұят пен жан тазалығын сақтау тәртібі туындайды.

    Әрине бухгалтерлер үшін арнайы жасалып (жазылған), қабылданған «этикалық кодекс»  біздің елімізде әлі жоқ. Кәсіби іс атқарушы маман адамдар басқалардың  тағдыры алдында өздеріне белгілі  міндеттемелер қабылдайтындығын түсінуі  қажет. Әрбір маман халық үшін халық игілігі мен болашағы үшін қызмет атқаратындығы этикалық норманың алғы шарты деп түсінгені жөн.

    Мысалға, жетілдірілген тәртіптің дұрыс жолын білім қалыптастыратындығын Сократ айтқан еді. Ал Аристотель болса ізгі-рахымшылық көрсетуді батылдылық және әділеттілік деп танып, бүлар жеке адамдар мен қоғамның амандығын сақтайтын категориялар екендігін айтқан. Этикалык тәртіп пен моральдық принциптер білім арқылы қалыптасып, адамдардың түсінік дәрежесі артып отыратындығын классиктер дәлелдеген. Этикалық норманы қалыптастырудың әмбебаптық жолдары жоқ. Мұндай норманың болуы да мүмкін емес.

    Әйткенмен де, кәсіптің жаңа түрлерінің пайда  болуына карай «кәсіптік этика» категориясы қажет. Бухгалтерлік қызмет атқару тұрғысынан қарағанда «кәсіптік этика» бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізу әдістері мен ережелеріне, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүйесінің мерзімдік өзгерістерге түсіп отыруына қарай қалыптасуы керек.

    Кәсіптік  этика - философияльщ және әлеуметтік бағытқа әсер етуші категория. Философиялық бағыт моральдық нормалардан (не дұрыс, не бұрыс) тұрса, әлеуметтік бағыт кәсіби тұрғыдан реттеу мен бақылау үрдісінен тұрады. Бухгалтерлік кәсіп атқарушы мамандар өз ұжымының экономикасы мен адамдардың тиімді жолдармен басқару үшін арнайы концепциялар мен ұсыныстар енгізіп отыруы қажет. Кәсіпкерлікпен жасалған тұжырымдар мен ұсыныстардың түпкі мақсаты - қоғамдық мүдде мен қоршаған ортаның талабын қанағаттандыру болып табылады. Сондықтан, кәсіптік этиканың бухгалтерлік есепке тән кәсіби қоғамдық талапты мойындау мен келістіру қажеттігі туындайды.

    Бухгалтерлік  есеп кәсібінің деңгейі бухгалтерлерге деген қоғамдық сенімнің артуына  қарай жетілдіріліп отырады. Ал қоғамдық сенімді ақтау үшін бухгалтерлер өз жұмысын жетік біліп, сенімді және сапалы атқарып, тәуелділікке түспеуі керек. Арнайы ережелер мен нұсқаулар, сондай-ақ есеп әдістерін қолдану кезінде бухгалтерлер үш топтың; қоғамның, қатысушы клиенттердің, басқа да әріптес бухгалтерлерің мүддесінен шығу жолдарын анықтауы қажет. Осы жоғарыда айтылғандардың негізі сақталған жағдайда бухгалтерлердің этикалық нормасы қалыптасады және ол жетілдірілініп отырады.

    Өркениетті  елдерде қалыптасқан, бухгалтерлік есеп мамандығының беделін арттырып отыру мақсатында туындаған «бухгалтерлердің этикалық кодексі» есеп жүргізудегі  тәжірибені зерттеу, клиенттер арасында қайшылықтарды болдырмау, есеп көрсеткіштерін сыртқы пайдаланушыларға тұнық түрде  хабарлап отыру үшін қажет екендігін  кейінгі жылдары ғана біле бастадық.

    Кейінгі он жыл ішінде материалдық игілікті бөліп тарату, табыстарды бағалау  мен өлшеу және есептеу, жүйесінің  өзгеріске түсуі, бухгалтерлік есеп кадрларының күннен күнге көбеюі, есеп жүйесінің компьютерленуі, әлеуметтік қызмет көрсету өрісінің көбеюі, т.б. жағдайларға қарай бухгалтерлік кәсіп атқарушылар қызметі де өзгеріске ұшырап келеді. Сонымен қатар, қаржылық және саяси кризистер орын алған жағдайда бухгалтерлік қызмет атқарушылар өміріне де тікелей әсер ететіндігінде білдік.

    Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік кәсіп  жиі өзгерістерге ұшырап келеді. Халықаралық  бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге орай бухгалтерлік есеп мамандары едәуір жоғары бағаланып, бұлардың кәсіби білімі сапалы бола бастады. Жаңа ақпараттық қызметтердің (маркетингтік басқару  жүйесін зерттеу, стратегиялық жоспарлау, бизнес—жоспарын жасау, салық жүйесін сараптау) пайда болуына қарай кәсіби бухгалтерлерге деген сұраныс артып отыр. Бұл күндері қызмет атқарушы бухгалтерлер «счеттар жүргізушілер» (счетоводтар) қатарынан өтіп, ұйымдардың шын мәніндегі қаржы басқарушылары қызметін атқарушылар қатарына қосылып келеді.

    «Қоршаған экономикалық ортаның» өзгеріске түсуінің және бухгалтерлік кәсіп атқарушылар арасында бәсекелестік жағдайдың негізінде кәсіпкерлік іс-әрекеттермен айналысушылар арасында дау-дамай орын алуы мүмкін. Бәсекелестік пен дау-дамай және қүкықтық мәселелерді шешудің бірден-бір жолы, сапалы жасалған бухгалтерлік есеп мәліметтері мен бухгалтерлердің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Бухгалтерлер мен тәуелсіз аудиторлар қаржы қорытындысы есебінің сапалы жасалуын қамтамасыз етіп, этикалық норманың сақталуымен қатар даулы мәселелерді шешудің жолдарын жақсы білуі керек.

    Өкінішке  орай бухгалтерлік есеп кәсібі Қазақстан  Республикасында бәсекелестік үрдіске  түскенімен, әлі де болса тамыр-таныстық, туыстық жерлестік, т.б. жақындық жолдармен  жүмысқа орналастыру фактілері  кездесіп келеді. Мүндай жағдайда бухгалтерлердің  тәуелсіздігіне нүқсан келтіріліп, сапасыз  ақпараттар жасалынады. Әрине, кәсіпкерлік  пен пайдакүнемдік арасында қарама-қайшылықтар  болады. Яғни қоғамдық мүдде мен  жеке бастьщ мүддесі арасында да қайшылықтар  болуы мүмкін. Сондықтан, бухгалтерлік кәсіби қызмет атқарушы адамдар таза, сапалы жұмыстар атқарып, өз мамандығын сыйлап, ешқандай да «келісім» әрекеттерге бармауы керек.

    Еліміздегі  бухгалтерлік кәсіп тарихи даму кезеңінің  үстінде тұр. Нарықтық қатынастарға түсуші сыртқы қаржы салымшылар мен несие берушілер сенімді болуымен қатар қоғам өмірінің ахуалын қорғау үшін сапалы жасалған бухгалтерлік ақпараттар жүйесінің атқаратын рөлі өте зор. Бухгалтерлер және есеп-қисап жұмысын жүргізушілер заң мен құқық қорғау орындары алдында бірден-бір жауапты екендігін де түсінгені жөн. Бухгалтерлік кәсіп атқарушы мамандар өздерінің тәуелсздігін төмендетпей, жұмыстың сапасын арттырып, ешкімді де алдамай, адастырмай, аудиторлық қызметін сатпай, пайдакүнемдікке (меркинтилизм) салынбай, басшының берекесіздігіне қарсы тұрып, бағаның дұрыс қойылуын қадағалап, жоғары деңгейде сапалы қызметтер атқаруды мақсат тұтуы керек.

    Нарықтық  қатынастар заманында бухгалтерлік кәсіп атқарушылар төмендегі  келеңсіз жағдайлардан және сырттай  күш көрсетіп, пайдакүнемдікке салынушылардан сақ болуы керек. Ол үшін:

    Біріншіден, өз қаражаттарын белгілі бір бизнеске сомалап салмай, құнды қағаздарға заңсыз иелік етушілік пен көп мөлшерде дивидент алғысы келетіндерді қатыстырмау.

    Екіншіден, қабылданған және экономикалық өмірге енген бухгалтерлік есеп стандарттарынан  ауытқымай жалған ақпараттар жасаушыларды, өтірік пеи алдауға итермелеушілерді жақындатпау.

    Үшіншіден, қатысушы клиенттер салық төлемей, салық төлеуден қашып, салық органдарына  жалған мәліметтер беруді мақсат тұтушылардың жолдарын кесу.

    Төртіншіден, қатысушы клиенттердің ұсынған парасын алмау «сый дастарханына» (ішімдік дастарханын) қатыспау.

    Бесіншіден, басшылар мен әріптестердің есеп мәліметтерін өзгертіп, әкімшілік шығындарын азайтып көрсету жөніндегі «кереғар ұсыныстарын» қабылдамау.

    Бұл жазылғандар этикалық нормалар мен қайшылықтардың толық тізімін қамтый қоймас. Әйткенмен де этикалық және этикалық емес әрекеттер көптеген факторлардан пайда болатындығын есте сақтау керек. Бұларға жеке бастың мүддесі, адамдардың сана-сезімі мен мәдениеті, басшылардың ұйымдастырушылық қабілеті, басқару аппаратының ұстаған бағыты, сыртқы күштердің әсер етуі т.б. жатады.

    Кәсіби  бухгалтерлердің этикалық кодексі  бақылау, талдау және тексеру мен  шара қолдану механизмдерін іске асыруға бағытталуы керек. Мұның үшін кәсіби бухгалтерлер, бухгалтерлік есеп жүйесінің сапалы жасалуын қамтамасыз етіп, жоғары дәрежедегі кісілік идеяны сақтауы керек.

    Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлердің  этикалық кодексі әлі күнге дейін  ресми түрде жасалмай келеді. Өркениетті елдерде бухгалтерлердің этикалық кодексіне үлкен мән берілген. Мысалға, Американдық бухгалтерлер қауымдастығы (ассоциация) 1986 жылы «Бухгалтерлік  білімнің мақсаты мен маңызы және болашақтағы құрылымы» туралы ресми құжат қабылдаған. Бүл құжатта бухгалтерлерді оқытудың жаңа бағдарламасы жасалып, техникалық және этикалық тұрғыдан бухгалтерлер даярлау ісіне талаптар қойылған. Британияның ант беруші бухгалтерлері институты 1992 жылы «Кәсіби этика жөніндегі нүсқау» шығарған. Австралияның дипломданған бухгалтерлер коғамы 1988 жылы «Бухгалтерлердің кәсіби тәртібі жөнінде жаңа кодекс» қабылдаған. Жаңа Зеландия елінде 1992 жылдан бастап «Бухгалтерлердің этикалық тәртібі жөніндегі кодекс» қабылданған.

    Яғни  өркениетті елдерде бухгалтерлердің  этикалық кодексінің қажеттілігі мен  пайдаға асатындығы, сондай-ақ тәртіп сақтап, ереже-нұсқаулар және әдістемелік материалдардың жаңаланып отырылуы қамтамасыз етілген. Бухгалтерлердің «кәсіби этикалық кодексі» экономикалық өмір үшін аса қажет екендігін білген жөн.

    Кәсіби  бухгалтерлер даярлау үшін, жоғары оқу орындарында «Бухгалтерлердің этикалық кодексі» жөнінде арнайы сабақ  өткізілуі керек. Студенттер бизнес пен қоғам арасындағы байланыстарды білуі тиіс. Сонымен қатар болашақ мамандарға ұйымның аса көп көлемдегі ресурстары есебін тиянақты жүргізу үрдісі тапсырылатындығын, тек қана жеке бастың қамы емес, қоғамдық мақсаттың да мүддесіне жұмыс істейтіндігін білуі керек. Бухгалтерлік есеп пәнінен дәріс оқып, тәжірибеде сабақтарын жүргізуші оқу орындарының оқытушылары өз студенттерше этикалық норманы сақтау сенімділігін туғызарлық және мамандардың рухани сапасын арттыру бағытында ой саларлық дәрістер оқуы қажет.

    Нарық экономикасы түбегейлі қалыптасқан  жағдайда интеллектуалдық және моральдық  потенциалдың рыногы туындайтындығын  білгеніміз жөн. Нарық жағдайын білетін, экономикалық қатынастардың қыры мен  сырын, мұны жетілдіру жолдарын анықтай  алатын мамандар ғана кәсіпкерлікке  жаңа көзқараспен қарайды.

    Кәсіпкерлік «заңмен» өмірге келмейді. Ол атқарған ауыр еңбктің, оқып-үйренудің, көріп-білудің  нәтижсінде туындайды. Кәсіпкерлік - көптеген адамдардың біліктілігі мен ынтасынан, идеялық тұрақтылығынан және іс жүргізудегі тәртібінен қалыптасады.

    Этикалық  жауапкершілік нормаларын айта келе, біздер Британия еліндегі бухгалтерлік есеп саласының белгілі ғалымы Дэвид  Мидлтонның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық шешім қабылдау» атты кітабынан («Юнити» М№ 1997 ж. (автордың аударуы)), қаржы және басқарушы есеп жүргізуші  кәсіби мамандарға жолдаған сапалы қызмет атқару жөніндегі қағидаларын ұсынуды жөн көрдік (2.2 кесте).

Информация о работе Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері