Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 18:10, курсовая работа

Описание

Бухгалтерлік есепке тән әдістерді, арнайы қолданбалы элементтердің маңызы мен мақсатын терең түсініп, күнделікті эконмикалық өмірге пайдалану үшін, біздер қарапайым, түсінікті тілмен сөйлесе білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүйесінде көптеген күрделі және осы пәнге тән арнайы терминдер көптеп қолданылады. Нарықтық экономика заманында бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп те атайды.

Работа состоит из  1 файл

Buhgalterlik esep.docx

— 128.59 Кб (Скачать документ)

    Кісілігі  мен кәсіби мамандығына кір келтірмейтін бухгалтерлік есеп қызметін атқарушы тұлғалар өзінің «этикалық нормасын»  өзі қалыптастырып, аса бір сабақтастық  жолдармен, есеп өрісіне тән арнайы ережелер мен нұсқауларды басшылыққа ала отырып өз білімін жетілдіре беруді мақсат тұтқаны жөн. 

    2.2. кесте

Қаржылық  және басқарушылық есеп жүргізуші бухгалтерлердің сапапық сипаты 

Сапалық, кәсіби қасиеттері Білімі мен  атқаратын негізгі қызметтері
Қаржы бухгалтері
1   Білімі мен білетіндері а) кез келген жагдайда есеп жүргізу әдістерін қолдана алатындығы,

б) тиісті заңдар мен нормативтік құжаттар мазмұнын қолдана алатындығы,

в) ұйымдар  қызметіне тән салық жөніндеігі заңдар, кәсіпкерлікке тән басқадай заңдардан ауытқымау,

2   Қабылеттілігі а) жұмыс уақытын  тиімді пайдалану, атқаратын жұмыстардың күнделікті тнімді жасау,

б) өзімен қызметтестердің іс- әрекетін бақылау,

в) кез келген категориядағы қызметтес адамдармен сөйлесе білу, басшылармен, акция иелері, директорлар, аудиторлар т.б. ресми адамдармен ашық қатынаста болу,

г) пунктуалдық, орындаушылық шеберлік қасиеттерді сақтау,

3   Көп аспектілік және дәлділік
Басқарушылық есеп жүргізуші бухгалтер
1   Білімі мен білетіндері а) қаржылық есеп тұжырымдамасы және әдістері, б) ақпараттар жинақтау мен өндеу,

 в) экономикалық  теория және басқарудың осы заманғы әдістері, есеп жүргізу принциптері

2     Қабілеттілігі а) қажетті ақпараттарды дер кезінде жасау, өңдеу және тапсыр) ,

б) бизнестік  жүйенің ерекшеліп және мүның ішкі байланысын зерделей білу,

в) әр деңгейдегі қызметтес адамдармен жұмыс істей білу

3  Ойлаушылық пен тұрақты мінез  
 

2.7. Қазақстан Республикасындағы  бухгалтерлік есеп  жүйесін реттеу  принциптері 

    Бухгалтерлік  есеп жүйесін реттеп, мұның құрамдас бөліктерін жетілдіріп отыру мемлекеттік  және басқа да қоғамдық ұүйымдардың құзырына жатады. Бухгалтерлік есеп өрісінде жетілдіріліп отыратын мәселелердің барлығы да орындаушы бухгалтерлер мен шаруашылық жүргізуші тұлғалар үшін түсінікті және өте сенімді болуы керек. Бухгалтерлік есеп өрісінде реттелетін принциптердің барлығы да қайшылықтар тудырмайтын, бұрмаланбайтын дұрыс бағытта болғаны жөн. Кезіндегі әкімшілік жолмен жоспарлы бағытпен реттелетін бухгалтерлік есеп жүйесі нарықтық қатынастарға байланысты түбегейлі өзгерістерге түсіп, халықаралық деңгейдегі есеп жүргізу тәжірибесі отандық есеп жүйесше енгізіліп келеді. Бұл күндері мемлекеттік органдар меншігіне жататын ұйымдардан басқа да ұйымдар, есеп жүргізудің ішкі саясатын белгілеп, бюджетке төленетін салықтар мен алымдар арнайы қабылданған заң актілері мен нормативтік құжаттарға сай іске асырылып келеді.

    Сондықтан Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің түпкі  мақсаты, барлық ынта білдіруші субъектілерді тұнық және түсінікті, мазмұндағы ресми күші бар құжаттармен қамтамасыз ету болып табылады. Қойылған осы талаптарға сай алдағы кезеңдерде есеп жүйесін реттеу бағыттарын төмендегіше сипаттауға болады:

    -шаруашылық  фактілерін тек қана арнайы  белгіленген счеттарға жазып  қана қоймай, бухгалтерлік қорытынды  есеп даярлау мен тапсыру, соның  негізінде тиімді экономикалық  шешімдер қабылдау бағытын қамтамасыз  ету; -қаржылық қорытынды есеп  жасау үрдісін халықаралық қаржылық  стандарттар жүйесімен үйлестіру; -халықаралық қаржылы есеп стандарттарын ұлттық экономика мен аймақтық экономика ерекшеліктеріне қарай бейімдеу;

    -бухгалтерлік  есеп жүйесін реттеуді ақылға  сиятын бағытқа салып, бухгалтерлік  есеп жүргізудің тұрақтылығын сақтау мен жетілдіру.

    Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүйесін реттеп отыру, арнайы заң актілерінің жобасын даярлау мен ұсыну және күнделікті экономикалық өмірден туындайтын кейбір сұрақтарға жауап беру үрдісі еліміздегі «Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп Заңының» шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзырына тапсырылған.

    Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құрамындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы Департаменті» бухгалтерлік есеп және қорытынды есеп жөніндегі кейбір ережелерді, әдіснамалық ұсыныстарды, бухгалтерлік есеп стандарттарын, мұны қолданудың ұсыныстарын, сондай-ақ бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарын, мұны қолданудың түсініктемесін және счеттардың типтік корреспонденциялануын даярлап, мұндай ресми материалдарды тиісті заң орындардан тіркеуден өткізіп, ұйымдарға ұсынып отырады.

    Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы  бухгалтерлік есеп жүйесін нормативтік  тұрғыдан реттеу төмендегі ресми және нормативтік күші бар құжаттардан тұрады (2.3. кесте).

    Жалпы экономикалық заңдылықтарға сәйкес макро және микро

    2.3. кесте  

    Қазақстандық есеп жүйесін нормативтік-құқыққық тұрғыда реттеу деңгейлері 

    Денгейлер Ресми құжаттар Құжаттар даярлаушы  органдар
    Бірінші деңгей –

    заң күші бар құжаттар

    Заңдар, қаулылар, жарлықтар, кодекстер Парламент, Үкімет,

    ҚР Президенті

    Екінші  деңгей -нормативтік кұжаттар Ережелер, стандарттар ҚР Каржы  минитрлігі,

    ҚР  Ұлттық банкісі

    Үшінші  деңгей -әдіснамалық құжаттар Әдіснамалық ұсыныстар, нұсқаулар, хаттар, тұжырымдамалық негіздер ҚР Қаржы министрлігі,

    Үкіметтің атқарушы органдары, халықаралық кеңес беруші қоғамдастықтар мен ұйымдар

    Төртінші  деңгей -ұйымдардың есеп саясаты Ұйымдастыру мен билік жүргізуші ішкі қужаттар (бұйрықтар, шешімдер т.б ішкі ресми құжаттар) Кеңес беруші фирмалар, құрылтайшылар т.б. осы ұйымның басшылары, ұйымдарда әр жылы жасалынатын, толықтырылып отыратын есеп саясаты
 

    деңгейде  орын алатын экономикалық қатынастардың шынайы қалыптасып, ақпараттардың жүйелі жинақталуы үшін бухгалтерлік есеп өрісіндегі нормативтік базаның атқаратын рөлі өте зор.

    Қазақстан Республикасында жүргізілетін бухгалтерлік есеп 24 маусым 2002 жылы № 329-шы «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық қорытынды» жөніндегі  Қазақстан Республикасының Заңымен  реттелген. Аталмыш заң ең жоғарғы  бірінші деңгейдегі нормативтік  ресми құжатқа жатады. Елімізде жүргізілетін бухгалтерлік есептің құқықтық және әдістемелік негіздері осы заңда қаралған. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды жөніндегі Заңда бухгалтерлік есеп жүргізудің бірегей құқықтық және әдістемелік негізі, ұйымдарда бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру және мұның негізгі бағыты мен атқаратын қызметі, сондай-ақ есеп жүргізушілер мен қорытынды есеп жасаушы заңды тұлғалардың міндеттері қарастырылған.

    Аталмыш заң есеп жүйесінің мақсаты мен  есеп жүргізуге қойылатын негізгі  талаптарды анықтаған, Есеп жүргізудің негізгі талаптарына: ақшалай өлшеу, ұйымдар қызметінің үздіксіздігі, есеп саясатын жасау, екіжақтылық жазу, тәуелсіздік, түсініктілік, мәнділік, сенімділік, деркезділік, орнықтылық, бейтараптық, тұнықтылық, жан-жақтылық, салыстырушылық сияқты принциптер жатады. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі заң еліміздегі салық жөніндегі заң актілерімен байланыстырылған. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп өрісіндегі жоғарғы деңгейдегі нормативтік базалар жөніндегі құжаттарға Қазақстан 'Республикасы Президентінің жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары жатады.

    Тиісті  заң актілерін басшылыққа ала  отырып еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесін реттеу мен дұрыс жүргізілуін  бақылауға алып отыру Қаржы министрлігінің құзырына тапсырылған.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  басқа да министрліктер мен ведомствалармен  келісе отырып, екінші деңгейде бухгалтерлік есеп жүйесіне тән бағыттағы ресми құжаттар (қондырмалар): Бухгалтерлік есеп стандарттарынан, Қаржылық корытынды есеп дайындау мен тапсырудың Концептуалды негізінен, Бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспарынан тұрады. Қондырмалық (синтездік) мәні бар әдістемелік үрдістегі ресми құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген. Бухгалтерлік есеп жүргізу өрісіне арналған, ресми түрде іс-тәжірибеде басшылыққа алынатын, қолданбалык сипаты бар мұндай құжаттар Қазақстан Республикасы аймағындағы барлық ұйымдарға таратылып отырады.

    Бухгалтерлік  есеп пен бухгалтерлік қорытынды  есеп даярлауға арналған ереже түрінде  танылған нормативтік маңызы бар  құжатты - «Бухгалтерлік есеп стандарттары» деп атаймыз.

    Бухгалтерлік  есеп стандарттары - Қазақстандағы  бухгалтерлік есеп жүргізудің ресми  қабылданған ережесі және шаруашылық жүргізуші ұйымдардың қаржы қорытындысы  есебін жасау үшін ақпараттық жүйе қалыптастырудың әдістерін белгілейтін  құжат. Бухгалтерлік есеп жүргізудің көптеген әдістерін бірегей жүйеге келтіріп, кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін акпараттау мен салыстыру  мақсатын орындау үшін қабылданған  бухгалтерлік есеп стандарттарының  атқаратын рөлі өте зор.

    Мазмүнды  негіздегі бухгалтерлік есеп стандарттары - әрбір ұйымдар мен шаруашылық жүргізуші заңды түлғалар кызметінде күнделікті болып отыратын шаруашылық операцияларының мазмұны мен  мәліметтерін қандай жолдармен, қашан  және калай топтастырып, счеттарға  жазу мен есептеу, синтетикалық счеттарға  жинақтау, мәліметтерді қорытынды есепке жазу жөніндегі принциптерді іске асыратын ресми кұжат болып табылады.

    Бухгалтерлік  есеп стандарттары еларалық бірлескен  ұйымдар арасындағы экономикалық қатынастарды дәйекті түрде жүргізуге бағытталған. Сонымен қатар бухгалтерлік есепті жетілдірудің концептуалды негізін  басшылыққа ала отырып, ұйымдардың қаржы корытындысы есебін дайындау жолдары мен әдістері бухгалтерлік есеп стандарттарында қаралған. Қазақстандағы заңды тұлғалардың есеп беруі мен қорытынды есеп жасау үрдісі түгелімен ұлттық есеп стандарттары талабын өзгермейтін немесе жетілдірілмейтін тұрақты ереже түрінде қарамау керек.

    Қазақстандық  бухгалтерлік есеп стандарттарын жетілдіру, бұларға өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ алдағы уақыттарда жаңадан  жасалынатын стандарттарды қосымша  жасау, Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің «Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы» жөніндегі Департаментінде жасалып, іс-тәжірибеде қолданылып келеді.

    Енді  халықаралық деңгейде қабылданған  бухгалтерлік есеп стандарттарына қысқаша  сипаттама бермекпіз.

    Бухгалтерлік  есеп жүйесін реттеу ерекшеліктері  әр елде әртүрлі. Көптеген елдерде - (АҚШ, Ұлыбритания) бухгалтерлік есеп жөніндегі тиісті нормативтік құжаттар негізінен мемлекеттік емес қоғамдық кәсіби ұйымдар арқылы, ал Франция, Ресей елдерінде негізінен мемлекеттік органдардың нүсқау-ережелеріне және шешімдеріне қарай реттелген. АҚШ мемлекетінде бухгалтерлік қорытынды есеп (отчет) жасау үрдісі ұлттық есеп стандарыттары және бухгалтерлік есеп жүргізу принциптеріне байланысты жүргізіледі. Мүндағы (АҚШ) үйымдар үшін бухгалтерлік есеп стандарттары үсыныс ретінде қолданылады. АҚШ-тағы бухгалтерлік есеп жөніндегі негізгі ресми қүжаттарды, «Кәсіби (ант беруші) бухгалтерлердің америкалық институты» және «Қаржы есебі стандарттарын жасаушы кеңес», «Биржалар мен құнды қағаздар жөніндегі комиссия» даярлап, бухгалтерлік есеп тәжірибесіне енгізуді ұсынып отырады.

    Ұлыбритания елінде бухгалтерлік есеп негізінен  «Компаниялар  жөніндегі заңмен» (бұл заң ішінде бухгалтерлік есеп пен аудит қызметін жүргізу жөнінде арнайы тараулар берілген) реттелген.

    Ұлыбританиядағы ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттары ұсыныс ретінде танылып, компаниялар қызметі жөніндегі заңдардың құрамында қаралған.

    Бухгалтерлік  есеп жүргізудің үшінші кезеңі - нұсқаулар, үсыныстар мен нормативтік құжаттар, басқадай салалық, әдістемелік материалдар, ұйымдардың жарғысы, бүлардың типі мен көлемі жөніндегі құжаттардан тұрады.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері