Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 18:10, курсовая работа

Описание

Бухгалтерлік есепке тән әдістерді, арнайы қолданбалы элементтердің маңызы мен мақсатын терең түсініп, күнделікті эконмикалық өмірге пайдалану үшін, біздер қарапайым, түсінікті тілмен сөйлесе білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүйесінде көптеген күрделі және осы пәнге тән арнайы терминдер көптеп қолданылады. Нарықтық экономика заманында бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп те атайды.

Работа состоит из  1 файл

Buhgalterlik esep.docx

— 128.59 Кб (Скачать документ)

    Сондықтан, ғылыми тұрғыда жасалған концепциялар мен тәсілдер негізіне сүйене отырып, елімізде қабылданған арнайы ереже-нұсқауларға сай жасалып, жарияланатын қаржылық қорытынды есеп пен ұйымдардың бухгалтерлік корытыныды есебінің мәліметтері сырт пайдаланушыларға түсінікті болуы керек.

    Мұндай мәселелерді шешіп, ұйымның экономикалық өміріне ендіріп отыру үшін, бухгалтерлік есеп негізі - қаржы есебі, басқару есебі, қаржылық қорытынды есеп, қаржы көрсеткіштерін талдау жүйелерінің арасында үзілмейтін сабақтастық байланыс құрылуы керек.

    Негізі  мен түпкі мақсатын түсінбей жасалған есеп пен акпараттық жүйе экономикалық қатынастарды қалыптастырмайды. Болашақта түсетін пайдаға қол жеткізбейді және ұйымның экономикалық тиімділігін қалыптастырмайды.

    Олай  болса кез келген ұйымдар, өз қызметін тиімді бағытта үздіксіз дамытып отыруы үшін, материалдық және еңбек ресурстарын, басқа да сырттан көрсетілген қаржылық қызметтерді, ғимараттар мен жабдықтарды т.с.с. пайдаланады. Ресурстардың барлығын да қаржыландыру керек. Яғни қаржы көздерін қалыптастыру қажеттігі туындайды. Қаржыландыру көздері мен бүлардың әдіснамалары, ресурстардың көлемі мен қозғалысы женіндегі мәліметтер де бухгалтерлік есеп жүйесінде жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі мәліметтер мен ақпараттарды пайдалана отырып, басқару өрісіндегі шешімдер қабылданады және мүндай ақпараттар сыртқы пайдаланушылар (инвесторлар, несиелендірушілер, қарыз берушілер мен үлес қосушылар т.б.) үшін де өте қажет.

    Бухгалтерлік  есеп деп - ұйымдар қызметін тиісті ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатынастардың экономикалық өмірге енуіне байланысты әдетте коммерциялық бағыттағы және меншікті ұйымдар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттарды ары қарай өңдеу жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты арнайы пәндік, ұғымды туындатады.

    Басқа пәндермен салыстырғанда бухгалтерлік есептің өзіне тән ерекшеліктері  және есеп жүргізудің арнайы ереже-нұсқаулары, принциптері көп. Физика мен химия  сияқты басқа табиғи пәндерге қарағанда  бухгалтерлік есептің принциптері  экономикалық қатынастар талабына қарай  жиі өзгеріске түсіп отырады.

    Сондықтан бухгалтерлік есеп экономикалық ілімінің тәжірибелік элементіне жатады. Дей  тұрғанмен, бухгалтерлік есеп басқару жүйесін қамтамасыз ету мақсатын іске асыру үшін өзінің арнайы әдістері мен ережелерін қолданады. Бухгалтерлік есеп бақыланатын (байқалған) және өлшеу мен тіркеуге, тексеруге, қорытындылауға жататын көптеген шаруашылық фактілерінен туындайды. Шаруашылық фактілерінің маңызы мен мақсатын түсіну үшін бухгалтерлік есепке тән ерекшеліктердің мәні мен мағынасын түсіне білу керек. Бугалтерлік есепке тән мақсат -ұйымдар қызметіндегі барлык орын алған шашыранды шаруашылық фактілерін жүйеге келтіріп тиісті құжаттарға жазу, бұларды бағалау, жинақтау мен қорытындылау болып табылады.

    Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына сай бухгалтерлік есеп жүйесіне негізінен  үш түрлі талап қойылған. Ол талаптар шындықты, жан-жақты объективтілікті және іске асырылатындың сенімділікті көрсететін принциптерге жауап беруі керек.

    Белгілі бір ұйым өрісінде даярланған мәліметтер шындық жолмен арнайы қабылданған ереже-нұсқауларға сай орындалып, сыртқы пайдаланушылардың күмәні мен күдігін туғызбайтын болса, онда даярланған мәліметтер шындық принципімен, басқа да мамандардың қатысуымен жасалып, осы ұйымның экономикалық жағдайын толығымен сипаттайтын болып, сараптаушылар талабын қанағаттандырса, онда даярланған мәліметтер объективтік принциппен орындалды деуге болады. Белгілі ережелерді, қағидалар мен әдістемелерді толығымен қолданып, жасалған ақпараттар ішкі және сыртқы пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандырса, онда сенімділік принципі орындалды деуге болады.

    Жоғарыда  айтылғандарды қорытындылай келіп, бухгалтерлік есеп пәніне анықтама берелік.

    Бухгалтерлік  есеп пәні деп - ұйымдардың шаруашылық өміріндегі (меншігіндегі) активтер, меншікті капитал және міндеттемелер  өрісіндегі козғалыстарды  байқап, өлшеп, тіркеп, жинақтап, үздіксіздік  жолдармен құжаттап, қорытындылайтын үрдісті айтамыз.

    Бухгалтерлік  есеп көптеген әдістер мен принциптерді, арнайы ережелерді зерттейді.

    Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүргізу мақсаты екі деңгейде танылады.

    Бірінші деңгейде бухгалтерлік есептің тіркеу қызметі және көптеген шаруашылық фактілері  мен экономикалық өзгерістерін жинақтау, ақшалай өлшемге айналдыру қызметі  орындалады.

    Екінші  деңгейде бухгалтерлік есептің күрделі  мәселелері атқарылып, әртүрлі әдістерді, ережелер мен принциптерді қолдана  отырып, бухгалтерлік есеп жүйесінде  жасалған қорытынды ақпараттар жүйесіндегі  шаруашылық фактілерінің маңызы бағаланып  өлшенеді, шашыранды фактілер жинақталып талданады.

    Басқару үрдісінің негізгі саласы болып  танылған бухгалтерлік есеп жүйесі арқылы ұйымдардың ағымдағы қызметінің барысы тексеріледі, сапалы даярланған ақпараттарды талдай отырып, стратегиялык және тактикалық бағыт анықталады, ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдарын қабылдаудағы субъективтік факторларды болдырмаудың тәсілдері қарастырылады.

    Сапалы  жүргізілген бухгалтерлік есептің  мақсаты төмендегі сатылы қызметтерді  қамтамасыз етуге арналған:

    - ұйымдардың табыс түсіріп, бәсекелестік ортадағы тиімділігін арттыру үшін жасалған бизнес-жоспарының орындалуы дәрежесін тексеру;

    - активтерді өз орнымен тиімді жұмсау арқылы өндірілген өнімдердің өсу қарқынын және бұларды сатудан түскен түсім көлемін бухгалтерлік есеп жүйесінде айрықша зерттеу;

    - меншіктің барлық түрлерінің сақталуын, активтердің қолда бары мен қозғалысын, ұйымдардың қаржылық және төлем өтеушілік қабылетінің орындалуын тексеру;

    - алдау, ұрлау, көзбояушылық және сыбайластық жағдайларды болдырмау, ақша т.б. құндылықтарды жеке адамдардың сіңіріп кетушілігіне жол бермеу, тексеру жүргізу және мұндай жағдайларды тиісті орындарға дер кезінде хабарлау;

    - бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет және салық жөніндегі заңдардың сақталуы мен нормативті актілердің орындалуын қадағалауға мүмкіндік жасап отыру.

    Бухгалтерлік  есеп өрісінде төмендегі мәселелердің шешілуі қамтамасыз етіледі:

  • ұйымдар өрісіндегі шаруашылық үрдістің қорытындысын шығарып, басқарушылық шешім қабылдауға қажетті ақпараттар қалыптастыру, сондай-ақ қаржы салымшы инвесторлар, қоюшылар, сатып алушылар, несиелендірушілер, салық және қаржы органдары арасындағы қалыпты жағдай жасау мақсатында толық және сенімді ақпараттар қалыптастыру;
  • экономикалық ресурстардың және активті мүліктерді тиімді әрі орынды пайдалану үшін, бұлардың қолда бары мен қозғалысын тексеріп отыруды қамтамасыз ету.

    Бухгалтерлік  есептің ең негізгі мақсаты —  ұйымдар қызметінің өсу қарқынын қамтамасыз ету, әртүрлі варианттағы  салыстырмалы мәліметтер қалыптастыру, талдау шараларын орынды жүргізу  арқылы басқарушылық шешім қабылдау болып табылады.

    Бухгалтерлік  есеп кәсіпкершіліккпен айналысушы тұлғалардың барлығына қажетті білім беруді қамтамасыз етеді.

    Жалпы экономикалық ақпараттарын қалыптастырудың  да өз ерекшеліктері, объектілері мен  әдіс-тәсілдері, ережелері, сондай-ақ принциптері  болады. Есеп ақпараттары байқау және көру, жинау, өңдеу, тікеу, басқарушыларға ақпараттар даярлау кезеңдерінен қалыптасады. Есеп ақпараттарын жинақтау мен топтастыру жүмыстары арнайы принциптерге сай  қабылданған әдістер мен тәсілдер бойынша жүргізіледі.

    Бухгалтерлік  есеп өрісіндегі қорытынды ақпараттар қозғалысын тікелей және кері байланыстыру негізінде шаралар белгілеп, зерттеу  бағытын қамтамасыз етіп, ақпараттардың  әмбебаптық қасиетін іс-тәжірибеге енгізудің  жолдары қаралып отырады.

    Бухгалтерлік  есеп талабы ақылға сиятын жолдармен  іске асырылып, активтер, пассивтер, капитал, табыс және шығындар өрісіндегі ақпараттарды жүргізу тұрақтылығын сақтау және жаңалап отыру міндетін атқарады. Осылайша қалыптасқан ақпараттарды кеңінен пайдаланудың нәтижесінде әрбір есепті кезеңдерге қарай ұйымдардың қаржылық және өз қызметін сапалы атқарғандығының қорытындысы бағаланады. Ұйымдардың қызметінің нәтижесін қорытындылау үшін синтетикалық1 жинақтау счеттарындағы қалдықтар бухгалтерлік балансқа жазылатындығын есте сақтау керек.

    Қорыта  келгенде, бухгалтерлік есеп жүйесінде, мұның өзіне тән әдіснамалары мен ережелері және есеп жүргізудің айрықша принциптері қалыптасқан. Әдіснамалар мен принциптерді дұрыс қолдана білудің маңызы өте зор. Бухгалтерлік есеп өзімен өзі шектеліп қалған пәндер қатарына жатпайды. Есеп жүйесі көптеген әлеуметтік және экономикалық жағдайларға тікелей әсер етеді. Бухгалтерлік есептің рөлі мен мүмкіндігі халықаралық бизнестің құрылуы мен қалыптасуына, мұның дамуы мен өркендеуіне ықпал етеді. Бухгалтерлік есеп тілі жан-жақты тұнық ақпараттар жүйесімен қамтамасыз етілген жағдайда бизнеске қатысушы жақтар ұтымды арақатынастық байланыста болады. 
 

    2.4. Бухгалтерлік есеп ақпараттарың пайдаланушылар 

    Бухгалтерлік  есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты - сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын арнайы ақпараттармен қамтамасыз ету. Ақпараттармен қамтамасыз ету басқару жүйесінің элементіне жатады.

    Басқару дегеніміз - шешім қабылдау, ал тиімді басқару үшін ақпараттар қажет. Басқару деп «көрегендікті» айтса керек. Ақпараттар жүйесін жинақтау арқылы көптеген берекесіздіктерді, түсінбеушілік пен орын алған қарама-қайшылықтарды дұрыс 

    1 Синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу счеттарының маңызы мен мәнін ашып көрсету осы оқулыктың 5-ші тарауының 3-ші параграфында толық қаралды. 

    шешуге  болады. Яғни ақпараттар өз бетінше  қалыптаспайды, ол үшін мәліметтер қажет, ал мәліметтер ақпараттар жүйесін құрайды.

    Ақпараттар  деп - ұйымдардың шаруашылық өміріндегі фактілердің орын алғандығын есепке алуды айтамыз. Кез келген кәсіпорын  өз қызметін тиімді түрде дамытып  отыруы үшін басқа да көздерден қаражат  алып отырғысы келетіні рас. Қаржы көздері  капитал рыногында болатындығы түсінікті. Міне, осыдан барып ұйымдар потенциалды қаржы салымшы инвесторлар мен басқа да сыртқы несиелендірушілер мен құқылы тұлғалардың қаражаттарын іске қосып, түпкі мақсат таза пайда көлемін арттыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттарды басқаларға хабарлап отыру қажеттігі туындайды.

    Біздер  ең әуелі бүгінгі күннің ақпараттары  кеше өткен экономикалық өмір мен  фактілердің жалғасы екендігін  түсіне білуіміз керек. Яғни болашаққа  бағдарлама жасау үшін «кешегі өткен  экономикалық қатынастарды» бағалауымызға  тура келеді. Мысалға, ұйымдардың үздіксіз жүмыс істеу қабілетін бағалап, осы ұйым экономикасына осы жылы инвестиция салу үшін қандай да болмасын қаржы салымшы инвестор ұйымдардың өткен шақтағы атқарған қызметін (бірнеше жылғы) зерттейді. Қаржы келтіруді мақсат тұтқан ұйымның өткен жылдардағы ақпараттары мұқият зерттелгеннен соң қаржы салымшы инвестор өзінің осы жылы салған ақшасы қанша көлемде табыс әкелетіндігін білу керек. Сондықтан қаржы салушы инвесторлар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның бухгалтерлік балансын, ақша қозғалысы және капитал қозғалысы, табыстар мен шығындар жөніндегі жасаған бірнеше жылдық ақпараттарын пайдаланып, экономикалық талдау арқылы шешім қабылдайды.

    Сонымен, бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттар, біріншіден сыртқы тұлғалардың талабын, екіншіден ұйымдағы бухгалтерлер мен басқарушылардың талабын қанағаттандырады. Яғни бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылардың барлығы да есептің мақсатын, мұның өрісіндегі мәліметтер мен бастапқы құжаттарды дұрыс және дер кезінде рәсімдеу бухгалтерлік есепті толығымен аяқтаудың сатылы принциптерш, есеп жүрпзудщ техникалық әдістерін, шаруашылық операцияларының мазмұнын білгені жөн. Түптің түбінде мұның барлығы да басқару үрдісін күнбе-күн жетілдіріп отырумен қатар, экономикалық талдау жүйесіне негіз бола алады. Ұйымдар деңгейінде талдау жүргізген кезде тек қана бухгалтерлік қорытынды есеп көрсеткіштерін өзара салыстыра салмай, бұған косымша сүлбе (схема), графикалық әдістер, диаграмма жасау бухғалтерлік қорытынды есептің құрылымы мен маңызын тереңдете түседі.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері