Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:07, автореферат

Описание

Цель исследования – разработать теоретические и методологические основы повышения эффективности и конкурентоспособности хлопкового комплекса на юге Казахстана, обосновать их практической реализации в условиях рыночной экономики, разработки предложения и рекомендации по кардинальному изменению структуры производства, первичной и глубокой переработки.

Работа состоит из  1 файл

kurstik jumis.doc

— 909.50 Кб (Скачать документ)


             

ӘОЖ 339.137.2:633.5                                                                                      Қолжазба құқығында

             

                                                                                                               

 

 

 

 

 

 

Серіков  Бегім

 

 

 

 

 

МАҚТА  КЕШЕНІНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАБІЛЕТТІГІН АРТТЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

 

 

 

08.00.05 – экономика және халық шаруашылығын басқару

(қызмет саласы және ортасы бойынша)

 

 

Экономика ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясының

авторефераты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

              Астана, 2009             

 

 

 

Жұмыс «Сырдария» университетінде орындалды

 

 

 

Ғылыми кеңесші

 

 

 

экономика ғылымдарының докторы

Қ.К. Абуов

 

Ресми оппоненттер:

экономика ғылымдарының докторы

Нұрмағанбетов Қ.Р.

 

 

 

экономика ғылымдарының докторы

Ертазин Х.Е.

 

 

 

экономика ғылымдарының докторы

Құралбаева А.Ш.

                    

                                                                                   

                                           

Жетекші ұйым:    Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті                       

 

 

 

Диссертация 2010 жылы  ___________ сағат _______ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінiң жанындағы БД 18.08.01   диссертациялық кеңесте қорғалады.Мекен жайы:  010011, Астана қаласы, Жеңіс данғылы,  62-үй, мәжіліс залы.

 

 

Диссертациямен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

 

 

Автореферат 2009 жылғы     желтоқсанда таратылды

 

 

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, э. ғ. д.                                                        М.Ш.Кенжеболатова

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығын радикалды реформалардың нәтижесінде рыноктық экономикаға өту үдерісі дамып келеді, меншік және шаруашылық жүргізудің жаңа өндірістік қатынастары қалыптасуда. Мемлекетімізде көпнышанды агроқұрылымдарға агробизнесті ұйымдастырудың әкімшілік, экономикалық және құқықтық негізін қолдау мақсатында заңнамалық, нормативтік база жасалған.

Елімізде агроөнеркәсіп кешенінің жедел дамуының 20010-2014 ж.ж. концепциясының қабылдануы, әлем рыногымен интеграциялануы, дүниежүзілік  сауда ұйымына мүше болып кіруі, мақта кешенін дамытудың тиімді жолдарын қолдануды міндеттейді.

Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп саласында меншік қатынасын, саланы кешенді өзгертулер,  өңірдің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, дамытуда және бәсекелестікке қабілеттілікті арттыруда бірқатар проблемалар бар екендігін ғылыми сараптаулар көрсетті. Әсіресе суармалы жерлерде орналасқан мақта кешенінде бәсекелестікке қабілеттілікті  арттыру үшін агроқұрылымдарды қайта құру ұйымдық-экономикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеулерді қажет етеді: жерді қалпына келтіру, шаруашылықтарды ірілендіру, озық агротехнологияларды ендіруді, өндірісті интенсивті-индустриалды тәсілмен ұйымдастыру, өңдеу тиімділігін арттыру проблемалары туындауда.

Мақта кешенін әлемдегі рыноктық қатынастардың ықпалына бейімдеу, дағдарыс жағдайында саланың өміршеңдігіне жаңа көзқараспен, жаңа өлшемдермен баға берілуі, экономикалық ой-пікірлердің, сараптаудың жаңа әдістерін қолданып, мақта саласын ұйымдастыру үшін өңірдің табиғи, экономикалық, өндірістік ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескеріп тұжырымдау қажет.

Қазақстанның оңтүстік аймағы тарихи-жағрапиялық жағдайына, жер, су және еңбек ресурстарына сәйкес мақта өсіруге мамандандырылған. Осы орайда рыноктық қатынас жағдайында тиімді агробизнесті ұйымдастырудың теориялық негіздерін тереңдету, кешеннің экономикадағы орнын, мақта шикізатын бастапқы және тереңдетілген өңдеу нәтижесінде алынатын өнімдер мен өнеркәсіп тауарларының ішкі рыногын қалыптастыру және бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың  экономикалық механизмдерін негіздеу обьективтік қажеттілік.

Сонымен қатар рыноктық қатынастарды жетілдіру жолымен осы аумақтағы халықтың әлеуметтік деңгейін жаңа сапаға көтеру проблемалары мен перспективаларының маңыздылығын арттыру үшін мақта кешенін жан-жақты зерттеу қажеттілігі туындайды. Қазірге дейінгі мақта кешенінің экономикасы бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер бірсыпыра сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Себебі кеңестік дәуірдегі калыптасқан  экономикалық категориялар ашық, еркін экономиканың түжырымдалған жағдайын толық бағалай алмайды. Нәтижеде қорытындылар,  ұсыныстар жасауға жарамсыз.

Мақта кешенінің экономикалық проблемаларын зерттеудің екінші бір қажеттілігі сол, Қазақстанның оңтүстігінде мақта өсіру және өңдеу саласында құрылымдық өзгерістерді әрі қарай дамытудың қажеттілігі бар. Осы жолмен тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық табысын арттыруда саланың үлесін көбейту, ауылшаруашылық дақылдарының арасында табиғи және материалдық өндірістік ресурстарды тиімді етіп қайта бөлу және орналастыру міндеттері тұр.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, әлем рыногына бейімділігін, бәсекелестікке төтеп беру  мен қабілеттілігін қамтамасыз ету, жоғарыдағы аталған проблемаларды шешуде алыс, жақын шет елдерде мақта өсіру мен өңдеуді дамыту бағыттарын анықтау, олардағы экономикалық, өндірістік қатынастар мен озық тәжірибелерді сараптау арқылы пайдалану мүмкіндігін артыру қажеттілігі туындайды.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Мақта кешенінде бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру проблемасы ғылыми тұрғыдан теориялық қағидаларды,  отандық және шетелдік ғалымдардың ой-пікірлерін кешенді, жүйелі басшылыққа алып қарастыруды қажет етеді.

Зерттеудің жалпы теориялық негіздемелері атақты ғалымдар: Дж. Кейнс, К. Маркс, М. Портер, Н.Г. Мэнкью, Д.Е.Остин, А. Лернер, Д. Рикардо, А.В. Чаянов, Дж. Беннасси,  және басқалардың іргелі еңбектеріне сүйенген.

Проблеманы жан-жақты зерттеуге үлес қосқан ғалымдар: У.Баумоль, М. Крозье, Лозовский А.Ш., Б.А. Райзенберг, Джефри Д.Сорс, Андре Варнер, М. Артур, тағы басқалар.

Зерттеудің ғылыми базасы ретінде бірқатар ТМД ғалымдарының еңбектері пайдаланылған. Олар: Л.И.Абалкин, Л.Кассиров, С.И.Сдобнов, С.Ситорян, А.И.Лапкин, Ф.К. Каюмов, С.Н.Усманов, Э. Акрамов, К.А. Хасанджанов т.б.

Бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру проблемалары А.Смиттің , М.Портердің, Р.А. Фатхудиновтың, О.Сәбденнің, А.Н. Тұрғынбаевтың, Т.И. Есполовтың, К.М. Белгібаевтың, Ж.Ж. Сүлейменовтың, Қ.Р. Нұрмағанбетовтың және басқалардың еңбектерінде терең қарастырылған.

Қазақстанның аграрлық секторын реформалау мен ауылшаруашылық өнімдерінің рыногын қалыптастыру және дамыту бойынша құнды зерттеулер орындалған. Осы проблеманың теориялық және методологиялық негіздерін зерттеуде елеулі еңбектер қосқан экономист ғалымдар Қ.К.Сағадиев, А.А. Сатыбалдин, Ж.Б. Балапанов, Р.Р. Аутов, Қ.К.Абуов, Т. Есіркепов, Г.А. Калиев, А.Б. Молдашев, К.Н. Нәрібаев, Б.Г. Жүнусов, Х.Е.Ертазин, А.Ш. Құралбаева, Х.Б.Жәрекешов, Р.Ю. Қуатов, В.В. Григорук және басқалар.

Қазақстанның Оңтүстігінде мақта өсіру мәселесі бойынша Мақта шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты (МҒЗИ) бірқатар маңызды зерттеулер жүргізіп, оң нәтижелерге қол жеткізді. Соның ішінде З.Тұрсынходжаев, И.Болғанбаев, Н.Ф.Беспалов, Ж.Я.Батькаев, И.И.Үмбетаев өз ғылыми еңбектерінде жергілікті жағдайда мақта өсірудің селекциясына, тұқымшылықпен агротехнологиясына, минералды тыңайтқыштарды пайдалану, ауыспалы егіс жүйесінің тиімділігі, жердің мелиорациясы, тағы басқа мәселелерді зерттеуге арналған құнды ұсыныстар енгізген.

Мақта кешені бойынша зерттеулерді сараптау саланың тиімділігін және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру бойынша ізденістер мен зерттеулерді дамытуды, толықтырулар енгізудің қажеттілігін көрсетті. Әсіресе рыноктық қатынас жағдайында мақта саласын сараптауда проблемаларды кешенді (өндіріс-өңдеу-өткізу) көзқараспен әлемде кең қолданыстағы әдіснамалық тұрғыдан қарастыру маңызды. Суармалы жерлерде мамандандырылған мақта кешенін өндірістік-экономикалық тұрғыдан терең зерттеместен реформаларды жүзеге асыру өндіруші агроқұрылымдарды ұсақ тауарлы етіп қалыптастырды. Мұндай жағдай салада жоғары өнімділікке ие жаңа техника мен технологияны, өндірістік күштерді тиімді пайдалану яғни өндірісті өңдеуді, өткізуді, дамыту  негізінде бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру әлеуетіне қарама-қайшы болып қалыптасқан. Отандық экономикалық әдебиеттерде мақта кешені біртұтас пән ретінде қарастырылмаған. Саладағы проблемалардың күрделілігі және  жеткіліксіз ғылыми зерттелуі, сонымен қатар тиімділігін және бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру проблемалары теориялық және практикалық зерттеулерді тереңдетіп толықтыру қажеттілігі, тақырыптың өзектілігі диссертациялық тақырыпты таңдауға негіз болды.

Зерттеудің пәні. Рыноктық жағдайда мақта өндіру, өңдеу, сату үдерістерінде туындайтын экономикалық, ұйымдастыру, әлеуметтік және құқықтық қатынастар жиынтығы.

Зерттеу объектісі. Мақта өсіру өндірісі, өңдеу және оны өткізу үдерісіндегі заңдылықтар мен құбылыстар.

Зерттеудің мақсаты мен шешімдері. Диссертацияның негізгі мақсаты - рыноктық қатынастар жағдайында мақта шаруашылығының  бәсекелестікке қабілеттілігінің заңдылықтары мен тенденциясын ғылыми тұрғыдан сараптау арқылы теориялық және методологиялық әдістерін жетілдіру, саладағы жағдайға кешенді баға беру мен оны дамытуға кажетті нақты іс-тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу.

Автор қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттердің шешімін ғылыми тұрғыдан негіздеген:

                       рыноктық қатынас және ашық еркін экономика жағдайында мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін анықтаудың теориялық және методологиялық негіздерін әлемдік іс-тәжірибе негізінде қарастыру, толықтыру;

                       тиімді протекция және тиімді субсидия коэффициенттерін анықтау, қолдану және бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау;

                       мақта кешенінің рыноктық қатынас заңдарына сәйкес қазіргі кездегі экономикасының қалыптасу жағдайын, экономикадағы орнына баға беру, ресурстарды қайта бөлу,  пайдалану және тиімділігін арттыру жолдарын нақтылау;

                       мақта кешенін дамытудың, тиімділігін арттырудың басым бағыттарын және әлем рыногында бәсекелестікке қабілеттілігін  қамтамасыз ету жолдарын анықтап ұсыныстар енгізу;

                       суармалы жерлерді қалпына келтіруге бағытталған инвестицияларды тиімді  пайдаланудын негізгі концепциялық бағыттары мен ережелер негізінде мелиоративтік қорлардың нормативтік өлшемдерін бағалау және айқындау;

                       мақта өндірісі саласында агроқұрылымдардың бытыраңқылығын еңсеру, оларды ірілендіру үдерісінде жаңа шаруашылықтарды  ұйымдастырудың экономикалық негіздемелерін әзірлеу, өндірісті диверсификациялаудың деңгейін анықтау, басқаруды жетілдіру жобасын ұсыну;

                       өндірістік құрылымдардың интеграциясы және интенсивті, инновациялық агротехнологияларды ендіру әлеуетін талдау мен тиімділігін дәлелдеу;

                       мақта өсіруді дамытудың перспективалары, бастапқы және терең өңдеуді жетілдіру, мақта-тоқыма кластерін экономикалық негіздеу, ішкі рынокты қалыптастыруда және қосылған құн үлесі көп тауарлармен импорт алмастыру және  экспортқа шығару болжамдарын анықтау;

                       мақта саласын дамытудағы шетелдік тәжірибелерді сараптау және әлемдегі мақта өндірісімен айналысатын елдерде мемлекеттік реттеу мен қолдаудың негізгі әдістерін қарастыру, олардың тиімділерін өндіріске, маркетинг жүйесіне ендіру;

Информация о работе Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса