Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:07, автореферат

Описание

Цель исследования – разработать теоретические и методологические основы повышения эффективности и конкурентоспособности хлопкового комплекса на юге Казахстана, обосновать их практической реализации в условиях рыночной экономики, разработки предложения и рекомендации по кардинальному изменению структуры производства, первичной и глубокой переработки.

Работа состоит из  1 файл

kurstik jumis.doc

— 909.50 Кб (Скачать документ)

Бәсекелестікті анықтауда «салыстырмалы артықшылық» теориясының маңызы зор. Бұл теория бойынша әр өңір тауарды тиімді өндіретін болса, соған мамандандырылғаны дұрыс. Экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – адамзат қажеттіліктерін қанағаттандыру. Осы тұрғыдан алғанда жалпы тиімділікті анықтауға кажет ресурстарды бөлу және өндіріс тиімділігін анықтауды ұсынуға мүмкіндіқ береді. Өндірілген тауарлар құрамын дұрыс таңдау сөз жоқ, өндірістік мүмкіндікті толық пайдаланып, бәсекелестікке қабілеттілігі мен тиімділіғін арттырады.

Ресурстардың шектеулі мөлшері және бәсекелес балама таңдауға мәжбүрлейді, балама құн түсінігі арқылы салыстырмалы бағаланады. Әсіресе баға белгілеуде басшылыққа алынатын қағидаттың бірі – балама құнды стандарт етіп қабылдап, салыстырмалы әдісті пайдалану.

Бәсекелестіктің үлгілі ортасы мен өмірдегі шынайы түрінің арасындағы айырмашылығы осы әдісті пайдаланып қолданбалы ұсыныстар әзірлеу және агробизнесте баға белгілеу мүмкіндігін береді. Рыноктағы баға тұрақсыздығы ресурстар мен тауарларды пайдаланудың балама рыногын табуды қажет етеді.

Ішкі және шекаралық бағаларды салыстыру және арақатынасының көрсеткіші - протекция коэффициенті. Протекциялық коэффициенттер экономикалық саясатты анықтауға, оны сандық көрсеткіштермен сипаттауға мүмкіндік береді:

− номинальды протекция коэффициенті (НПК) тек кіріс ресурстары мен дайын өнімге қатынасты анықталады;

− тиімді протекция коэффициенті (ТПК) мен тиімді субсидия коэффициенттері (ТСК) кіріс ресурстарына және қызыметтерге арналған;

− өндіруші субсидия (ӨСЭ) және тауар тұтынушы субсидиясы (ТСЭ) эквиваленттері кіріс ресурстары мен жанама шығындарды субсидиялауға, рыноктағы дайын өнімнің ішкі және  шекаралық бағаларын белгілеуде пайдаланылады.

Номиналды  протекция коэффициенті (НПК) негізінен өндіріс-тұтынушы тізбегінің кез-келген деңгейінде қолданылады, ал тиімді протекция коэффициенті (ТПК) арнайы шаруа қожалағы өндірісіне, қайта өңдеуге және өткізуге қатысты.

Тауар өндіруші дақыл түрі мен өндіру технологиясы арқылы ТПК-ін  пайдаланып таңдау жасай алады. Ол баламалы дақылдардың салыстырмалы таза қайтарым мөлшерінің және қызығушылық деңгейінің дәл көрсеткіші. Сондықтан шаруа қожалығы қайтарымды барынша арттыру үшін балама  дақылды таңдау, ТПК-ін ранжирлеу арқылы өндірістік іс-әрекеттің салыстырмалы тиімділігін, бәсекелестікке қабілеттілігін анықтап, алдын ала тұжырым жасайды.

ТПК-нің ақпараттық маңызын толықтыруда тиімді субсидия коэффициентін (ТСК) қолдану тиімді .Бұл коэффициентті пайдаланғанда шығындар мен кіріс ресурстарына (жерге, капиталға) бөлінетін субсидия мөлшерін анықтауға болады. Мысалы, тоқыма кластері жүйесін мақта талшығымен қамтамасыз ету үшін мемлекет уақытша шығынды төмендетіп, ресурстардың осы салаға қозғалысын камтамасыз етуде суармалы жердегі ағын су төлемдеріне жеңілдіктер беріп, тауар өндірушілерге экономикалық қолайлы жағдай тудырады, қосымша табыс алу әлеуетін жоғарылатады.            

Жер мен капиталға таза субсидияны есептеудің тиімді үш жолы ұсынылады:

1)     салыстыру үшін өндірушілердің баламалы топтарын таңдау;

2)     сол топтардың шығындарын, субсидия  төлемін және бөлу мөлшерін есептеу, салыстырмалы нормасын белгілеу;

3)     топтар арасында таза субсидияларды салыстыру, кіріс ресурстарын субсидиялау 1 га жерге есептеулер негізінде бағаланады немесе алынған қарыз мөлшеріне есептеледі.

ТСК-ін бастапқы кіріс ресурстарына қолданғанда өндірісті дамытудың қосымша ынталандыру деңгейін арттырып, керісінше тежегіш ролін анықтауға мүмкүндік береді.

Жергілікті тауар өндірісінің тиімділігін арттыруда, бәсекелестікке қабілеттілігі, оларды экспортқа немесе импортты алмастыру үшін саудаға шығаруды жоспарлау және инвестицияны бағыттауда маңызды. Себебі бұл өнімдер салыстырмалы артықшылықтарға ие болуы қажет. Ал іс-тәжірибеде нормативтік талдаулар жасау, яғни кіріс ресурстары Х- ті пайдаланып, У тауарын өндіру үшін нені есепке алмау керектігін, пайдаланылмаған қолайлы балама мүмкіндікке салым жасау мәселесі тиімді шешеді.

Әрбір пайдаланушының ең тиімді баламасы  жердің құнарлығы, еңбектің кәсіби денгейі және капитал түрлері бойынша анықталады.

Бастапқы ресурстардың балама құнын бағалауда өндірістік факторлардың бәсекелестікке қабілеттілігін есептеу, салыстырмалы бәсекенің және тиімділікті анықтауда шешуші басымдыққа ие, көлемі шектеулі ресурстарды: жанар-жағармай, ағын су, тыңайтқыштарды есептеген дұрыс.

Балама құн коэффициенті (БҚК) жергілікті өндірістің балама құнының сол өндірістен алынған қосылған құнға қатынасымен анықталады.

Қоғамдық өндірісте тауар – ақша қатынасы жағдайында оның нәтижесі тұтыну құнымен ғана өлшенбейді. Оны толықтыру үшін құн категорияларын пайдалануға болады. Бұлар қосылған және қажетті өнім құндары, таза табыс және пайда.

Мақта өндірісі мен өндеуде ресурстық әлеуетті құндық есептеу әдісіне өндірістік үдеріске қатынасқан ресурстардың интегралдық көрсеткішін қолдану тиімді. Оны мына формуламен анықтауға болады:

                                                        n

    РӘ=НӨҚ+МАҚ+ЖР+ЕР+СР= ∑ Pi  (j = 1,2,3.....n),                              (1)

                                                        i=1

бұл жерде,  РӘ  - ресурстық әлеуеттің құны, тенге; НӨҚ – негізгі өндірістік қор құны, тенге; МАҚ- материалдық айналма қор құны, тенге; ЖР – жер ресурстарының құны, тенге; ЕР – еңбек ресурстарының құны, тенге; СР  - су ресурстарының құны, тенге.

Рыноктық қатынас жағдайында мақта кешенінде ресурстар әлеуетін толық игеру, шикізатты бастапқы және терең өңдеудің экономикалық қуатын арттыру, халықты жоғары сапалы тұтыну тауарларымен қанағаттандыру, өндірістің шығындары мен бағаларын тұрақтандыру және төмендету бәсекелестікке қабілеттілікті арттырудың маңызды көрсеткіштерінің бірі.

Мақта кешенінің тиімділігін және бәсекелестікке қабілеттілігін анықтаудың ерекшеліктері бар. Оны бағалауда төмендегі көрсеткіштер қосымша қолданылады: өнімділік, жалпы өнім, талшықтың, шиттің шығымдары, иірім жібі, мақта, дайын бұйымның өзіндік құны мен сапасы, мемлекеттік және халықаралық стандарттар, сертификаттарға сәйкестігі.

 

2 Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасында мақта кешенінің орны және ресурстарды пайдалануды бағалау

Мақта кешені өнеркәсіптің, соның ішінде жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің шикізат базасы ретінде халық тұтынатын тауар өндіруде маңызды орын алады. Мақта талшығы, иірім жібі, тоқыма саласында кең қолданылады. Ол басқа талшықтармен - кенеппен, химиялық жолмен алынатын жасанды талшықпен салыстырғанда сапалы, жеңіл технологиямен ажыратылады, бәсекелестікте рынокта өз орнын тұрақты сақтау қабілетіне ие.

Табиғи ресурстардың қолайлығына байланысты ОҚО ТМД аумағында Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері қатарында мақта өсіруге мамандандырылған, осы саланың өндірістік күштері дамыған.

Қазақстанның оңтүстігі мақта және мақта бұйымдарымен ішкі рынокты қанағаттандырумен қатар, экспорт көлемін арттыру мүмкіндігіне ие. Облыста талшық, тоқыма бұйымдары және тауарлар экспортының 2004-2008 жылдардағы орташа көлемі 173,3 млн. АҚШ долларын құрап, жалпы экспорттың 45,2% тең болған.

Мақта өсіру саласы суармалы жерлерге мамандандырылған және орналасқан. Бұл сала Арыс, Түркістан қалалары, Мақтаарал, Шардара, Отырар, Ордабасы, Сарыағаш аудандарында дамыған тапқан.

Оңтүстік Қазақстан облысы өндірістік күштерінің дамуы,орналасуы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы суармалы жерлердің бірқатар артықшылықтарына негізделген, олар:

− жоғары табысты,құнды техникалық, азық-түліктік дақылдарды өсіру және мамандандыру;

− капиталды шоғырландыру жолымен интенсивті агротехнологияны ендіріп, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану арқылы өнімді арттыру;

− тамшылатып суару, қоректендіру, биотехнология мен жаңа технологияны ендіруге арқылы өнімді бағдарламалауға, инновациялық жетістіктерді қолдануға мүмкіндік туады;

− рыноктық қатынастар жағдайында жоғары сұранысқа ие болып, бәсекелестікке қабілетті тауар өндіру әлеуетін жоғарылатады;

Біздің есептеулеріміз бойынша Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерлердің  1 га алынатын өнімінің орташа табыстылығы салыстырмалы түрде жоғары: суармалы жерлерде -142,5 мың тенге, шартты - суармалы 31,4 мың тенге, тәлімі  - 22,6 мың тенге,таулы аймақтағы жайылым – 1,4 мың тенге.  Суармалы жерлердің табыстылығы тәлімі жерлермен салыстырғанда 6,3 есе артық.

Ғылыми сараптаулар нәтижесі: 1991-2008ж.ж. экстенсивтік, ал 1966-1990жж. интенсивтік түрде дамыған. Ең жоғары өнім 1976-1980 және 1981-1985 жылдары алынған, бұл көрсеткіш тиісінше 26,6 және 24,7 ц/га тең. 2004-2008 жылдары алынған орташа өнім 21,5 ц/га, 2008 жылы – 18,2 ц/га тең. Бұл көрсеткіштер мақта кешенінің өнімділігін және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үшін рыноктық қатынастарға бейімді шаруашылық-экономикалық механизмдерді түбегейлі қайта қалыптастыру және дамыту қажеттілігін айқындады.

ОҚО мақта кешенінің дамуы өңірлік индустриальды-инновациялық бағдарламаны дамытуда стратегиялық шикізат базасы ретінде маңызды ресурстық қор болып есептеледі. Алайда сонғы жылдары бұл саланың даму қарқыны ауылшаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда төмендеу тенденциясы байқалады. Төменде ОҚО статистика басқармасы ауыл (село) мониторингі мәліметтері бойынша әзірлеген (қолданыстағы баға) динамикасы келтірілген(сурет1) Сурет 1 − ОҚО ауыл шаруашылығында (2003-2008 ж.ж.) жалпы өнім, өсімдік өсіру, мал шаруашылығы және шитті мақта өндірісі құнының  динамикасы.

Динамиканы таладау барысында 2004-2008 жылдары шитті мақта құнының орташа көрсеткіші 24,5 млрд теңге болғанын, мақта өнімінің құнының төмендеу тенденциясы байқалады, 2008 жылы 2004 жылмен салыстырғанда жалпы өнім құнының 10,5 млрд. теңгеден (35,9%) 5,9 млрд. тенгеге (23,5%) төмендегенін байқаймыз. Ал ( суретт 2) ОҚО статистика басқармасы ауыл (село) дамуының мониторингі нәтижесінде шитті мақтаның және талшыктың жалпы өнімдері келтірілген

Сурет 2 − ОҚО( 2001-2008 ж.ж.) шитті мақтаның және талшықтың жалпы өнімі

 

Келтірілген мәлметтерді талдау 2004-2008 жылдары шитті мақтаның және мақта талшығының жалпы өнімдерінің, ең жоғарғы көрсеткіштері 2004,2005 жылдары, 2008 жылы күрт төмендеуі байқалады (шитті мақта – 317,5 мың, талшық – 106,8 мың тонна).

Біздін пікрімізше мақта кешенінде рыноктық қатынастарды қалыптастыру мен дамыту, шаруашылық субьектілерінің рыноктық қатнастарға бейімділігін арттыру да үшін төмендегі міндеттер толық атқарылуы тиіс.

− сатып алушылардың қажеттіліктерін қамтамсыз ететін жоғары сапалы өнімдермен қамту, ішкі рынокты дамыту арқылы импорт алмастыру көлемін арттыру;

− мақта өнімдерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үшін кешенді кажетті ресурстармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіріп, әділ бағаны қалыптастыру,халықтың төлем қабілетіне сай сұранысын қамтамасыз ету;

− мақта кешенінде өндірістің тиімділігін және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру міндеті ресурстарды үнемді жұмсау талаптарын қамтамасіз ететін факторларды  айқындау: өндіріс шығындарын азайту, өнімнің сапасын жақсарту, пайдалылық денгейін жоғарылату, т.б.

− ақпараттық қызмет,байланыс және консальтинг,ғылыми зерттеу мен инновация, селекция және тұқымшылық талаптарын орындау,

− мақта өнімдерін жеткізіп беру мен өткізу қызметтерін жетілдіру;

− мақта өндірушілер мен өңдеушілердің арасындағы мүдделі өндірістік және экономикалық қатынастарды ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Мақта саласының бәсекелестікке қабілеттіліктігін арттырда үшін табиғи 
(жер, су), және атмосфералық ресурстары мен өндіріс құралдары өнімнің, яғни қосылған құн қалыптастырудың базистық ресурстарын тиімді пайдалануға ықпалы зор.

Базистық ресурстарға жер және ағын сумен қатар биологиялық өнімді арттыру және қалыптастыру факторлары ретінде ауаның тиімді температурасын, ылғалдығын және жарық мөлшерін есепке алу қажет.

Мысалы, өңірдегі биоклиматтың әлеуеті төмендегі формула бойынша анықталады:

 

                                    (2)

 

бұл жерде, БКП-j – аумақтағы биоклиматтың әлеуеті; Б – балл бонитет;

Крj  – топырақтың биологиялық өнімділік коэффициенті; Et0>10– биологиялық тиімді температураның жылдық жиынтығы (100 жоғары),  осындай температурада өсімдіктің организмінде фотосинтез үдерісі белсенді жүреді;

10000 – өсімдік өсірудің солтүстік шекарасындағы биологиялық тиімді жылдық температураның жиынтығы.

Мақта биомассасын қалыптастыру фотосинтездің тиімді радиациясына (ФТР) тікелей байланысты. Бұл көрсеткіш Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында – 60 ккал/см2, ал Түркістан, Арыс қалалары Отырар,Шардара, Ордабасы аудандарында – 55 ккал/см2 тең.

Суармалы жер ресурстарын бағалауда төмендегі әдістері қолданған тиімді: 1 га жердің орташа шығындарының қайтарым көрсеткішін есептелген кадастрлық құнарлық баллына көбейтіп,  жерді кешенді бағалап, одан алынатын тауардың рыноктағы орны мен экономикалық тиімділігін, өзіндік құны, ақшалай өлшемдерін есепке алады ұсынылады.

Аймақта су ресурстарын үнемді пайдалануға қажет суарудың жаңа – үнемді технологияларын ендіру механизмі жеткілікті зерттелмеген.

Ғалымдар мен  сала мамандарының зерттеулері мен пікірлеріне сайкес ең маңызды экономикалық механизм – ағын су ресурстарын үнемді және экологиялық зиянсыз пайдалануға ынталандырудың экономикалық механизмін ендіру.

Информация о работе Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса