Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:07, автореферат

Описание

Цель исследования – разработать теоретические и методологические основы повышения эффективности и конкурентоспособности хлопкового комплекса на юге Казахстана, обосновать их практической реализации в условиях рыночной экономики, разработки предложения и рекомендации по кардинальному изменению структуры производства, первичной и глубокой переработки.

Работа состоит из  1 файл

kurstik jumis.doc

— 909.50 Кб (Скачать документ)

Интенсивті технологияны және инновациялық қызметтерді кеңінен ендіру мақсатында алыс және жақын шет елдер: АҚШ, Израиль, Қытай және ТМД мемлекеттерінің  ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибесін мақта өндірісіне ендіру арналарын қалыптастыру тиімді. Әсіресе олардың ішінен тамшылатып суару қызықтырады.

Тамшылатып суаруға негізделген агротехнология Ордабасы ауданы «Қараспан» шаруа қожалығында 60 га жерде биыл өндірістік тәжірибе ретінде қолданысқа ендірілді. Өндірістік-экономикалық көрсеткіштері жай технологиямен салыстырғанда еселеп артқан, яғни 1 га  өнімділік 50 ц құраған, ағын су үнемдеу 4-5 есеге қысқарған, таза табыс, пайдалылық денгейі 2,6-3,7 есе артқан.

Мақтаны өсіру мен жинап алу техникалық дақылдардың ішінде көп қол еңбегін қажет етеді. Әсіресе, өнімді жинап алу үшін  көп шығын жұмсалады, оның мөлшері барлық шығындардың жартысынан артығын құрайды.

Шитті мақтаны мәшинемен жинаудың тиімділігін анықтаудың әдіснамалық ерекшеліктері бар: есептеулер мәшинемен жиналған алқап алаңымен емес, жиналған өнім мөлшерімен бағаланғаны дұрыс. Оның себебі мәшинемен жинау мақта алқабында екі рет жүргізіледі. Әрбір жинау шығындары бірдей болады, ал жиналған өнім мөлшері әртүрлі.

«Кетебай» ӨК, «Хает» ШҚ негізінде бухгалтерлік балансы және салық декларациясын есептегенімізде 1 мәшине 100-120 жұмысшыға балама болып,  тиімді  жүктемесі 56-76 тоннаны құраған ( кесте 4).

 

Кесте 4 − 2004-2008 ж.ж. Шитті мақтаны мәшинемен жинаудың экономикалық тиімділігі

 

 

Көрсеткіштер, агроқұрылым

дар

Орташа

өнім,

ц/га

Соның ішінде мәшинемен терілген өнім, ц/га

Мәшине терімнің үлесі,

%

Бір мәшинеге

маусым-

дық

жүктеме, тонна

1 тонна шитті-мақтаға

еңбек және қаржы шығын, теңге 

еңбек шығыны, адам/сағат

қол терім

мәш-ине терім

қол терім

мәш-ине терім

«Кетебай» ӨК

23,0

10,8

47,0

56,0

9600

6760

              190

34

«Хает» ШҚҚ

26,1

12,6

48,2

76,0

9000

6180

196

26

 

Жоғарыдағы 4 - кестеде көрсетілгендей, мәшинемен жинау ұйымдастырылған алқаптарда қол терімімен салыстырғанда өндірістік шығындар екі, еңбек шығыны 5-7 есеге қысқарған. Агроқұрылымдарды ірілендіру, жаңа техника мен технологияны ендіру, өңір бойынша дефолиацияны өсімдіктің биологиялық пісіп жетілуі, ауа райының жағдайларына қарап өткізу, мәшине терімін және тасымалдауды ағымды әдіспен ұйымдастыру, шитті мақтаның мәшинемен жинау үлесін және сапасын жоғарылатады. Оның тиімділігін кесте 5- те көруге болады,                                                     

 

 

Кесте 5 − «Кетебай» ӨК мақта өсіру мен  жинауда интенсивті агротехнология мен инновациялық қызметтерді  ендіруі және оның тиімділігі

 

Интенсивті  технологиялар негізінде атқарылатын операциялар

Жыл

Орташа

үнемделген ресурстар, мың тенге

2005

2006

2007

Екі ярусты соқамен сүдігерлеу, га

916,0

900,0

880,0

1030,0

Жерді микротегістеу, га

216,0

228,0

241,0

176,0

Мақтаны  кең жүйекті  схемада егу, га

916,0

900,0

880,0

245,0

Шитті дәлдікпен ұялап себу, га

916,0

900,0

880,0

346,0

Шит себумен бір кезде тыңайтқыштар беру, га

280,0

314,0

327,0

209,0

Зиянкестермен биологиялық әдіспен күресу, га

390,0

428,5

458

248,0

Механикалық шырпу, га

421

486

537

196,0

Мәшинемен жинау үлесі, %

51,0

58,6

55,2

400,0

Барлығы:

Х

х

х

2690,0

 

Кестедегі көрсеткіштер «Кетебай» ӨК-нің әрбір гектардан орташа   3000 теңге шығындар үнемделгенін көрсетеді,  мақтаның 1 тоннасының  өзіндік құнын 1363,6 тенгеге  немесе 3,4% арзандатқан. Кешен бойынша есептеулер 600 млн. шығындарды қысқартып, пайдаға айналдыруға  болатындығын дәлелденген.

Мақта кешенінің өнімділігін арттыруда органикалық және минералды тыңайтқыштарды ғылыми-негізделген арақатынастарда топыраққа енгізу де жоғары тиімділікке қол жеткізеді.

Мақта шаруашылығы  ҒЗИ-да (Атакент қ.) өткізілген ғылыми зерттеулерде минералды және жергілікті органикалық тыңайтқыштарды әрбір гектарға азот -182 кг, фосфор-65 кг, көң 20 тонна ара қатынаста ендіру ең жоғарғы тиімділік берген, әр гектардан таза пайда түсімі 16,4 мың тенге болған.

2007-2008 жылдары «Ауылшаруашылық мәшинелер сервисі орталығы» ӨК-де өткізілген тәжірибелердің нәтижелерін автор ұсынған. Мұнда жаңа техника мен технологиялар жоғарғы тиімділігін көрсетті. Қазіргі кезде өңірде пайданалатың Т-4А маркалы тракторы және тіркеме ауылшаруашылығы мәшинелері мен жаңа 7810, «Джон-Дир» фирмасының тракторы, тіркеме агрегаттарының шығындарын салыстырғанда төмендегідей тұжырымдар жасалған (кесте 6).

Екі түрлі агрегаттың  шығындарын  салыстыру:  796,8 мың теңге қаржы  шығыны  жаңа  техниканы  пайдаланудан  үнемделген. Сондай-ақ 665,8 гектардағы көптеген  дала жұмыстарының   шығыны  қысқартылып, 1312,9 мың теңге үнемделген  немесе әрбір  гектарға жұмсалатын  өндірістік шығындар  мөлшері  1971,9 теңгеге  қысқартылған, барлық 1 га үнемделген ресурс тар 3212,7 теңгені құраған.

 

 

Кесте 6 − Т–4А мен «Джон-Дир», 7810 тракторларының өндірістегі тиімділігін салыстыру

 

Көрсеткіш

Жер жарту

1 га ресурстарды үнемдеу,

мың тенге

Т-4А

«Джон-Дир»

7810

1 га жерді 35-40 см тереңдікке жыртудың бағасы, соның ішінде ҚҚС-15% және несиені қайтару үшін 600 теңге, тенге 

4729-66

2473

2256,66

Қозғаушының қуаты, ат күші 

110

150

-

1 га дизель отының шығыны, литр

55

30

650,0

1 га жағар май шығыны,кг

2

1

86,0

Соқаның корпус саны, дана

2

4

-

Жұмыстағы қозғалыс жылдамдығы, км/сағат

4,0

8,0-10,0

-

1 сағат пайдалану уақытындағы іс өнімі,га/ сағат

0,3

1,8

-

Тракторшының еңбек ақысы,тенге

300

80

220,0

Барлығы

х

Х

3212,66

 

«Джон-Дир» фирмасының 7810 моделіндегі трактордың  995 моделіндегі соқасымен бірге  қайтарымын анықтаудың есептеулері 5 жылда өзін-өзі толық ақтайтындығы анықталған.

 

4 Мақта кешенінде маркетинг, бастапқы және терең өңдеуді ұйымдастыру

Мақта кешенінде мақта және оның өнімдері рыногы маркетингтік зерттеулерді толықтыруды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда  мақта рыногының жағдайын бағалау, яғни мақтаның және оның өнімдеріне  сұранысты  анықтау. Анықталған сұранысқа  және сапаға сәйкес өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін жоғарылату үшін қажет. Басты шарт рынокты зерттеу жолымен өз тұтынушысын табу, сыйымдылығын анықтау, сондай-ақ өндірілген өнімдерді бәсекелес өнімдерімен салыстыру арқылы артықшылықтарын қалыптастырып, оны игеру іс-шараларын жүзеге асыру.

Мақта  рыногы негізгі төрт сегментте  орын алған:

− жеңіл өнеркәсіп: жергілікті кластерлер жүйесіндегі жіп иіру, тоқыма және тігін фабрикалары;

− тамақ өнеркәсібі: мақта майын өндіруші кәсіпорындар;

− ауылшаруашылық саласы: тұқымдық шит;

− сыртқы сауда; талшық, мақта жібі және матасы, дайын киім - кешек, бұйымдар экспорты.

Мақта кешенінде сұраныс көлемін толық анықтау үшін мақтадан тоқылатын, тігілетін тауарларға, яғни маталарға, киім-кешекке, бұйымдарға сұранысты анықтау қажет.

Жалпы тоқыма өнеркәсібі үш секторға бөлінеді:

− талшық өндірісі;

− тоқыма өнімдерінің фабрикалық өндірісі;

− матадан дайын тауарлар әзірлеу.

Алдыңғы екі түрінің тұтыну сұранысы дайын бұйымға сұраныспен анықталса, мақтаға сұраныстың жартысынан артығы халықтың өсіміне, соның ішінде жасөспірімдердің санына тікелей байланысты деп тұжырымдауға  болады.

Мақта өнімдерінің сұранысына әсер ететін тағы бір фактор- тұтынушылар талғамы. Мақта талшығы синтетикалық талшықтармен салыстырғанда тұтыну артықшылықтарына ие, сондықтан оның әлем рыногында өз орны ерекше.

Мақта өнімдерін тұтыну жалпы тоқыма өнімдерінің  негізгі бөлігі болғандықтан, басқа тоқыма өнімдерінде есепке алатын айнымалы көрсеткіш сүраныс көлемін төмендегі теңдеумен анықтауға болады:

 

       Log (МТ \ ХС)=С + в3 Log (ЖІӨ \ ХС)+в4Log(МБt – 1\ МЕТБИt – 1),    (6)              

 

бұл жерде: МТ – мақта тұтыну көлемі, кг; ХС – халықтың саны, адам; ЖІӨ - жалпы ішкі өнім, теңге; МБ – мақтаның бағасы, «А» индексі; МЕТБИ – мақта емес мата талшықтарының бағалар индексі.

Әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстар мақта өнімдеріне сұранысты едәуір төмендетті. Әлем экономистерінің зерттеулері көрсеткендей экономикалық дағдарыстан шығу мақта өнімдеріне сұранысты арттырып оның жалпы тұтыну көлемі 22,0-24,0 млн. тоннаға жетеді, мақта талшығының үлесі жалпы тұтыну көлемінің жартысынан артады деп болжауда.

Маркетингтік зерттеудің келесі маңызды құрамы - тауардың техникалық бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау. Ол тауардың техникалық сипаттамаларын салыстыру арқылы анықталады, өндірісте-өңдеудегі іс-қимылдар осы сипаттамалардың бәсекелес көрсеткіштерін жоғарылатуға бағытталған. Ол үшін талшықтың үлгі сипаттамаларын салыстыру және сараптау жолымен анықталғаны тиімді.

Өндіріс-өткізу үдерісінде сапаны жоғарылату стратегиясын жүзеге асыруда және сұранысты анықтауда осы мәселелер оңтайлы шешіледі, нәтижеде жаңа технологиялар мен тауарлар өндірісі, сондай-ақ жаңа сәннің даму стратегиясы айқындалады.

Мақта кешені болашақта үш түрлі жағдайға сәйкес дамуы қажет:

− мақта өнімдерімен республика халқының қажеттілігін қанағаттаныру;

− халық қажеттілігін қанағаттандыру және экспортқа шығару;

− халық және тоқыма өнеркәсібі қажеттіліктерін қанағаттандыру, экспортқа мақта талшығын, тоқыма, тігіс бұйымдарын шығару.

Жоғарыдағы проблемалар бойынша оңтайлы болжау жасау үшін бірінші кезекте ішкі рынок қажеттілігін анықтау қажет, сонымен қатар әлем рыногындағы қатынастар мониторингінде есепке алған жөн.

Әлемдік орташа көрсеткішті қолданып автор Қазақстан Республикасының ішкі рыногының мақта талшығына сұраныс көлемінің төмендегідей болжамы мен есептеулерін әзірледі ( сурет 4).

 

  Сурет 4 – Мақта өнімдерінің ішкі рыногының сыйымдылығы және экспорт көлемі

 

 

Орта мерзімді (2005-2010ж.ж.) болжауда жан басына  тұтыну мөлшері – 3,62 кг, ұзақ мерзімді болжауда (2011-2020ж.ж.) тұтыну мөлшерін -5,0кгдейін жоғарылату көзделген. Бірінші кезеңде, яғни орта мерзімде тұтыну сыйымдылығы 54,3-57,6 мың тоннаны, ал екінші кезенде ұзақ мерзімді болжауда 84,4-86,9мың тоннаға тең. Бұл көрсеткіштер  жалпы талшық  өндірістің  тиісінше 50,9 және 58,1% құрайды. Өңірде мақта талшығының бір жылдық орташа өндірісі 144-148 мың тоннаға тең болғанда, бұл өнімнің экспорттық  әлеуеті бірінші жағдайда 79-74,4 мың, екінші жағдайда 59,6-61,1 мың тоннаға тең болады.

Бұл өнімді сыртқы саудаға терең өңделген мақта иірім жібі, мақта матасы және киім-кешек, дайын тауар түрінде шығару кешеннің экономикалық тиімділігін 2-7,9 есеге арттырады.

Сурет 5 − Мақта  өнімдерін  ұсынылған технологияға сәйкес ұқсатудын байланыстары

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 - суретте автор мақтаны ұсынылған технологияға сәйкес ұқсатулардың байланыстарын келтірген. Мүндай ұқстату мақта кешенінде шитті мақтаны бастапқы өңдеу кәсіпорындарының өңдеуінен соң алынатын туынды өнімдерінің шығым мөлшерінің деңгейі оның қаржы-шаруашылық жағдайына тікелей ықпалын айқындай алады. Әсіресе талшықтың, шиттің шығымының артуы табысқа  және тиімділігіне тікелей пропорционалды. Эталон ретінде «Мақта» ЖШС-тің 2004-2008 ж.ж. (сурет 6) өңдеуден соң алынған өнімдерінің тепе-теңдігі.

Информация о работе Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса