Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:07, автореферат

Описание

Цель исследования – разработать теоретические и методологические основы повышения эффективности и конкурентоспособности хлопкового комплекса на юге Казахстана, обосновать их практической реализации в условиях рыночной экономики, разработки предложения и рекомендации по кардинальному изменению структуры производства, первичной и глубокой переработки.

Работа состоит из  1 файл

kurstik jumis.doc

— 909.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 6 − «Мақта» ЖШС-де шитті – мақтадан алынатын туынды

өнімдер тепе-теңдігі

 

Шитті мақтаны өңдеуден соң туынды  өнімдер шығымдары  мөлшерлері: басты өнім - талшықтың шығымы 34,0-36,0%,  шит – 56-60%, линт – 4,0%,  құнсыз қалдық 3,0%, жаңа иновациялық технологияны өндіру жолымен  талшықтың шығымын 36,0%, шиттің шығымын 58-60% жеткізу мүмкіндігі бар.

Мақтаның сапасын арттыру және өнімнің шығым көрсеткіштерін жоғарылату екі аяқталған өндірістік циклдерден тұрады.

− мақта өсіру, жинау және жеткізіп беру;

− шитті-мақтаны  қабылдау және бастапқы өңдеу.

Мақтаның жоғары сапалы өнім беретін селекциялық сұрыптарын өңірдің табиғатына, жердің топырағына бейімдеп аудандастыру, өсіру және жинау агротехнологиялық жүйелерді қатаң сақтау жолымен іске асырылады.

Шитті мақтаны қабылдау – дайындау, сақтау, кептіру-тазалау, джиндеу, сығымдау, орау, маркировка жасау және дайын өнімді сақтау технологияларын жүйелі түрде жаңарту және жетілдіру өнімнің бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың басты жолы.

Шитті мақтаны бастапқы өңдеуге жаңа технологияны және техниканы ендіру мақта өнімдерінің бәсекелестікке қабілеттілігін және шығымдарын арттырады. Технологиялық жоғалтуларды қысқарту, өнімдердің сапалық құрамын жақсарту есебінен 1 тонна шитті мақтадан алынған өнімдерді сатудан қосымша табыс  2440 теңгені құрайды немесе 4,0% артады (кесте 7).

 

Кесте 7 − 1 тонна шитті   мақтаны жаңа технология бойынша өңдеудің тиімділігі

 

 

Өнімдердің  атаулары

Жаңа жоба

Қалыптасқан  технология

Жаңа жоба мен қалыптасқан технологияны салыстырғанда табыс ауытқуы, (+,-)

шығымы,

%

табыс,

теңге

шығымы,%

табыс,

теңге

Талшық

36,0

48600

33,3

44955

+3645

Шит

56,0

8400

54,1

8115

+285

Линт

3,0

900

4,5

1350

-450

Улюк

0,7

210

3,3

990

-780

Мамық

-

-

1,3

260

-260

құнсыз қалдықтар

(күйінді)

4,3

-

3,5

-

-

Барлығы

100,0

58110

100,0

55670

+2440

 

Мақта өндірушілерді экономикалық қызықтыру мақсатында  бастапқы өңдеуші  кәсіпорындарды бірнеше жылдар қатарынан агробизнесте өзара  қарым-қатынас жасап жүрген агроқұрылымдарды экономикалық қызықтыру құрал-тәсілдерін қолдану тиімді. Осы орайда төмендегілерді ұсынымыз:

а)егер тауар өндіруші  агроқұрылымдар 3-5 жыл  кәсіпкерлікте  сенімді әріптес ретінде қарым-қатынаста болып,  шитті-мақтаны жеткізіп беруде келісім-шарт  бойынша міндеттерін орындаған  жағдайда өңдеу қызметінің төлемақысын агроқұрылымға 10-%, тиісінше 3 жылдан  артық болса  20%  жеңілдік  берілуі керек. Осындай жолмен шикізатты  тұрлаулы өндіруші кәсіпкерлік  әріптестер  қатарын  көбейтеді;

б) шитті мақтадан алынатын өнімдердің шығымдарын  және  сапасын арттыру мақсатында 1-2 сұрыпты шитті мақтаның көлемі 75 %  артық болса, нормативтегі талшық  шығымының артық бөлігін өндіруші мен өңдеушінің арасында жартылай бөлінсе екіжақты қызығушылық болады. Мысалы, 1-2 сұрыптардың орташа шығым нормативі 34 % ал, мақта өңдеуші жоғары сапалы шитті- мақта жеткізіп беріп шығым мөлшері 36,0 % тең болса, өндірушілер мен өңдеушілер өзара келісім-шарт  негізінде өндірушіге табысты басымдық беріп бөлген жөн.

«Мақта шаруашылығын дамыту туралы» бағдарламада бастапқы өңдеу кәсіпорындарының технологиялық жабдықтарын (джиндерін) қайта қалпына келтіру мақсатында өз  қаржысын бағыттаған  кәсіпорындарға біршама   салық жеңілдіктерін беру өңдеу саласының бәсекелестікке қабілеттілігін арттырады  және тоқыма кластерінің тиянақты негізін  құрайды. 

Біздің пайымдауымыз бойынша, мақта- тоқыма кластері бұл бір шикізатқа - шитті мақтаға  негізделген өнім  трансформация (терең өңдеу, дайын бұйым өндірісі және сату) үдерісінің  тізбегіндегі өзара экономикалық байланысты, бір өңірде шоғырланған кәсіпорындар тобы (сурет 7).

Шитті мақта  ресурстарын экономикада дұрыс пайдалану, терең өңдеуді-кластерлерді ұйымдастыру ішкі рынокты қалыптастыру және бәсекелестікке қабілеттілікті жоғарылатудың басты құралы. Бұл саланы дамыту, оның нәтижелері мемлекеттің жалпы экономикасының қозғаушы күшіне айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 7 – Мақта кластерін ұйымдастырудың негізгі принциптері

Республикамыздағы тоқыма және тігін өнеркәсібі ішкі рыноктың тек 10% қамтамасыз етеді, бұл көрсеткіш мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көрсеткіштен әлдеқайда төмен.                                                                     

Сондықтан тоқыма, жіп иіру және сұрып мата тоқу  өнеркәсібіне талдау жасағанда негізгі тоқыма өнеркәсіп фабрикаларын Оңтүстік Қазақстан облысында, яғни шикізатқа жақын жерде орналастырған экономикалық тұрғыдан тиімді. Ол үшін  облыста кластер ұйымдастыру үшін негізгі өндірістік факторлар, өндірістік кәсіпорындар, қосалқы және қолдаушы салалар, жеңіл өнеркәсіп ассосациялары, білім беру орындары жеткілікті.

Өңірде «Оңтүстік» әлеуметтік  кәсіпкерлік  корпорациясы  және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы ұйымдастырылып,  мақтаны терең өңдейтін 15 кәсіпорнындарды іске қосу жоспарланған, соның төртеуі: Меланж, Ютекс, Қазақ-Орыс альянсы, Ақжіп кластерлер жүйесін қалыптастырып өндіріс ұйымдастырған.

Мақта кластерін ұйымдастыру, оны іс жүзінде орындау экономиканы диверсификациялайды, яғни шикізаттық тәуелділікті біршама жұмсартады. Сонымен қатар аумақта құнды өнімдер шығаратын өндірістер тізбегі ұйымдастырылады. Жаңа жұмыс орындары ашылады, бюджетке қаржы түсімі өседі. Кластер ұйымдастырылған өңірде құрылыс, транспорт, энергия көздері, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымдар дамиды.

Облыс экономикасы мақта талшығын терең өңдеу, дайын тұтыну өнімін алу жолымен еселенеді. Мысалы, 330 тонна шитті мақтадан 100 тонна талшық алынады, оның бағасы 120 мың АҚШ доллары, 100 тонна мақта талшығынан 90 тонна кард жібі алынады, оның бағасы 211 мың АҚШ долларына тең, 1 тоннасының бағасы 2344 АҚШ долларына тең, 90 тонна кард жібінен 600 мың шаршы метр мата тоқылады (1 погон метрі өлшемдері 1х1,4), оның бағасы 6340 мың АҚШ доллары болады, тоннасының бағасы 6340 АҚШ доллары, 1 шаршы метр 150 грамм кард жібі, 600 мың шаршы метр матадан 170 мың дана тігін бұйымдары дайындалады, оның бағасы 952 мың АҚШ доллары, 1 тоннасының бағасы-9520 АҚШ доллары, қосылған құн коэффициенті-7,93; 1 тігін бұйымына шығын болатын мата – 3,50 шаршы метр, салмағы – 530 грамм. 1 тігін бұйымның құны – 5,60 АҚШ доллары немесе 672 теңге.

Мақта шикізатын  өндіруден  оны дайын  тауарға дейін терең өңдеу өндірісі бюджеттің кірісін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашады және халықтың орташа нақты табысын көтереді.

Біздің зерттеулеріміз бойынша мақта- тоқыма  кластеріндегі, яғни терең өңдеу  кәсіпорындарындағы жаңа  жұмыс орындары үш бағытта ашылады. Негізгі кластер бойынша –2200-2500, қосалқы кластер бойынша –350-400. инфрақұрылымдар бойынша –250-300 орын.

 

5 Өңірлік мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың жолдары

Бәсекелестікке қабілеттілікті және өміршеңдікті арттыруда, шетел мақта рыногында бірқатар артықшылықтар қалыптасқан. Соларды пайдалану мүмкіншіліктерін қарастырамыз. Соның ішінде маңыздысы - АҚШ-та мақта өсіруді дамытуды мемлекеттік реттеудің механизмдері.Бұлар негізінен табысты арттыруға, сонымен қатар баға деңгейі мен өндірістің көлемін бақылауға алуға бағытталған.Бұл механизмдерге бағаны қолдау,  егістік жердің базалық көлемін белгілеу және оны оңтайландыру қолданылады.

Жоғарыда айтылғандарды есепке ала келе, біздің елде мақта өсірудің бәсекелестікке қабілеттілігін және оның экономикалық тиімділігін арттырудың іс жүзінде екі деңгейде орындалуын ұсынамыз.

Біріншісі:

− агроқұрылымдардың бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылату мақсатында және өндірістік қызметінің  пайдалылық деңгейін арттыру үшін олардың параметрлерін экономикалық  негіздеу маңызды мәселе. Олардың орта және ірі тауарлы мөлшерлері және өзара үйлесімді арақатынасын анықталып, Үкімет ірі агроқұрылымдарға басымдық береді, бәсекелестерден рынокты қорғау заңнамалық базасын нығайтады;

− ауыспалы егіс жүйесін, ғылыми – техникалық жетістіктерді және жаңа агротехнологияны, иригация-мелиорация жетістіктерін  ендіру арқылы топырақтың құнарлылығын арттыру, өнімнің өзіндік құнын арзандату, еңбек өнімділігін жоғарылатуға қол жеткізіледі;

− қозаны баптауда  және шитті мақтаны жинау, сақтау және бастапқы өңдеуде техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені қолдану жолымен сапаны басқаруды жоғарылатады және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіріледі;

− қалыптасқан өзара экономикалық қарым-қатынас  жүйесінде өндіруші агроқұрылымдар мен бастапқы өңдеуші кәсіпорындар шитті мақтаны дайындау, сатып алу, қайта өңдеу, сақтау үдерісінде біржақтылық, үйлесімсіздікке жол берместен, обьективтік бағалауды қалыптастырады;

− мақта – тоқыма кластерінің даму бағдарламасын үйлестіре отырып ішкі және сыртқы рыноктарда мақта жібі,  мата және дайын киім – кешек  рыногын тұрақтандырып кеңейтеді. Нәтижеде бастапқы мақта өңдеу кәсіпорындарының қызығушылықтары артады;

− агробизнесті мемлекеттік деңгейде реттеуді жетілдіре түсу мақсатында:өндірістік факторлар рыногын реттеу, материалдық ресурстарды жеткізіп беру жеңілдіктерін қолдану, (минералды тыңатқыштар, жанар-жағармай, зиянкестермен күрес үшін химиялық препараттар мен биоматериалдар) биологиялық зертханалар, ирригация-мелиорация жүйелерін дамыту мақсатында тартымды несие бөлінгені жөн;

− мақта өнімдерін экспортқа шығарушыларға бірқатар жеңілдіктер жасау қажет: теміржол тасымалы, кеден тарифтері, салықтар т.с.с бойынша;

− мақта шикізаты, талшығының  және басқа өнімдерінің сапасын бағалауда халықаралық стандарттау және сертификаттау жүйесіне өту;

− мақта өсіруде және сатуда дүниежүзінде қолданылып жүрген  «талшық» жүйесіндегі есептілікке өту.

Екіншісі:

              Агроқұрылымдарда өнімнің бәсекелестікке  қабілеттілігін арттырудың төмендегідей негізгі жолдарын тиімді жүзеге асыру қажет:

− суармалы жер өнімділігін  жоғарылату арқылы жалпы өнімді арттыру;

− еңбек шығынын, соның ішінде қол еңбегін азайту;

− өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы табысты арттыру;

− мақта кешенінде қазіргі заманғы маркетинг және ақпарат жүйесін қалыптастыру;

− еңбек өнімділігін арттыру, бұл көрсеткішті индустриалды мемлекеттер деңгейіне жеткізу.

Осы жолдармен тауар өндірушілер өндірістік факторлардың - жер, еңбек және капиталдың әрбір   бірлігінен пайда түсімін  арттырып, кәсіпкерлікті ұдайы дамыту әлеуетіне ие болады.

Қазақстанның Оңтүстігіндегі табиғи артықшылықтар әлеуетін соның ішінде жер, су және ауа-райы ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану, мақта кешенін мақта-тоқыма кластерін қалыптастырудың базалық құрамы ретінде қарастыру, бәсекелестікке қабілеттілігінің басымдық берілетін бағыттары төмендегі 8 - кестеде келтірілген.

 

Кесте 8 – Мақта кешенін бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру бағыттары

 

Мақта кешенінің бәсекелістікке қабілеттілігін арттыру жолдары

Күтілетін нәтижелер

1

2

Өнімнің сапасын арттыру

 

 

 

 

Суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін инвестиция салу

1. Өнімнің сапасын басқару менеджментін еңгізу

2. Өнімнің өтімділігін жақсарту

3. Сұранысты арттыру

4. Өткізу бағасын көтеру

5. Халықаралық сертификат алу

1. Жердің құнарлығын жоғарылатады, сорланудан сақтандырады, өнімділігін 5-8 ц арттырады

2. Ирригациялық және мелиоративтік қорлардың тиімділігін арттыру

3. Ағын суды пайдалану әсері коэффициентін 8-10%  арттырады

4. Ағын судың үнемді технологиясы ендіріледі

Агроқұрылымдарды ірілендіру

1. Жер пайдалану коэффициентін 15-18% арттырады

2. Ғылыми негізделген жердің құнарлылығын асыратын ауыспалы егіс жүйесі ендіріледі, егістік құрылымында әртараптандыру жүзеге асырылады

3. Өңдеу шағын және орта кәсіпорындарын ұйымдастыруға болады

4. Қосалқы малшаруашылығы, азық-түлік салалары даму табады

5. Өнімді өткізу және маркетинг жүйесін жетілдіруге болады

Интенсивті агротехнологияны қолдану

1. Ірі мақта алқаптарында озық индустриалды технологияны және қазіргі заманғы өнімділігі жоғары техника мен жабдықтарды пайдалану

2. Еңбек өнімділігі және өндірістің пайдалылық деңгейін арттыру арқылы салада бәсекелістікке қабілетті мақта кешені қалыптасады

3. Ағын суды, минералды тыңайтқыштарды пайдалану және зиянкестермен күрестің тиімділігі артады

4. Шитті мақтаның өнімділігі артады, сапасы жоғарылайды және өзіндік құны арзандайды

 

 

8− ші кестенің жалғасы

1

2

Агроқұрылымдарды басқаруды жетілдіру және соңғы нәтижеге қызықтыру

 

 

 

 

 

Жаңа селекциялық сұрыптарды ендіру және аудандастыру

 

 

 

Бастапқы өңдеудің жаңа технологиясын ендіру

1. Жекеменшік құрылымдарды мемлекеттік ауылшаруашылық органдардың басқаруынан туындайтын қарама қайшылықты жойып соңғы нәтижеге қызығушылықты күшейту

2. Мемлекеттік реттеу жолымен материалдық ресурстарға жеңілдіктерді, субсидиялардың шаруа қожалығының еркіне немесе есеп шотына түсуін қадағалау

3. Агроқұрылымдардың стратегиялық даму бағдарламасын, консалтинг және ақпараттық жұйелерін ұйымдастыру, тиімді пайдалану

1. Жоғры өнімді, зиянкестер мен ауруларға, ағын су тапшылығына шыдамды селекциялық сұрыптар шығару

2. Туынды өнімдерінің шығымы жоғары: талшық – 40%, май – 28-30% және тоқыма-штапельдік сапалы көрсеткіштері жоғары сұрыптарды аудандастыру

1. Талшықтың және басқа туынды өнімдердің шығымын және сапасын жоғарылату

2.   Өндірістің өнімділігін арттыру

3.   Кәсіпорынның қуатын пайдалануды жоғарылату

4. Тауар өндірушілер мен өндеу кәсіп орындарының экономикалық қызығушылығын арттыру.

Терең өңдеу технологиясын (кластерді) ендіру және ішкі рынокты ұйымдастыру

1. Қосылған құн мөлшерін 7,9 есе арттырады

2. Халық тұтыну тауарлар өндірісі артып, импорт алмастыру

3. Мақта өнімдерінің ішкі рыногы ұйымдастырылады

4. Шитті-мақта өндірісінің артуына оңтайлы ықпалы

5. Экспорт  әлеуеті артады

6. Қосымша жұмыс орындары ашылады

7. Инфрақұрылым дамиды

8. Ұзақ аймақтарға тасымалдау шығындары кемиді

Информация о работе Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса