Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:07, автореферат

Описание

Цель исследования – разработать теоретические и методологические основы повышения эффективности и конкурентоспособности хлопкового комплекса на юге Казахстана, обосновать их практической реализации в условиях рыночной экономики, разработки предложения и рекомендации по кардинальному изменению структуры производства, первичной и глубокой переработки.

Работа состоит из  1 файл

kurstik jumis.doc

— 909.50 Кб (Скачать документ)

Біздің зертеулердің нәтижелері көрсеткендей, өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қарым-қатынасын есепке алып, ағын суды жеткізіп берудің өзіндік құнымен және су шаруашылығының рентабельділігімен қатар төлемдік салық мөлшерін де есепке алған тиімді. Осы тұрғыдан қарастырғанда ағын судың төлем тарифін төмендегі формуламен анықтауды ұсынамыз:

 

                                                 Бс = Өі* Кп*Кс*Сс,                                                                        (3)

бұл жерде,              Бс – ағын судың бағасы, тиын/тм; Өі – ағын судың өзіндік құны, тиын/тм; Кп – пайдалық норма коэффициенті; Кс – субсидия коэффициенті (0,4-0,8); Сс – пайдаланған суға төленген салық, теңге.

Біздің зерттеулерімізде 2004-2008 жылдары өңірде шитті мақта өнімі 1 га дан 2,02 тоннаны құраған, 1  тонна шитті мақтаға жұмсалған ағын судың шығыны 2715,9 текше метрге тең, яғни оның төлемақысы 483,3 теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш су жүйелерінің қазіргі кезде техникалық жағдайының төмендігін, су өлшегіш аспаптардың жоқтығын, бақылаудың, төлемақы негізінде басқару механизмінің, суды үнемді пайдаланудың экономикалық тұрғыдан қызығушылық тетіктерінің жетілмегендігін көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында әр жылда орташа 350-400,0 мың тонна шитті мақта өндірілетінін ескерсек, онда келтірілген есептеулер мақта шаруашылығында пайдаланылатын су ресурстарының экономикалық әлеуетінің 180-200 млн. теңгені құрайтынын, яғни әрбір гектар мақта алқабына 1125-1200 теңге жұмсалатынын көрсетеді.

Сонымен қатар мақта кешенінде еңбек ресурстары мен адам факторын бағалау және ерекшеліктерін талдау маңызды. Бірнеше күрделі агротехникалық операцияларды біржола орындайтын және жоғары өнімділікпен жұмыс атқаратын жұмысшылардың еңбек орындарын қалыптастырып, еңбек ресурстарының әлеуетін айқындайтын маңызды факторларға айналады.

2004-2008 жылдардағы статистикалық мәлімет бойынша Қазақстан республикасында ауылшаруашылығында жұмыс істейтіндердің орташа жылдық саны 2371,1 мың адам болып, жұмыспен қамтылғандардың 33,2% кұраса, ол көрсеткіш ОҚОда - 686,1 мың, 45,2% құраған. Жоғарыда келтірілген ерекшілік еңбек әлеуеті мен адам факторының өнімділік қабілетінің ғылыми-техникалық прогрестің даму денгейіне, нақты саланың жағдайына байланыстылығын айкындайды.

Бұл мәселені зерттеудің методологиясы мен әдістері бойынша ғалымдар әртүрлі тұжырымдар жасаған.

Адамды еңбекке ынталандыратын еңбек массасы ретінде бір жылға төленетін еңбекақыны және сыйақыға жұмсалған қаржыны қарастыруға болады. Еңбек ресурстарын бағалау төмендегі екі критерий бойынша жүзеге асырылады:

− өңірдегі өндірістің өнімділігін арттырудың мүмкіндігі;

− еңбек өнімділігінің нормативті деңгейін белгілеу.

Біздің пікіріміз бойынша бұл жерде еңбек ресурстарын өндірістік қорлармен өзара алмасытыру әдіснамасын қолданған тиімді. Себебі еңбекті қорлармен жарақтандырудың деңгейін арттыру арқылы еңбек өнімінің серпінді дамуы қамтамасыз етіледі.

Мақта кешенінде тиімділікті және бәсекелестікке қабілеттілікті жоғарылату жүйесі көпжақты,  өзара бір-бірімен байланысты жер, су және өзара алмастыруға жататын материалдық-техникалық, еңбекті пайдалану ресурстарынада тікелей қатысты. Өндірістің көлемі,өнімділігі, еңбек шығыны, сондай-ақ материалдық-заттық құралдардың 1 га егістікке жұмсалуға қажет өндірістің негізгі қорлармен қамтамасыз етілу денгейлерімен анықталады. Мақта саласында ресурстық әлеуеттің тиімділігі және бәсекелестікке ықпалдылығын арттыруда айналма қор массасының мөлшері өндірістік негізгі қор құнының 35% кем болмауы керек.

Суармалы жерлерде өнімнің қалыптасуы мен мақта өндірісінің бәсекелестікке ықпал жасайтын ресурстардың ағын судан кейінгі маңыздысы – минералдық тыңайтқыштар. Ол негізгі қорларымен бірге жоғарғы өнімге, адам еңбегін үнемдеуге әсер етеді.

Табиғи құнарлықтың әсерінен артықша қосылған өнім құрылымы төмендегідей: минералды тыңайтқыштар-50%, ағын су, агротехника деңгейі және егіншілік мәдениеті-50%;

Минералды тыңайтқыштардың экономикалық тиімділігін анықтау, олардың үлесіне  тиісіті өнім мөлшері төмендегі формуламен анықталады:

 

                                           ӨМ.Т.= (ӨК.Ф.-12)0,50,                                           (4)

 

мұнда, ӨМ.Т. – минералды тыңайтқыштар үлесімен алынған өнім, ц/га; ӨК.Ф. – жалпы өнім барлық кешенді факторлардың әсерінен,  ц/га; 12 – табиғи топырақ құнарының өнімі, ц/га; 0,50 – табиғи құнарлықтан артық алынған минералды тыңайтқыштарға тиісті өнімнің үлесі.

Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты зерттеулерінің нәтижелері көрсеткендей, сұр топырақты жердің табиғи құнарында базалық өнім 15,6 ц/га деңгейінде қабылданған. Бул жерде сорлану, агротехниканың деңгейлеріне және өндірістік жағдайларды есепке алып 0,75-0,80 түзету коэффицентін ендірген дұрыс.

Мақта кешенінде өнімділікті минералды қоректің әсерін жоғарылату үшін  жер ресурстарымен қатар басқа аграрлық ресурстардың бәсекелестікке ықпалы ағын суды ғылыми негізделген нормалармен бөлуге, жеткізіп беруге, яғни пайдалануғада тікелей байланысты.

Талдаулар нәтижелері көрсеткендей, аумақтағы ағын суды ұсақ, көпсанды тұтынушылар арасында тиімді бөлу күрделі болғандықтан жұмсалу мөлшері артуда. 2004-2008 жылдар «Оңтүстіксушарда» сумен қамтамасыз етілудің деңгейі және оның өндіріс тиімділігіне әсері кесте 1 келтірілген.

 

Кесте 1- 2004-2008 жылдар «Оңтүстіксушарда» сумен қамтамасыз етілудің деңгейі және оның өндіріс тиімділігіне әсері

Көрсеткіш

Агроқұрылымдар тобы, %

70 дейін

70,1-85,0 дейін

85,1-100,0

100,1-120,

Топтағы агроқұрылымдар саны

276

184

246

154

Мақтаның өнімі, ц/га

17

18,4

20,8

24,6

1 га суармалы жерге жалпы өнімнің түсімі, мың тенге

103,7

112,2

126,9

150,1

Осы көрсеткіш 1000 тм. бөлінген ағын суға, мың теңге

26,1

26,1

24,4

24,6

1 тонна шитті-мақтаға судың шығыны, тм.

2342,9

2331,1

2504,0

2990,9

Осы көрсеткіш 1 га мақта алқабына, тм.

3982,9

4289,3

5208,4

6127,5

 

Су шаруашылығы құрылғылар жүйесінің техникалық түрғыдан жетілмегендігі суды тиімді бөлуге, жеткізіп беруге, тиімді пайдалануға кері әсері етеді. Кешенде суармалы жерлердің 27-32% ағын су тапшылығынан өнімнің төмендеуі байқалады.

Су шаруашылығында ағын суға төлем жасау жүйесін жетілдіріп,   тұтынушы шаруа қожалықтарын суды үнемді пайдалану технологиясына  өтуге  ынталандыру, жоғалтуларға жол берму, экономикалық механизмдерін ендіру өнімділікті арттыруға және бәсекелестікке ықпалын күшейтеді.

Осы тұжырымдарды қорытындылау үшін өңірдегі мақта өсіретін агроқұрылымдардың материалдық ресурстарын өзара айырбастаудың корреляциялық-регрессивтік сипаттағы компьютерлік есептеулері жасалды.

Адам еңбегін,негізгі өндірістік қорлардың балама алмастыру нормасын аңықтау үшін төмендегі регрессивтік теңдеу пайдаланылды:

 

                                  У= 2,88 + 0,47х1 + 0,37 х2,                                                                      (5)

 

бұл жерде,               У – мақта саласында жалпы өнімнің құны (сатудан          алынған), теңге; Х1 – 1 га мақта алқабына еңбек шығыны, адам-сағат; Х2 – 1 га мақта алқабына келетін негізгі өндірістік қорлар, теңге.

Суармалы жерлердің біртұтас ажырамас ресурсы - ағын судың пайдалану тиімділігін арттырудың өткір проблемалары төмендегілер:

− жердің құнарлығын арттыру және тұзданудан сақтандыру;

− жер және суды пайдаланудың тиімді коэффициенттерін арттыру;

− осы проблемалардың тиімділігін бақылау және арттыру бойынша заңнамалық базаларды жетілдіру.

Мақта кешенінің негізгі өткір проблемаларының бірі – оның материалдық-техникалық базасының тозғандығы, оны жаңарту және жарақтандыру үшін агроқұрылымдардың қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі.

Сонымен қатар мақта өсіру технологиясының ескірген жүйемен сапасыз орындалуынан топырақ құнарлығын жоғалту, зиянкестер мен аурулардың көп таралуы,  өнімділіктің, сапаның төмендеуіне әкеліп соғады. Олардың нормативтік қызмет көрсету мерзімі 8-10 жыл бола тұра, 1 қаңтар 2009 жылғы жағдайда мақта шаруашылығындағы қолданыстағы  техниканың орташа пайдалану  мерзімі 14-15 жылға жеткен. Саладағы техниканың дайындық және сенімділік коэффиценттері 0,5-0,6 құрап, ал мәшине жабдықтар бірлігіне  жүктеме нормативтен 1,3-1,4 есе артық жұмсалған. Соңғы 5 жылда (2004-2008 ж.ж) жаңа техника сатып алу  саны, оның тозуына эквивалентті емес, себебі шаруа қожалықтарының қаржылық  жағдайы шектеулі.

Осы мәселелерді оңтайлы шешу жолы, мақта егілетін өңірлерде ұсақ тауар өндірушілер СТК бірлесіп «Агротехсервис орталықтарын» ұйымдастыруы, сондай- ақ лизинг жолымен жаңа техника, технологиямен  және материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет.

Жоғарыда аталған ресурстар: жер, су, техника мен технология және еңбекті өзара оңтайлы арақатынаста тиімді бөлу, пайдалану саланың  бәсекелестікке қабілетін арттырудың негізгі жолы.

 

3 Мақта кешенінің тиімділігін және  бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың басым бағыттары:

1)     суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын қалпына келтіру, құнарлығын арттыру және сорланудан сақтау;

2)     агроқұрылымдарды ірілендіру;

3)     интенсивті агротехнология мен инновациялық қызметтерді қолдану;

4)     өндірістік инфрақұрылымдардың материалдық - техникалық базасын нығайту.

Суармалы жерлерде ағын суды пайдалану және оның мелиоративтік жағдайы, жер асты минералды суларын бірқалыпты  режимде ұстап тұру бір- біріне байланысты.  Осы агромелиоративтік іс-шараның мақта саласын интенсивті жолмен дамытып, өнімділігін арттыруға ықпалы бар. Сызат сулардың деңгейін реттеу, су және мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайын жоғарылату, ағын суды үнемді пайдалану жаңа агротехнологияның тиімділігін арттырады. 

Бұл зерттеулердің ерекшелігі және құндылығы сол ауыл және су шаруашылықтары экономикасының тиімділігін бірлесіп арттырады.

Зерттеу барысында Мақтаарал ауданында кең көлемде жүргізілген жерді мелиоративтік қалпына келтіру мысалында жобаларды таңдау, инвестицияның қайтарымын және тиімділігін арттыру бойынша автор тың ұсыныстар ендірді. Мұнда инвестициядан алынатын пайдалар  екі жолмен түседі: өндірілген өнімнің көлемін арттыру немесе өзіндік құнын төмендету. Біздің жағдайда өндірілген өнімнің көлемін ұлғайту жолы көзделген.

Зерттеулер жүргізген өңірде 138,8 мың га суармалы жер бар, соның ішінде сорланған жердің көлемі 88,4 мың га, яғни 63,7%, соның ішінде орташа және күшті сорланғаны 39,4 мың га немесе 28,4 % тең. Орташа және күшті сорланған жерлердің экономикалық тиімділігі сорланбаған жермен салыстырғанда 25-40% төмен.

Аумақта су және мелиоративтік жүйелерді кешенді қалпына келтіру жобаланған, бұл шараларды жүзеге асыру бірнеше кезеңдерден тұрады. Алғашқысы -16408 га, екіншісі 39259 га, үшіншісі – 40000га.

Біздің мақсатымыз бірінші кезеңдегі 16408 га жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту жобасының мысалында өнімділікті және тиімділікті арттыру жолдарын қарастыру. Бұл алқапқа берілетін судың көлемі 137,9 млн. т/ метр , әр гектарға суару нормасы 6757 тм/га, жүйенің пайдалы коэффициенті -0,64, өңірдің сумен қамтамасыз етілу деңгейі-69%.

Жобамен қамтылған шаруашылықтардың ішкі жүйедегі каналдарының 174,4 км бетондау, 61 км бетон науа құру , 103 тік дренаж скважиналарын құру жобаланған. Неғізі мақсат - су жүйелерінің  пайдалы коэффициентін 0,64 тен 0,75-ке дейін, ал сумен   қамтамасыз етуді 69% дан  75% дейін жоғарылату.  Жоба нысаны бойынша, мелиоративтік жағдайды қалпына келтірудің нәтижесінде жалпы өнімнің өсімі және тиімділігі төменде келтірілген.

Информация о работе Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса