Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:07, автореферат
Цель исследования – разработать теоретические и методологические основы повышения эффективности и конкурентоспособности хлопкового комплекса на юге Казахстана, обосновать их практической реализации в условиях рыночной экономики, разработки предложения и рекомендации по кардинальному изменению структуры производства, первичной и глубокой переработки.
Жобаға дейінгі жағдайда Жоба орындалған жағдайда
(мың тонна) (мың тонна)
Негізгі өндіріс: шитті – мақта
41,5-тен 37,4-ке азайған 41,5-тен 125,1-ге артқан
5,8-ден 5,2-ге азайған
Жанұялардың таза пайдасы, мың АҚШ доллары
7151-ден 5759-ға төмендеген 4462-ден 14846-ға артады
Жобаны экономикалық тұрғыдан сараптау нәтижесінде жасалған тұжырымдар:
− көпжылдық зерттеулер және іс - тәжірибеде жасалған тұжырымдар бойынша 1 га егістікке келетін ирригациялық және мелиоративтік қорлардың мөлшерлері: бетон науалар немесе бетондалған ішкі суару жүйесінің оңтайлы мөлшерін 18-20, қашыртқылар-10-12, көлбеу дренаж-50-55 погон метрге тең, ал әрбір тік дренаж скважинаның әсерлі аумағы 90-120 га-дан аспауы керек
− жобада аграрлық сектордағы реформалар, жаңа агроқұрылымдардың егістік көлемі, өндірістік факторлардың рыноктағы жағдайы, агробизнесті ұйымдастырудың экономикалық және құқықтық негіздері есепке алуды қажет етеді;
− ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен жалпы өнім көрсеткіштерін соңғы бес жылдық орташа көрсеткіштерін негіз етіп алу керек;
− қаржы нәтижелері мен оның тиімділік деңгейін қарастырған соңғы бес жылдағы валюталар курсы және бағалар конъюктурасын пайдалану тиімді;
− ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі жобада көрсетілген деңгейіне жеткенше, қайта қалпына келтірілген ирригациялық және мелиоративтік нысандарды пайдалану, техникалық қызметтер көрсету құрылымдарын жобаға ендіру, өнімділікті жобалық қуатына жеткізу, тиімділік көрсеткіштерін арттыратын ұйымдық-техникалық іс-шаралар қарастыру.
Болашақта суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайына жақсарту жобаларында жоғарыда келтірілген олқылықтарды ескеріп инвестициялар бағыттау салада тиімділікті және бәсекелестікке қабілеттілікті арттырады.
Мақта кешенінде агроқұрылымдарды ірілендіру бәсекелестікте төмендегідей артықшылықтар береді:
− еңбекті бөлу және кооперация жолымен ұйымдастыру мүмкіндігі;
− еңбек өнімділігі мен өндірістің пайдалылық денгейін арттыру арқылы салада бәсекелестікке қабілетті мақта кешенін қалыптастыру;
− ғылыми негізделген мақта саласына мамандандырылған шаруашылықты ұйымдастыру және ауыспалы егіс жүйесін ендіру, егістік құрылымын диверсификациялау арқылы топырақтың құнарын және табыс түсімін арттыру;
− озық инновациялық технологияны және жоғарғы өнімді техниканы, озық суару жүйелерін қолдану мүмкіндігі;
− өндіріске инвестиция бағыттауға, қомақты несие алуға, қорлар мен ресурстарды тиімді пайдалану және қайтарымын жоғарылатуға жол ашады;
− өндірістің экономикалық және қаржылық тиімділігін арттыруға, агроқұрылымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді;
− агролизинг жолымен жаңа техника және технологиямен жабдықтау мүмкіндігіне негіз қалайды;
− ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жалпы қоғамдық пайдалану нысандарын: тұрғын үй, ауыз су, мектеп, бала-бақша, емхана, жол тағы басқалардың тұрақты қызмет көрсету әлеуеті артады.
Мақта саласында ірілендірілген агроқұрылымдардың өлшемдері барлық өңірде бірдей болмайды. Олар қалыптасқан шаруашылық құрылымы, су жүйлеріне, топырақ-табиғат жағдайына қарай алуан түрлі экономикалық –өндірістік көлемдерде, өлшемдерде құрылуы мүмкін.
Агроқұрылымдарды ірілендіруде шаруашылық –экономикалық негіздеулердің төмендегі шешуші қағидалары басшылыққа алынғаны тиімді:
− су және мелиоративтік бір жүйенің бойында орналасуы;
−жерді және басқа да ресурстарды пайдаланудың ең жоғарғы экономикалық тиімді параметр мөлшерлерінің арақатынасын қамтамасыз ету;
Көп жылдық зерттеулер мен озық тәжірибе мақта өсіруде жүктеменің оптимальды мөлшері әрбір адамға 4-5 га тең. Бұл өлшем шаруашылықтың техника және технологиялармен қарулану деңгейіне қарай өзгеруі мүмкін.
Біз агроқұрылымдарды ірілендіруді техника, яғни капитал мөлшерін есептеуді реттеуді негізге алып өзге параметрлерді – жер көлемін, адам санын анықтау әдіснамасын қолдануды дұрыс деп санаймыз. Сондықтан шаруа қожалықтарын ірілендірудің, қауымдасудың бастапқы өлшем бірлігі етіп 1 баптау тракторының (МТЗ-80Х) бір жылдық жүктемесіне яғни 65 га мақта алқабын,жалпы егістікті 100 га алуда тиімді, одан артық жер, егістік көлемі баптау тракторының санына сәйкес коэффициенттермен анықталады.
Жоғарыдағы жүктемені негізге алу себебі, баптау тракторы жерді егіске дайындауға, себуге, жүйек арасын баптауға, қоректендіруге, шырпуға, зиянкестермен күреске және дефоляцияға, жинауға және тасымалдауға қатысады. Біздің есептеулеріміз бойынша трактор жалпы жұмыстардың 82,6% атқарады.
Бәсекелестікке қабілетті және тиімді агроқұрылымдар құру мақсатында орта және ірі тауарлы өндірісті қалыптастыру мыналарды жүзеге асыруды талап етеді:
− ірі ауылшаруашылық құрылымдарын құру мен олардың жұмысын атқару барысында мемлекеттік қолдау қажеттілігі туындайды және оларды заңдар және нормативтік актілер негізінде біріктіріп экономикалық жеңілдіктермен ынталандыру қажет;
− өндірістің оңтайлы мамандандырылуын өңірлердегі табиғи- экономикалық мүмкіндіктерге және рыноктағы сұраныс жағдайларын ескере отырып қалыптастыру;
− жер пайдалану мөлшерін оңтайландыру, егістік жерлердің рынокқа бейімді және тиімді құрылымын енгізу;
− мақта кешенін диверсификациялау, соның ішінде азық-түлік, мал шаруашылығы өнімдерін арттыру.
Оңтүстік Қазақстан облысы, «Мырзакент корпорациясы» ЖШС – мен 345 шаруа қожалықтары арасында фъючерстік келісім-шарттар жасалып мүліктік кепілдікке ауылшаруашылық жер пайдалану құқығы қойылған. Жалпы егістік көлемі 1980,8га, шаруа қожалықтарының мақта алқаптарының көлемін статистикалық топтау әдісімен зерттеп сараптау нәтижесінде төмендегілерге қол жеткіздік ( кесте 2 ).
Кесте 2 − Шаруа қожалықтары мақта алқаптарының орташа өлшемдері және үлесі
Топтардағы мақта алқабының мөлшері, га | Шаруа қожалықтары | Жалпы мақта алқабының көлемі; | Орташа мақта алқабының мөлшері, га | ||
Саны | үлесі, % | га | үлесі, % | ||
0-3,0 | 87 | 25,4 | 186,2 | 9,4 | 2,14 |
3,1-5,0 | 95 | 27,7 | 428,3 | 21,6 | 4,50 |
5,1-7,0 | 83 | 23,6 | 511,6 | 25,8 | 6,31 |
7,1-10,0 | 53 | 15,5 | 444,4 | 22,5 | 8,23 |
10,1-15,0 | 20 | 5,8 | 272,7 | 13,8 | 13,64 |
15,1-20,0 | 5 | 1,4 | 89,7 | 4,5 | 17,94 |
21 және артық | 2 | 0,6 | 47,7 | 2,4 | 23,83 |
Барлық | 345 | 100,0 | 1980,8 | 100,0 | 5,74 |
Ескертпе − Статистикалық мәліметтер бойынша топтастыруды автор орындаған |
Шаруа қожалықтарының мақта алқабы және орташа мөлшері бойынша топтаудың нәтижесі: 0-3 га-ға дейін мақта алқабы бар шаруа қожалықтарының жалпы егістік алқабы 186,2 га немесе үлесі -9,4%, орташа мөлшері -2,14 га құрайды.
0-5 га дейін -614,5 га, үлесі -31,0 %, орташа мөлшері - 3,37 га;
0-7 га дейін -1125,8 га, үлесі 56,8 %, орташа мөлшері - 4,28 га;
0-10 га дейін дейін -1570,2 га, үлесі -79,3%, орташа мөлшері -4,97 га.
Кестеден байқағанымыздай, мақта алқаптарының жер көлемінің ұсақтығы, оның контурының шектеулі болуы, негізгі құралдар мен қаржының, жалпы өнімнің одан түсетін табыс мөлшерінің аздығы бәсекелестікке қабілеттіліктің өндірістік-экономикалық көрсеткіштерін төмендеткен. Ал керісінше ірілендірілген «Кетебай» ӨК егістік жер көлемі орташа 2004-2008 ж.ж 910 га-ны, жалпы өнім 2051тонна, 1га –дан алынатын орташа өнім – 22,5 центнерді құраған. Нәтижеде бұл көрсеткіш Мақтаарал ауданының көрсеткішінен 3,3 центнерге, облыстық көрсеткіштен 2,7 центнерге артқан.
Өндірістік кооперативтің жалпы сатылған өнімнен алған табысы бес жылда (2004-2008 ж.ж) 127,5-113,7 млн. теңге аралығында ауытқыған, орташа көрсеткіш 117,7 млн. теңгеге тең. Осы мерзімде 1 га-ның қаржы түсімі-127,0 млн. теңгені, 1 тұрақты жұмысшыға өндірілген өнімнің құны 261,1 мың теңгені, ал пайдалылық деңгейі 35,8% құраған.
Мақта саласындағы агроқұрылымдар параметрлерінің қазіргі қалыптасқан жағдайын зерттеу мен талдау барысында және мақташылардың озық тәжірибесін негізге алып ірілендірілген агроқұрылымдар ұйымдастыру негізделген.
Бұл мөлшер шит себетін және жүйек арасына баптау жүргізетін 2-3 баптау тракторының (МТЗ-80Х) бір жылдық жүктемесіне тең болғанда, онда ол рационалды мөлшер болады. Олардың мөлшерлері нормативтер бойынша тиісінше 130-195 га мақта алқабы, басқа да дақылдарды қоса есептегенде жалпы егістік көлемі 200-300 га құрайды. Осы нормаларға сәйкес төменде ірілендірілген агроқұрылымдардың негізгі параметрлері оңтайлы арақатынастағы өлшемдерде ұсынылады (кесте 3)
Кесте 3 − Ірілендірілген мақта өсіретін агроқұрылымдардың параметр өлшемдері
Агроқұрылым түрлері | Варианттар | Егістік көлемі, га | Баптау тракторларының саны, бірлік | Орташа тұрақты жұмысшы саны, адам | |
Барлығы | соның ішінде мақта алқабы | ||||
Орта тауарлы (рационалды) | 1. 2. 3. 4. | 200-300 | 130-195 | 2-3 | 26-39 |
301-400 | 195-260 | 3-4 | 39-32 | ||
401-500 | 260-325 | 4-5 | 52-65 | ||
500-600 | 325-390 | 5-6 | 65-78 | ||
Ірі тауарлы (оптималды) | 1. 2. 3. 4. | 601-700 | 390-455 | 6-7 | 78-91 |
701-800 | 455-520 | 7-8 | 91-104 | ||
801-900 | 520-585 | 8-9 | 104-117 | ||
901-1000 | 585-650 | 9-10 | 117-130 | ||
Ескертпе − Қабылданған өлшемдерді, арақатынастарды қолданып автор әзірлеген |
Біздің есебіміз бойынша мақта кешенінде ірілендірілген шаруашылықтың егістік құрылымында мақта алқабы –65%, жоңышқа – 25,0%, жүгері –7,5% және картоп, бақша, көкөніс –2,5% құрайды. Рационалды параметр өлшемдерін негіздеуде шитті мақтаның өнімі, өндірістің интенсивтік көрсеткіштері, механикаландыру деңгейі, орташа 1 адамның жүктемесі, жұмыс істеушілер саны, тағы басқа да көрсеткіштер есепке алынған.
Мақта шаруашылығы ҒЗИ тұжырымдамасы бойынша ұсынылған схемаларда ауыспалы егісті ендіру мақтаның өнімін әр гектардан 6,6-7,5 центнерге арттырған, қосымша табыс 36-46 мың теңгені құраған. Орташа ауыспалы егістің бір ротациясы мерзімінде өнімнің деңгейі 30,4-35,1 центнерге жеткен, сонымен қатар мүндай технологияны яғни ауыспалы егіс жүйесін ендіру мал шаруашылығын дамыту азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға, тұтыну тауарының бағасын тұрақтандыруға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызған.
ОҚО «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы сервистік дайындау орталықтарын және селолық тұтыну кооперативтерің ұйымдастыру оңтайлы тәжірибелерін мақта кешеніне бейімдеу және ендірудегі мақсат - заманауи аграрлық технологияларды қолдану, өнім сапасының халықаралық талаптарға сай болуын қамтамасы ету. Төмендегі суретт 3 те шаруа қожалықтарын ірілендірудің ұйымдық-экономикалық жаңа түрі ұсынылған.
Сурет 3 – Мақта кешенінде ірі тауарлы өндірісті ұйымдастыру
Ескертпе − зертеулер нәтижесімен автор құрастырған
Мақта кешенінде өндірісті интенсивтік жолмен дамыту, сонымен қатар рыноктық қатынастар сұранысы негізінде дақылдарды орналастыру, оның құрылымын жетілдіру, әртараптандыру және олардың дамуы агробизнесті толықтыра түседі. Тауар өндірушілердің жерден ақшалай табысы азық-түлік, тағы басқа тұтыну тауарларының түсіміне кепілді болады.
Интенсивті технологияны қолдану экономиканың ұдайы даму үрдісі ретінде жердің экономикалық құнарлығын арттыру, сол жерден қосылған және арзан өнім алу мақсатында қосымша еңбек және қаржы құралдарын бағыттаумен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар өндіріске өнімділігі және сапасы жоғары сұрыптарды, ирригация және мелиорацияға жұмсалған инвестиция, жаңа суару технологияларын ендіруді қажет етеді. Осы факторлардың соңғы нәтижелерге ықпалы өндіріске бір мезгілде ендірілгенде ең жоғары деңгейге жетеді.
Біздің зерттеулеріміз бойынша мақта саласы ауылшаруашылығы дақылдарының ішіндегі ең көп еңбек шығынын талап ететін дақыл.Мысалы, 1 га мақтаалқабына қант қызылшасы және картопты өсіру үшін жұмсалған шығындардан тиісінше 2,5-2,8 есе, ал дәнді дақылдардың шығынынан 30 есе артық.
Информация о работе Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса