Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:07, автореферат

Описание

Цель исследования – разработать теоретические и методологические основы повышения эффективности и конкурентоспособности хлопкового комплекса на юге Казахстана, обосновать их практической реализации в условиях рыночной экономики, разработки предложения и рекомендации по кардинальному изменению структуры производства, первичной и глубокой переработки.

Работа состоит из  1 файл

kurstik jumis.doc

— 909.50 Кб (Скачать документ)

 

Шитті мақтаны сатып алу, дайындау және бастапқы өңдеу үдерісінде сапаны  басқару шитті-мақтаны дайындау және өңдеу технологиясына, маркетингтік стратегия жүргізуден басталады.

Мақта өнімдерінің сапасын басқару жүйелі түрде жүзеге асырылады, яғни өңдеу кәсіпорнында өнімнің сапасын басқару менеджменті қызмет көрсетеді. Оның ұйымдық құрылымы, жеке жауапкершілігі және сапаны басқарудың материалдық-техникалық базасын, жүзеге асырылатын іс-шаралар жиынтығы дайындалады (зертханалар мемстандарттар, ереже, нұсқаулар және аспаптар).

Нәтижеде жоғарыда талданған шараларды іске  асыра келе Қазақстан Республикасында мақта шикізатын өндіру мен өңдеудің арнайы мемлекеттік стандарттары дайындалып, олардың негізі талаптары іске асырылуы қажет. Ондай шаралар болашақтағы зерттеулерімізге арқау болады.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстанның оңтүстігінде мақта кешенінің рыноктық қатынас жағдайындағы проблемаларын зерттеулер алға қойылған мақсаттың дұрыстығын айқындап, олардың шешімдері деркезінде табылғандығын дәлелдеді, осыған сай төмендегідей ғылыми қортындылар мен ұсыныстарды жасауға болады:

1.      Саланы эерттеулер экономикада жүргізіліп жатқан радикалды  реформалаудың біртұтас ғылыми тенденцияларын айқындап, агробизнесті дамыту және әлеуметтік – экономикалық мәселелерді оңтайлы шешудегі міндеттерін анықтап, оған сәйкестелінген экономикалық ұйымдастыру негіздерін айқындады.

Отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде бәсекелестікке қабілеттілік теориясының қағидаларын басшылыққа ала отырып, автор саланың ерекшіліктерін ескеріп «бәсекелестікке қабілеттілікті» және «экономикалық тиімділікті» өзара толықтыратын рыноктық механизмдер ретінде біртұтас байланыста қарастырып объективті нәтиже алуға қол жеткізді. Және де автор «бәсекелестікке қабілеттілік» ұғымын өз тарапынан аймақтың экономикалық ерекшеліктерін ескере келе толықтырды: ол, тауар өндірушілер және олар өндірген тауарлар арасындағы өміршеңдікті сақтау, рынокты кеңейту, тұтынушының сұранысын қанағаттандыру және өндірістегі тиімділікті арттыру үшін күрестегі қатынастарды реттеуші механизм ретінде сипаттады.

Мақта кешенінде бәсекелестікке қабілеттілік механизмі рынокта төмендегідей қатынастарды реттейді:

− өнімнің сапасын арттыру арқылы өнімнің өтімділігін жақсартуды;

− сұранысын арттыруды, өткізу бағасын жоғарылатуды;

− тауар өндірушілер арасында шектеулі ресурстар рыногын;

− өндіріс пен тұтынушылар арасында бәсекелес тауарлар және қызметтер бағасын.

2. Алға қойылған мақсаттарды, бәсекелестікке қабілеттілікті анықтаудың маңызды концепциясы ретінде балама мен  тиімділік арасындағы өзара тығыз байланысты ұтымды пайдаланудың жолдары нақтыланған.

Мақта саласының тиімділігін және осы саланы ұдайы дамытып,бәсекелестікке қаблеттілігін, мақсаттылығы мен қажеттілігін анықтау үшін протекция коэффициенттерін пайдалану арқылы жаңа көзқарасты қалыптастыруға ұмтылыс жасалған.

Протекция коэффиценттерінің экономикалық саясаттың сипаттамасын сандық мәнде есептей  алатындығын ескеріп, алдын ала төмендегідей болжамдар жасалған:

−               тиімді протекция және тиімді субсидия  коэффициенттері  бастапқы кіріс ресурстарының  және  қызметтердің  қайтарымын анықтауға;

−               өндірушіге және тұтынушыға берілетін субсидиялардың эквиваленттері, дайын өнімнің ішкі және шекаралық бағасын, рынокқа өткізілген өнімнің бағасына қосымша кіріс ресурстарының субсидиясын және шығыстарын есепке алған.

3. Зерттеулердің  нәтижесінде салада пайда болған негізгі проблемалар, олардың пайда болу себептері, мәні мен заңдылықтарының даму тенденциялары айқындалды. Аймақтағы суармалы жер мен мүлікті жекешелендіру нәтижесінде мақта кешенінде 38 мыңнан астам мақта өсіретін ұсақтауарлы шаруа қожалықтарының объективті экономикалық жағдайларын талдай келе олардың оңтайлы шешімін тауып бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарын ұсынады:

− суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін инвестиция салу;

− агроқұрылымдарды ірілендіру;

− интенсивті агротехнологияны және инновациялық қызметтерді қолдану;

− агроқұрылымдарды басқаруды жетілдіру және соңғы нәтижеге қызықтыру;

− жаңа селекциялық сұрыптарды ендіру және аудандастыру;

− бастапқы өңдеудің жаңа технологиясын ендіру арқылы оның тиімділігін арттыру;

− терең өңдеу технологиясын ұйымдастыру және отандық ішкі рынокты қалыптастыру.

4. Рыноктық қатынас жағдайында табиғи ресурстарды пайдалану заңдылықтары мен ерекшеліктері зерделеніп, ресурстарды бағалау (жер, су, еңбек, биологиялық, материалдық-техникалық) және экономикалық дамудың критерилерін анықтау әдіснамасы ұсынылған.

Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту, магистралды және ішкі су жүйелерінің тиімді әсер коэффициентін 0,75-0,80-ге дейін көтеруге, мелиорацияның жаңа технологияларын қолдану арқылы 1 га үлестік параметрлерін оңтайлы деңгейге: бетон науалардың немесе бетондалған ішкі суару жүйесінде 18-20, коллекторлар 10-12, көлбеу дренаж 50-55 погон метрге, әрбір тік дренаж скважинасының ықпалды аумағын 90-120 га жеткізіп мелиорация және ирригация қорларының экономикалық тиімділігін арттыру қажеттілігі зерттеулерде  дәлелденіп өндіріске ұсынылған. Сонымен қатар ағын суды пайдалануды ақылы  жүйеге өткізудің және үнемді пайдаланудың экономикалық тетіктерін жетілдіре түсу жолымен де су пайдаланушыларды үнемді және жаңа технологияларға үйреткен жөн. Бұларға тамшылатып суару, полиэтилен шлангы мен түтіктерді пайдалану, мәшинемен суару әдістерін кең ендіруге ынталандыру механизмдері анықталған

5.            Мақта кешенінде жүргізілген эксперименттер мен  зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп ірілендірудің ұйымдық – экономикалық негіздері және шаруашылықтың параметр өлшемдері, егістік құрылымы ұсынылған:

− орта тауарлы өлшемдері  мақта алкабы 130-190 га, жалпы егістік 200-600 га, ірі тауарлы мақта алқабы 390-600 га, жалпы егістік 601-1000 га, капитал, енбек, осы көрсеткіштер оңтайлы арақатнаста тиімділіктің артатындығы дәлелденген.

Ірілендіру варианттарын есептеуде экономикалық көрсеткіштері ретінде төмендегі өлшем көрсеткіштері анықталған:

−               жер өнімділігінің көрсеткіші ретінде: 1га егістікке өнімнің түсімі: 115,2-144 мың теңге;

−               еңбек өнімділігінің көрсеткіші ретінде: 1 жұмысшыға өнімнің түсімі:  516,9-719,7 мың теңге;

−               түпкі нәтиже көрсеткіші ретінде өндірістің пайдалылық деңгейі:                      9,1-33,3%.

Ірілендіру реформаларының нәтижесінде жаңа жүйеге оңтайландырылған шаруашылықтар саны орта мерзімді кезеңде 540-450-ге, ал перспективада 278-270 болуы болжамдалған.

Облыстың мақта кешенінде ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесі ендіріліп, егістік құрылымын жетілдіру көзделген. Бұл негіздеу бойынша мақта кешенін диверсификациялау: мақта егістігінің базалық мөлшерін енгізу, дақылдар құрылымын жетілдіру жолымен мақта -65%,жоңышқа -25%, жүгері -7,5%,  картоп, бақша, көкөніс-2,5% ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесіне өту, топырақ құнарын арттырып, сорланудан  сақтандырады  тиімділікті және бәсекелестікке қабілеттілігін арттырады.

Жаңа интенсивті, инновациялық технологиялық жетістіктерді өндіріске ендіру жолымен әр гектардың орташа өнімділігін 25-30 центнерге жеткізу, кешенді механикаландыру, жаңа техника мен агротехнологияны ендіру, соның ішінде мақтаны мәшинемен жинау  деңгейін 75-80 жеткізу, қол еңбегін ығыстыру есебінен 1 га-ға  еңбек шығындарын 800-900 адам/сағатқа дейін қысқарту, өзіндік құнын 25-30 арзандату, бір жұмысшыға өндірілетін шитті мақтаның көлемін (еңбек өнімділігі) 12-15 тоннаға жеткізу негізделген.

6. Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттары, мақта рыногына  өзіндік құны арзан, халықаралық сапа талаптарына сәйкес келетін мақта өнімдерін жеткізіп беру арқылы тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыру және сұранымын арттыру, жобалары тұжырымдалған. Ол үшін келесі шаралар көзделген:

−  мақта өсіруге және өңдеуге интенсивті агротехнологияны, инновациялық жетістіктерді енгізу;

−               өнімділігі жоғары жаңа техникамен жабдықталған «Агротехникалық сервис орталықтарын» , СТК-тер ашу және тиімді қызмет көрсетудің экономикалық  тетіктерін  қолдануды кең түрде ендіру;

−   материалдық – техникалық ресурстардың еркін сауда-коммерциялық орталықтарын ұйымдастыруды қалыптастыру;

−               лизинг жолымен мақта кешеніне қажетті техника мен  жабдықтар алуды реттеу;

−               шитті – мақтаны дайындау, сақтау және бастапқы өңдеудің жаңа технологияларын кең түрде қолдану;

−               мақта-тоқыма кластерін ұйымдастырып терең өңдеу, дайын тауар өндірілетін және сатуды ұйымдастыратын озық корпоративтік кәсіпорындармен интеграциялану;

−               мақта өнімдерінің және дайын тауар сапасының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруды басқару жүйесін ендіру.

7. Мақта кешенінің экономикалық тиімділігін және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында шитті мақтаны дайындау, бастапқы өңдеу, тасымалдау, сапасын анықтау және тауар өндірушілермен «мақта қолқаты» жүйесімен есеп айырысу тәсілдерінің артықшылықтары дәлелденген.

Мақтаны бастапқы өңдеуде қазіргі заманғы ғылыми – техникалық жетістіктер негізінде техника мен агротехнологияны ендіру талшық шығымын 2,7-3,0 арттырып, облыс бойынша қосымша 10-12 мың тонна мақта талшығын өндіруге, соның есебінен 1,4-1,6 млрд. теңге табыс алу  мүмкіншілігі бар екендігі  анықталды.

Осы мақсатта халықаралық акредитациядан өткен тәуелсіз мемлекеттік сұрыптау, сертификаттау зертханаларын ұйымдастыруды жоспарлау ұсынылған.

8. Ғылыми жұмыста шитті мақтаны бастапқы өңдеу және терең өңдеу бойынша мақта – тоқыма кластерін ұйымдастыру ұсынылған және оны ұйымдастырудың схемасы әзірленген. Ішкі рыноктың сұранысын  қанағаттандыру есептеулері мен болжамдары әзірленген. Оның көлемі жақын болжау мерзімінде 57,6, ал ұзақ мерзімді болжауда 86,4 мың тонна мақта талшығын құрайды. Кластер жүйесінде жіп иіру, мата тоқу, киім-кешек тігу және сату қосылған құн мөлшерін 7,93 есеге арттырып саланың ІЖӨ-дегі үлесін 3-4% жеткізу, ішкі рынокты қалыптастыру есебінен импорт алмастыру, қосылған құн үлесі жоғары тауарды экспорттау жолымен сыртқы сауданы дамыту көзделеді.

9. Диссертацияда мақта кешенін дамытудың экономикалық-әлеуметтіқ манызы сипатталган. Бұл мақта-тоқыма кластерін үйымдастру, экспорттық өнімдер шығару, экономиканы диверсификациялау жане дамытуда  ықпалды салаға айналдыру,осы бағытта 15 терең өндеу фабрикаларын іске қосу, 2800-3000 жұмыс орындарын ашу көзделген. Мақта кешеніның бәсекелестікке кабілеттілігін  және саланын ЖІӨ  үлесін арттырудың стратегиялық бағыты айқындалган.

10. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданысқа қолайлы, бәсекелестікке қабілеттіліктің макро және микро деңгейлердегі критерилері анықталып, мемлекеттік реттеу және қолдау іс-шаралары ұсынылған. Олар:

            өнімнің сапасын арттыру, өтімділігін жақсарту, сұранысын арттыру, өткізу бағасын көтеру, халықаралық сертификат алу;

            суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін инвестиция салу: Жердің құнарлығын жоғарылату, сорланудан сақтандыру, 1 га өнімділігін 5-8 ц арттыру, ағын судың пайдалану коэффициентін 8-10% арттыру;

            агроқұрылымдарды ірілендіру: кооперация жолымен еңбекті бөлу және капиталды шоғырландыру, жер пайдалану коэффициенттерін 15-18% арттыру, ауыспалы егіс жүйесін ендіру, егістікті әртараптандыру;

            интенсивті агротехнологияны, соның ішінде тамшылатып суару негізіндегі жаңа технологияны ендіру, тыңайтқыштардың және ағынсудың тиімділігін, пайдалылық деңгейін еселеп арттыру (2,3-3,6 есе), жаңа селекциялық сұрыптарды еңгізу және аудандастыру;

            агроқұрылымдарды басқаруды жетілдіру, СТК құру жолымен материалдық техникалық базасын нығайту, жеңілдіктер мен субсидияларды өнімділікті арттыруға бағыттау, лизингті дамыту;

            бастапқы өңдеудің жаңа технологиясын ендіру арқылы талшық шығымын 36%, шитті 54% жеткізу, өнімділікті арттыру;

            терең өңдеу технологиясын (кластерді) ұйымдастыру және ішкі рынокты қалыптастыру, қосылған құн мөлшерін барынша арттыру, импорт алмастыру, экспорт көлемін ұлғайту, қосымша жұмыс орындарын ашу;

            өндіріс және өңдеу саласын басқару, халықаралық стандарттар сапасына жеткізу және сертификаттар алу;

Осылай етіп зерттеудің алға қойған мақсаттары ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, іс-тәжірибелік шешімдері ұсынылған.

 

Диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі

 

1       Мақта  кешенінің экономикалық тиімділігін арттыру проблемалары, Монография. − Алматы: Агробаспа ҚазҰАУ.− 2008 − 20 б.т.

2        Мақта өсіруді ұйымдастыру және кәсіпкерлікті жоспарлау, Frints. – Шымкент. − 2004 − 9,2 б.т.

Информация о работе Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса