Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:07, автореферат
Цель исследования – разработать теоретические и методологические основы повышения эффективности и конкурентоспособности хлопкового комплекса на юге Казахстана, обосновать их практической реализации в условиях рыночной экономики, разработки предложения и рекомендации по кардинальному изменению структуры производства, первичной и глубокой переработки.
мақта өсіру мен өңдеуде рыноктық экономика жағдайында бәсекелестікке қабілеттілігі, мемлекеттік реттеу, қолдау және сапаны басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Ұсынылып отырған зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері. Зерттеудің теориялық-методологиялық негізі ретінде дамыған мақта өсірумен айналысатын шетел және отандық экономист-ғалымдардың бәсекелестікке қабілеттілігі және құн теориясы бойынша еңбектері негізге алынған. Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығын дамыту, саланың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға арналған заңнамалары және норматив тік актілері пайдаланылған. Сонымен қатар әлемдік сату-сатып алу, төлем іс-тәжірибесі, жобалық талдау, салыстырмалы артықшылық теориялары, мақта өсірудің экономикалық тиімділігін арттыру бойынша әдістемелік бағалауға арналған зерттеулерде ескерілген.
Зерттеу әдістері. Диссертацияда монографиялық ізденістер, жүйелік талдау, болжамдар, жобалау, статистикалық іріктеу, тағы басқа қазіргі заманғы қалыптасқан экономикалық әдістер қолдалынған.
Ауылшаруашылық кәсіпорындары мен агроқұрылымдардың бірнеше жылдық тәжірибесін зерттеу және жалпылама тұжырымдау әдісін қолдану. Бұл әдіс статистикалық талдау және өңдеу негізінде жүзеге асырылған. Сонымен қатар монографиялық әдістер кең түрде қолданылып, жеке кәсіпорындарда зерттеулер жүргізілген нәтижелері нақтыланып пайдаланылған.
Сондай-ақ есептік – конструктивтік әдісті пайдалану, өндірісті рационалды ұйымдастыру, бытыраңқы агроқұрылымдарды ірілендіру, егістік құрылымын жетілдіру және әртараптандыру, интенсивті агротехнология мен инновациялық қызметтерді ендіру, мамандандыру және басқаруды жетілдіру жобаларын жасауға мүмкіндік берген.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде төмендегі нормативтік құжаттар пайдаланылған:
− ҚР экономикасын , агроөнеркәсіп және мақта кешенін дамыту бойынша заңнамалық және нормативтік актілері, ережелері мен нұсқаулары;
− ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, Статистика Агенттігі, ОҚО ауылшаруашылығы, статистика, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары, «Қазақ мақта» заңды тұлғалар Ассосациялары, «Кетебай»ӨК, «Хает» шаруа қожалығы қауымдастығы, бастапқы және терең өңдеу кәсіпорындары, «Оңтүстіксушар» РМК ақпараттық және талдау материалдары;
− отандық және шетел экономистерінің еңбектерінде нақтыланған және альтернативтік материалдары, интернет ақпараттық жүйесі, мезгілдік басылымдар мен ғылыми-практикалық конференция, форум материалдары.
Жұмыс нәтижелерінің растығы мен негізділігі жүргізілген теориялық зерттеулер мен жалпыланған тұжырымдармен, ресми статистикалық мәліметтерді пайдаланумен, іс-тәжірибелік есептеулермен, қолданбалы және әзірленген әдістермен дәлелденген. Қорытындылар мен ұсыныстар әртүрлі формада талдаудан өткізіліп, орталық және жергілікті басқару, өндіріс және өңдеу ұйымдарында өндіріске ендірілген.
Зерттеуден алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы Қазақстанның оңтүстігінде мақта агробизнесін рыноктық қатынас пен ашық экономика жағдайында кешенді және жан-жақты зерттеуге, жаңа экономикалық категорияларды қолданып, тиімділікті және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру проблемаларының шешімдерін табуға бейімделген. Олар төмендегідей теориялық-методологиялық және тәжірибелік маңызы бар ғылыми жаңалықтар нәтижелерімен айқындалған:
− рыноктық қатынастар жағдайында экономикалық тиімділік және бәсекелестікке қабілеттілік категорияларының мәні және мазмұны тереңдетіліп, саладағы «өндірістік мүмкіндіктер шектері», ресурстарды бөлу және тиімді пайдалану баламасын табу әдіснамасы, тиімді протекция және субсидия коэффиценттерін қолданып саланы дамыту немесе тежеу әдіснамасы ұсынылған;
− мақта кешенінің экономикасында салыстырмалы артықшылықты бағалаудың балама құн теориялық концепциясын пайдалану негізінде саланың бәсекелестікке қабілеттілігін анықтаудың жаңа методологиялық әдісіне толықтырулар енгізіліп дамытылған;
− автор өзі ұсынған методологиялық және методикалық әдістердің негізгі қағидаларын пайдалана отырып, мақта кешенін дамытудың тиімділігі мен бәсекелестікке қабілетілігіне оң ықпал жасайтын факторлар мен басымдық берілетін бағыттарды анықтаған;
− мақта өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мақсатында ірілендірілген шаруашылық құрудың ұйымдық-экономикалық негіздері мен параметрлерінің жобалары әзірленген;
− саланы дамыту үшін бағытталған инвестицияларды талдаудың, бағалаудың теориялық негіздері, суармалы жерлерді қалпына келтіруге және құнарын сақтау тиімділігін анықтауға қажетті жобалардың олқылықтары нақтыланып, олардың шешімдері берілген;
− рыноктық қатынас жағдайында бәсекелестікке қабілеттілікті арттырудың негізгі экономикалық механизмдері, ішкі және сыртқы рыноктардағы тиімділікті бағалау мен оны арттыру жолдары ұсынылған;
− мақта саласында интенсивті агротехнология мен инновациялық қызметтерді ендіру, техникалық қорларды қайта жарақтау және ауыспалы егіс жүйесін қалыптастырудын экономикалық тетіктері зерделенген;
− ішкі және сыртқы рыноктарда мақта өнімдері мен тауарларына тұтынушылық қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын құрылымдық өзгерістер және саланы дамытудың болжамдары айқындалған;
− мақта кешенін дамыту мен оның тиімділігін арттыруда өнімді бастапқы, терең өңдеу және мақта-тоқыма кластерін іске асыруда дайын өнімдердің қосылған құндарын арттыру мүмкіндіктері негізделген;
− әлем рыногындағы бағаның құбылмалы жағдайында мақта өнімдерінің ішкі және сыртқы тұтынушыларын қанағаттандырудың стратегиялық даму бағыттары мен бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері үсынылып, оны мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары анықталған.
Қорғауға төмендегі негізгі ғылыми қағидалар ұсынылады:
− бәсекелестікке қабілеттілікті арттырудың басым бағыттарын анықтауда автордың алған ғылыми нәтижелері мен шешімдері және оның бағалауы;
− мақта кешенінде бәсекелестікке қабілеттілікті арттырудың әдіснамалық ерекшеліктері және оны шешудің әдістері;
− мақта саласында агроқұрылымдарды ірілендіру ұйымдық-экономикалық негіздері, параметрлері, диверсификациялау өлшемдері және басқаруды жетілдіру әдістері;
− мақта өндірісінде индустриалды-инновациялық технологиялар резервтерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға кажет дәлелдемелері;
− мақта кешенінде бастапқы және терең өңдеу, ұйымдық-экономикалық механизмдері және мақта-тоқыма кластерін жүзеге асыруда қосылған құны жоғарғы өндірісті ұйымдастыру механизмдері;
− мақта кешенінде тиімділік пен бәсекелестікке қабілеттілікті арттыруды мемлекеттік реттеу және қолдау механизмдері;
− мақта өнімдерінің сапасын басқару кезеңдері мен әдістері.
Жұмыстың ғылыми-практикалық құндылығы. Жұмыстың теориялық, әдіснамалық және іс-тәжірибелік тұжырымдарын экономиканы мемлекеттік реттеу және қолдау жүйелерін, стратегиялық даму бағдарламаларын әзірлеуге пайдалану мүмкіндігімен анықталады:
− диссертациялық зерттеудің теориялық тұжырымдары, қорытындылары мен ұсыныстары агроөнеркәсіп кешенін, жеңіл өнеркәсіпті өркендету теорияларын дамытуға пайдаланып, салалардың тиімділігі мен бәсекелестікке қабілеттілігін және оның ұлттық табысқа үлесін арттыруға болады;
− әдіснамалық негіздері, балама құн заңын қолданып балама табу, басымдық берілетін агроөнеркәсіп кешенінде салаларды анықтау әдісін басқару органдарының барлық деңгейлерінде пайдалану мүмкіндігі бар;
− сараптау нәтижелері, жалпы бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру тұжырымдары суармалы жері бар өңірлерде, аграрлық саладағы ғылыми-зерттеу орталықтарында, өңірлік ауылшаруашылық, жеңіл өнеркәсіп, тоқыма құрылымдарында қолдануға болады;
− әзірленген ұсыныстар мен қорытындылар өңірлік басқару органдарының, ауылшаруашылық өндірісі, бастапқы және терең өңдеу, өткізу кәсіпорындарының қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Диссертацияда тұжырымдалған автордың қорытындылары мен ұсыныстары Өзбекстан республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің ҒЗО-да, ОҚО әкімшілігі, ауылшаруашылығы,экономика және бюджеттік жоспарлау, «Оңтүстік» ӘКК, «Оңтүстік» АЭА, «Қазақстан мақтасы» заңды тұлғалар ассосациясында талқыланып «Кетебай» ӨК өндіріске ендірілген.
Автор ҚР «Мақта саласын дамыту туралы» заңын әзірлеуге қатысып, оның бірқатар тұжырымдары енгізілген.
Зерттеулердің нәтижелерін апробациядан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу. Диссертациялық зерттеудің негізгі теориялық-тәжірибелік қағидалары, шығарылған қорытындылары мен әзірленген ұсыныстар халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып мақұлданған.
Әуезов окулары: “XXI ғасыр басында аймақтардың әлеуметтік- экономикалық даму проблемалары»,ОҚМУ, Шымкент, 2001; Әуезов окулары: “Қазақстан аймақтарының түрлаулы дамуы моделін калыптастыру”, ОҚМУ, Шымкент, 2003.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі: жүйелік жағдайларын талдау, оң бағыты, теріс салдары (Алматы, 2004). Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар (Алматы, 2005), Аграрлық өндірісі кластерлік-индустриалдық дамыту: негізгі проблемалары мен перспективалық бағыттары (Алматы, 2006), индустриалдық-инновациялық даму Қазақстанның тұрақты экономикалық даму негізі (Шымкент, 2006), Қазақстан Республикасының бәсекелестік қабілеті 50 елдің қатарына кіру жоспарына байланысты ауылшаруашылық саласында ғылыми жобаны жасау және енгізу мәселелері (Алматы, 2007), ОҚО әкімшілігі, Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және «Сырдария» университетінің бірлескен Ғылыми Кеңесінде: «Мақта кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемалары» (Жетісай 2007).
Жаңа әлемдегі Қазақстан және ұлттық білім беру проблемалары (Жетісай, 2008), Ғылым және өндіріс (Жетісай, 2009).
Мырзашөл өңірін игеру тарихы туралы республикалық ғылыми-практикалық конференция (Шымкент, 2009ж)
Тақырыптың жарияланымы. Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша 47 ғылыми жұмыстар жарияланған. Соның ішінде бір монография, екі оқу құралы, 20 ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласын бақылау және аттестациялау Комитеті ұсынған, төртеуі шетелдік басылымдарда шығарылған.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, бес тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Бәсекелестікке қабілеттіліктің және экономикалық тиімділіктің теориялық - методологиялық негіздері
Әлем экономикасының жаhандануына орай мақта рыногының дамуы, оның экономикалық тиімділігі мен шығарылған өнімге сұраныс денгейлері тауардың, агроқұрылымның және саланың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға тікелей байланысты.
Қазақстан экономикасының интеграциялануы, дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағдарламасы экономиканың және салалардың бәсекелестікке қабілетті болуының өзектілігін арттыра түсуде. Әлемнің атақты экономист-ғалымдары бәсекелестікке қабілеттілік теориясы бойынша саналуан тұжырымдар жасаған. Олар «Бәсеке рыноктағы көрінбейтін қол», адамдар өзінің жеке пайдасы үшін іс-қимыл жасайды, қоғам құндылықтарын арттырып экономиканың дамуына үлесін қосады деп тұжырымдаған. Ал, салыстырмалы артықшылық теориясы бойынша өндірістік ресурстарды оптималды бөлінуін таңдаулы «статикалық» жағдайда қарастыруды ұсынған.
«Сақталатын» және «сақталмайтын» бәсекелестік теориясында халықаралық бизнестегі инновациялық менеджмент, ресурстарды, материалдық құндылықтарды иелену және жаңалықтыр ендіру қабілеті туралы құнды анықтамалар берілген. Бәсекелестік артықшылық дербес жасалған іс-әрекеттердің қорытындысынан құралады, олар: жобалау,өндіріс, маркетинг, жеткізіп беру және басқа қызметтер.
Рыноктағы бәсекелестікке қабілеттілік тауардың сапасына, бағасына, қызмет сапасы мен тұтыну шығындарына тікелей байланысты болады, пайданың көзіне айналады. Ал пайда өз кезегінде: компанияның, қоғамның өміршеңдігін қамтамасыз етіп, бәсекелестікке қабілеттілікті әрі қарай дамыту әлеуетін жоғарылатады.
Сонымен қатар бәсекелестік қатынастар макро, микро және мезо денгейлерде рынок механизмдерін реттеп, микро деңгейде бәсекелістікке кабілетті тауарларды өндіруге мүмкіндік береді, оның кабілеттілігі мен тиімділік құрылымы инновацияға икемділігімен бағаланады.
Қазақстанның аграрлық саласындағы зерттеулер мен ой-пікірлері бойынша бәсеке - пайданы барынша көбейтуге, осы негізде өндірістің ауқымын кеңейтуге және арттыруға мүмкіндік жасайтын механизм. Бәсеке экономикалық реттеудің мөлшерлерін анықтайды. Олар: баға, пайда нормасы және өсім пайыздары. Зерттеулердің негізінде біздің пайымдауымызша бәсекенің ықпалымен тауар өндірушілер рынокта сұранысқа ие, тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыратын тауар өндіреді. Осы мақсатта ресурстарды тиімді бөлу, пайдалану жолымен өндірістің пайдалылық, тиімділік деңгейін жоғарылатады.
Біз зерттейтін мәселе мақта кешенінің өндірісі, өңдеу, жеткізіп беру немесе сату тізбегінде бәсеке қатынастарын экономикалық тиімділікпен байланысын, рыноктың қатаң заңдылықтарына төтеп беруі және өміршеңдігін қамтамасыз ету проблемалары. Мақта кешенінде бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау өндірістің экономикалық тиімділігіне байланысты. Сондықтан басты мәселе агроқұрылымдардың, өңдеу кәсіпорынының және олар шығарған өнімдердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыратын критерилері өндірістің тиімділік және пайдалылық деңгейлеріне тікелей байланысты. Экономика тиімді болу үшін қолда бар шектеулі ресурстарды толық пайдалана отырып, мүмкін болған ең жоғарғы соңғы нәтижеге жетуі қажет. Осы тұжырымға байланысты «өндірістік мүмкіндіктердің шегі» анықталады және ол жоғарғы деңгейге тең болуы керек. Бұл деңгейден өндірісті арттыру үшін балама шығындардың есебінен өндірістің басқа түрі кемиді,сондықтан артық өндірілген тауар тиімді алмастыру мүмкіндігіне ие балама болуы қажет. Дұрыс экономикалық шешім қабылдау үшін балама құн заңын қолданып, баламалар табу мен оларды дұрыс бағалау маңызды.
Информация о работе Проблемы повышения конкурентоспособности хлопкового комплекса