Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:04, дипломная работа
Зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» алынған болатын. Өз кезегінде Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе........................................................................................................................ 3
Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері
Тиімділіктің түсінігі және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.............5
Менеджмент тиімділігінің факторлары және тиімділікті басқару жүйесінің көрсеткіштері...................................................................................12
Менеджмент тиімділігін бағалау тәсілі........................................................ 24
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі кезеңдегі сипаттамасы және даму деңгейі
2.1 Ұлттық Банк қызметінің тиімділігін бағалау ............................................31
2.2 Ұлттық Банктің менеджмент тиімділігін анықтаушы сыртқы және ішкі орта параметрлерін анықтау................................................................................42
Қазақстан Ұлттық банкінің менеджмент тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Ұлттық Банктегі менеджмент тиімділігін бағалаудың оңтайлы әдістемесі...................................................................................................................62
3.2 Менеджмент тиімділігін арттырудағы Ұлттық банктің жүйесін жетілдіру жолдары..................................................................................................75
Қорытынды..............................................................................................................82
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................84
Мазмұны
Кіріспе.......................
Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі кезеңдегі сипаттамасы және даму деңгейі
2.1 Ұлттық Банк қызметінің
тиімділігін бағалау ..............................
2.2 Ұлттық Банктің менеджмент
тиімділігін анықтаушы сыртқы және ішкі
орта параметрлерін анықтау.......................
Қазақстан Ұлттық банкінің менеджмент тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Ұлттық Банктегі менеджмент
тиімділігін бағалаудың оңтайлы әдістемесі....................
3.2 Менеджмент тиімділігін
арттырудағы Ұлттық банктің
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарға жетуі, оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату дүниежүзлік қауымдастықта оның саяси және әлеуметтік рөлін нығайтудың негізгі шарты ретінде үздіксіз экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстандық банктердің заманауи талаптарына беделді жауап бере алуы үшін басқарудың жетілген әрі тиімді жүйесі қажет.
Басқарудың қазіргі
замандағы тұжырымдамасы
Көптеген батыс және қазақстандық банктер жиылған ұжымы бар, қызметкерлері бар, қызметкерлері өз қызметіне беріліп атқаратын, иерархиялық кедергілер жойылған фирмалар табысты екеніне көз жеткізеді, өйткені осы жәйттерден фирманың материалды ауқаттылығы тікелей тәуелді. Қазіргі таңдағы басқарушы сыртқы орта жай-жапсарын, орын алып отырған ахуалды, банкпен еніп отырған жүйесінің қоғамдық құрылымын, жалпы мәдениеттің элементтердің белгілі бір мөлшерде игеруі, қарамағындағыларға үйренуі қажет. Заманауи басқару әдістерін меңгерген басқарушы банк мүмкіндіктерін бейімдеу мен басқару жүйесін жетілдіруге әрдайым алаңдауы қажет. Бұл әсіресе, мемлекеттік саясат, нарық инфроструктура оның жетіксіздігі, инфляция өсуі, іскер серіктестердің ұстанымсыздығы сияқты сыртқы жағдайдың тұрақсыздығына өте маңызды. Маман болу үшін менеджерге: ішкі мәдениетін арттыруы, жинақы, алғыр, жауапкершілік сезімі жоғары болуы керек. Бұдан шығатыны, сыртқы серіктеспен және мемлекет органдарымен, нарықтық инфрақұрылымымен және кәсіпкерлік сектормен жұмыс менеджмент функциясын іске асыруда басымдылық және ерекше саласы болып саналады, ол жұмыс едәуір дәрежеде оның тиімділігін анықтайды.
Менеджмент тиімділігі – басқару нысанындағы мақсатқа жетуде пайда болған тиімділікті, пайдаланған ресурстар мен шығындарды салыстыру арқылы анықталған әлеуметтік-экономикалық нәтижені қамтамасыз етуді білдіреді [1].
Дипломдық жұмыстың мақсаты менеджмент тиімділігінің теориялық негіздері және тәжірибесін зерделеу негізінде ұйымдағы менеджмент тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Аталмыш мақсатқа сай келесі міндеттер қойылады:
- менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздерін зерделеу;
- ұйым деңгейіндегі менеджмент тиімділігін талдау: сыртқы және ішкі параметрлер бойынша;
- банктегі менеджмент тиімділігін бағалаудың оңтайлы әдістемесі: нәтижелер бойынша басқару тұрғысынан сауалнама нәтижелерін талдау негізінде жоғары нәтижелікке қол жеткізудегі кедергі жасаушы факторларды анықтау;
- менеджмент тиімділігін арттыруда банк операцияларын жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» алынған болатын. Өз кезегінде Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Менеджмент
тиімділігінің теориялық
1.1 Тиімділіктің түсінігі және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Менеджмент-дәстүрлер тарихы концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі.
Тиімділік деп өндірістік
шығындармен салыстырғандағы
Тиімділіктің негізгі функциясы - әсер ету және әрекетті басқару арқылы мақсатқа жету, өндірісте нәтижені алу және көбейту, оны тиімді тұтынуға дейінгі өндірістік үдерістің барлық сатылары арқылы қол жеткізу. Басқару тиімділігінің экономикалық мәні – басқаруға керекті қолда бар ресурстар (шығындар) арқылы басқару нысанында ең үлкен экономикалық нәтижені қамтамасыз ету.
Банктегі экономикалық нәтиже таза табыс пен пайданың шамасы арқылы бейнеленеді. Сонымен қатар менеджменттің экономикалық нәтижесін анықтағанда оның шамасын анықтаумен қатар оның бөлінуі мен тұтыну тиімділігі ескеріледі, банкті дамытуға және болашақта жаңғырту үшін қажетті пайданың мөлшерін анықтау болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық жүйе тұрғысынан әлеуметтік нәтиже жұмыскерлердің өмір сүру деңгейі мен сапасы арқылы байқалады.
Менеджменттің ғылыми-техникалық нәтижесі өнімнің жаңартылуы, оның сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі арқылы байқалады. Экологиялық нәтижесі – қоғамның әлеуметтік және экономикалық өмірімен қарым-қатынасы, табиғатты жаңарту мен сақтау арқылы білінеді.
Менеджмент тиімділігі нәтижені өндіріс шығындарымен, пайдаланған ресурстармен салыстыру арқылы анықталады. Сонымен қатар, мақсатқа жету үдерісінде менеджерлермен көбірек қолданатын маңызды әсер ету құралдары анықталады. Сонымен қатар, мақсатқа жету үдерісінде менеджерлермен көбірек қолданатын маңызды әсер ету құралдары анықталады. Мұндай құралдардың ішінде стратегиялық менеджментті бағалауды, қызметкерлер мотивациясының әдісін, бақылау жүйесін атап өту керек. Әсер ету құралдарын бағалауда таңдаудың дұрыстығына талдау жасау керек, яғни жағдайлардың, сапаның (таңдап алған баламалы құралдардың сапасынан өзгешілігі), іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігінің сәйкес келуі керек. Әсер ету мен әрекеттестікті басқару тиісті мүмкіншілігімен немесе басқару әлеуеті (ақпараттық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық) сипатталады. Сондықтан да тиімділікті бағалауда басқарушылық әлеуетін пайдалану деңгейі анықталады.
Сыртқы байланысты тиімді іске асыру нарықтық және мемлекеттік реттеушіге, сонымен қатар олардың әрекеттестігіне әсер етеді. Осы облыстардағы әсер мен әрекеттесу құралдарын таңдау әсер етуші факторлардың кешендігі және оның әр уақытта өзгеріп отыратына байланысты ол өте қиын мәселе болып табылады. Сондықтан менеджерлер үшін осы немесе басқа жағдайлардағы сыртқы ортаның көрсеткіштерінің өзгеруін байқау маңызды болады.
Айтып кететін жайт, нақты сыртқы ортада фирманың өнімі сатылады, оның іс-әрекетінің негізгі нәтижесі және оның жекеленген түрлері анықталады. Бұдан шығатыны, сыртқы серіктеспен және мемлекет органдарымен, нарықтық инфрақұрылымымен жұмыс, менеджмент функциясын іске асыруда басымдылық және ерекше саласы болып саналады, ол жұмыс едәуір дәрежеде оның тиімділігін анықтайды.
Менеджмент тиімділігі келесі бағыттар бойынша бағаланады:
- бағалау мақсатын негіздеу және орнату;
- бағалау көрсеткіштерін іріктеу критерийлерін таңдау;
- осы өнімге деген қажеттілік пен фирманың мақсатының өлшемдестігін анықтау;
- мақсат пен қажеттілікті өлшемдестіру;
- негізгі нәтиже мен қажеттілікті өлшемдестіру;
- менеджмент нәтижелігін анықтау;
- мақсаттың ресурспен қамтамасыз етілгенін анықтау;
- негізгі нәтиженің ресурстармен ара қатынасы;
- экономикалық нәтиженің пайдаланған ресурстардың әрбір түрінің шамасына қатынасы;
- экономикалық нәтиженің шамасын анықтау;
- экономикалық нәтиженің басқаруға жұмсалған шығындардың шамасына қатынасы;
- әрбір қолданылған ресурстардың тиісті әлеует шамасына қатынасы;
- стратегия, еңбек мотивациясы, басқаруды ұйымдастыру нысаны сияқты әсер ету құралдарын жасау және іске асыруға байланысты басқару үдерісінің тиімділігін анықтау;
- ресурстық, ұйымдастырушылық, ақпараттық, ғылыми-технологиялық, экологиялық, кадрлық сияқты әлеует түрлерін пайдалану мөлшерін анықтау;
- әлеуметтік ғылыми-инновациялық, экологиялық, ұйымдастырушылық нәтижелерін анықтау;
- әлеуметтік-экономикалық жүйенің әрбір әлеуеттік түрлерін қолдану тиімділігін анықтау [2].
Қазіргі заманғы менеджмент теориясы келесі менеджмент тиімділігінің түрлерін көрсетеді:
- әсер ету және әрекеттестік
құралдары бойынша: мақсатты,
мотивациялық, стратегиялық, техникалық,
ресурстық, шығындық, жоспарлық,
болжамдық, әлеуеттік,
- нәтиженің мазмұны бойынша – экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экологиялық мазмұны;
- уақыт факторы бойынша – келешектілік, ағымдық, оралымдық уақыты;
- менеджментті дамыту жүйесінің
сатысы бойынша – жасау,
- басқару қызметінің түрлері бойынша – маркетингтік, инновациялық, инвестициялық, өндірістік, қаржылық, коммерциялық, кәсіпкерлік түрлері;
- тиімділік нысаны бойынша –
менеджмент жүйесі, басқару қызметі,
басқару үдерісі, басқару
Басқарудың түрі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады: адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары, нұсқамалары басқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушы болып табылады; басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі; менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән, яғни менеджер экономикалық және әлеуметтік – психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек; ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән; менеджмент менеджменттің жеке басына қойылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері – тапқырлық, байланысқа бейімділік (коммуникабельность), сенімділік. Бұл сапалар басқару өнерін танытуда маңызды рөл ойнайды.
Қазіргі таңда кәсіпорынды тиімді әрі ұтымды басқару жүйесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар нарық қатынастарына бейімделген басқарудың функционалды механизмі дайындалмағандықтан бәсеке жағдайында туындайтын көптеген мақсаттарға қол жеткізіле бермуі.
Сондықтан кәіпорындар заман талабына сай, қазіргі басқару қағидасына негізделген, жоғары бәсекелік потенциалды және стратегиялық бағытты қамтамасыз ететін басқару жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын енгізу қажет болып табылады.
Қазіргі басқарудың жүйелік қағидаларына мыналар жатқызылады:
- жүйенің өздігінен
ұйымдастырылып және өзін-өзі
басқаратын инновациялық
- көлденең байланыстарды күшейту және тік құрылымдарды орталықсыздандыру;
- еңбек процесінің гуманизациясы;
- басқаруды тек іс-әрекет процесіне ғана емес, сонымен қатар соңғы нәтижеге де бағыттау;
Информация о работе Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері