Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:04, дипломная работа

Описание

Зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» алынған болатын. Өз кезегінде Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................ 3

Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері
Тиімділіктің түсінігі және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.............5
Менеджмент тиімділігінің факторлары және тиімділікті басқару жүйесінің көрсеткіштері...................................................................................12
Менеджмент тиімділігін бағалау тәсілі........................................................ 24

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі кезеңдегі сипаттамасы және даму деңгейі
2.1 Ұлттық Банк қызметінің тиімділігін бағалау ............................................31
2.2 Ұлттық Банктің менеджмент тиімділігін анықтаушы сыртқы және ішкі орта параметрлерін анықтау................................................................................42

Қазақстан Ұлттық банкінің менеджмент тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Ұлттық Банктегі менеджмент тиімділігін бағалаудың оңтайлы әдістемесі...................................................................................................................62
3.2 Менеджмент тиімділігін арттырудағы Ұлттық банктің жүйесін жетілдіру жолдары..................................................................................................75

Қорытынды..............................................................................................................82

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................84

Работа состоит из  1 файл

Диплом Аяу.doc

— 857.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстандағы инфляциямен  күресуiң тағы да маңызды факторы  – шетел валютасына деген артық  сұранысты төмендету болып табылады.

Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу базасы ретiнде қызмет етедi. 

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң  шамасы ақшалай қаражаттарға деген  сұранысқа және инфляция деңгейiне байланысты келедi. Ұлттық банк мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етедi  және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкiндiк жасайды.  Ресми пайыз мөлшерлемесiнiң деңгейi екiншi деңгейдегi банктер үшiн, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегiндегi негiзгi бағыттарын сипаттайтын басты бiр көрсеткiштi бiлдiредi [25].

Ұлттық банктiң ресми  пайыздары, оның тiкелей бақылауына жатпайтын несиелiк ресурстар  нарығының шартына сай банктер  дербес белгiлейтiн нарықтық пайыз мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал етедi. Соның негiзiнде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған.

Пайыздың нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау үшiн  әлуеттiк ресурс болып табылатын  депозиттердiң несиелiк мекемелерге  ағылуын арттыра түстi.

Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сиықты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады.

Резервтiк талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз  саясатымен қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң  негiзгi құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан  банк жүйесiнiң бүгiнгi даму жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң депозиттерiн сақтандыру қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдiсiн реттеу қызметтерiн атқарады.

Әлемдiк тәжiрибеде мiндеттi резервтердiң өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесiнiң қаржы делдалы  ретiндегi тиiмдiлiгiн нашарлатып, ал ең төменгi резервтер нормасының артуы несиелiк ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетедi.

Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi орындауына байланысты ең төменгi резервтiк  талаптарды орындау барысында банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:

1) мiндеттi резервтеу;

2) резервтеудiң баламалы тәртiбi.

Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды  жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады.  Резерв нормасының өсуi ақша мультипликаторын төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi. Сонымен Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша ұсынысының динамикасына әсер етедi.

Ақша-несие саясаты  арқылы реттеудiң бiрi есеп мөлшерлемесiн өзгерту. Мұндай тiркеу мөлшерлемесiн пайдаланатын Орталық банк коммерциялық банктерге несие бередi. Егерде есеп мөлшерлемесi өсетiн болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктiң қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесiн өсiредi.

Ақша-несие саясатының қазiргi кезеңдегi тиiмдiлiгi Орталық  банктiң саясатына деген сенiмдiлiкпен тығыз байланысты. Ақша-несие саясаты  салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен ылғида байланыста болады. Егерде Ұлттық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсiз iшкi ақша саясаты болуы мүмкiн емес, өйткенi айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердiң көбеюi және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруiне әкеледi. ( Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседi ). Салық-бюджет және ақша саясаттарын бiр-бiрiне сәйкес келтiру белгiлi қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттiк шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай iс-әрекеттердiң нәтижесi ақша саясатымен байланысты болады.

Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға  бақылау жасауы төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң  анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады [26].

Ұлттық банк осы экономикалық жағдайларды ескере отырып 2008-2011 жылдарға инфляцияның белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2008 және 2009 жылдары  орындалды. Экономикалық қатынастар да тиімді дамулы қолға алды. Ал 2010 жылы инфляция деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша биылғы еетк алып отырған инфляциялық шағын толқуға қарсы саясаттарды экономикалық тұрғыдан қолға алуда. Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.

Елдің макроэкономиклық тұрақтылығы, қаржы секторының жедел  әрі сапалы дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайлың жақсаруы Ұлттық банктің жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне себеп болды. Бұл банк стратегиясы ақша-несие саясатиын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын тұрақтандыруды жолға қоюда. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляцияны минимизациялауға бағытталуды, яғни тек қана ақша агрегаттары мен теңгенің бағамына тәуелді емес, ауыл шаруашылығы бағаларын, бензин және тұрғын-комуналдық бағаларды реттеп отыру шаралары болып табылады. 2011 жылы Ұлттық банк ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын анықтап, инфляцияны таргеттеу қағидасына, еуростандарттарға өте бастады. Таргеттеу ( ағыл. баға белгілеу, бағаның белгілі шамасы) монетарлық саясатта – негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді орта мерзімде мақсатты түрде алдын-ала айқындау шаралары [27].

11-ші кестеден көретініміздей соңғы жылдардағы ақша агрегаттарының өсу қарқыны жоғары болғанымен инфляцияның жылдық деңгейі 2009 жылдары 7% деңгейінде тұрақты қалпын сақтауда.

 

11-кесте - 2008-2011 ж.ж. арналған ақша-несие саясатындағы инфляцияны таргеттеу көрсеткіштерінің белгіленуі

 

Көрсеткіштер

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

Базалық инфляция орташа, %

-

4-6

3-5

3-5

Инфляция (ТБИ) орташа, %

6,5

5-7

4-6

4-6

[16, 52 б.]


 

2009-2011 жылға арналған  ақша-несие саясатынындағы инфляцияны  таргеттеудің негізгі көрсеткіштерінің  болжамы келесідей сипат алуда. 

11-ші кестеден көріп отырғанымыздай 2004-2006 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық инфляцияны – 2004 жылы 4-6% және 2009-2010 жылдары 3-5% шегінде ұстау қажеттігі мақсат етілді.

Өткен 2008 жылы қорытындылары  бойынша осы екі әдіс бойынша  тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда 6,7% және 5,9% құрады. Бұл көрсеткіштер ақша-несие саясатының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2009 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы осы жылы орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, 2009 жылы инфляция деңгейі 6,7% болуына байланысты тұтастай алғанда болжанған деңгейден 0,7% шамалы асқандығын көре аламыз.

Сонымен Ұлттық банктің  ақша-несие саясатының биылғы және алдағы 2008-2009 жылдарға арналған негізгі  бағыттары инфляцияның деңгейін тұрақты белгіленген шамада ұстап  тұру болып табылады. Ұлттық банк инфляция таргеттеудегі көрсеткіштері: 2009 жылы 4,9%-6,5%, 2010 жылы 4,8%-6,2%  және 2011 жылы 4,1%-5,5%-дан аспауы керек [28].   

Алайда Ұлттық банктік  және Үкіметтің бірігуімен белгілеген инфляцияны таргеттеудегі инфляцияның 2009 жылғы 4,9%-6,5% көлемінде сақталады деген болжамдары биыл орындалмайтын болды. Өйткені биылғы жылы ұлттық экономикада жүргізіліп келе жатқан саясаттар нәтижесінде экономикаға берілген несиелердің тым артып кетуіне байланысты экономикалық толқуларға алып келе жатыр және елімізде шілде айынан бастап халықтың жалақыларының өсуі, әлемдік рынокта мұнай бағасының рекордтық нәтижеге жетуінен бүгінде инфляция деңгейі 10 айдың ішінде – 7,8% және 7,9% деңгейінде болып келеді. Жалпы мамандардың айтуы бойынша 2010 жылы инфляция деңгейі 8%-ға дейін жетуі мүмкін. Яғни 2010 жылы Ұлттық банктік белгілеген инфляция деңгейінің коридоры 4,9%-6,5% деңгейінен нақты инфляция деңгейі асып кетіп отыр [24].

Сондықтан ендігі жерде  Ұлттық банктің негізгі және басты  міндеттерінің бірі инфляцияны таргеттеуде ең тиімді әдіс болып табылатын Ұлттық банктің қысқа мерзімді қойылымдарын енгізу болып табылады. Яғни, Ұлттық банк өзінің ақша-несие саясатын жүзеге асыруда «рефинансирование» пайыз қойылымын өзгерту арқылы іске асырады. Биылғы жылы Ұлттық банк инфляцияның қарқынды етек алуына байланысты қысқа мерзімді пайыз қойылымын екі мәрте өсірді. Оның бірінші жолғы өсімі 2011 жылдың 1-ші сәуір айында операциясының рефинонсирования қойылымының өсуімен көрініс тапты [29].

Инфляцияны төмендетудің тағы да бір шарасы неғұрлым қатаң ақша-несие саясаты болып табылады. Бұл шараны Ұлттық банк «экономикалық перегрев» кезінде қолданады. Бәрімізге белгілі алдағы жылдары біздер экономиканы несиелеуді дамыту үшін банктердің несие қызметтерінің ынталы жүруі үшін пайыз қойылымдарын азайтуды қолға алған болатынбыз. Экономикада несие ресурстарының өсуі жалпы қарыз ресурстарының өсуіне алып келлі. Банктердің экономиканы несиелендіру шамасы соңғы 5 жылда 9,2 есеге өсті. Ал оның ЖІӨ-гі үлесі 27%-ға дейін жетті.

 Ұлттық банк арқылы  коммерциялық банктер минималды резервтік талаптарға жауап беруге міндетті болады. Ақша-несие саясатының басты жетістіктерінің бірі Қазақстанда валюталық режимді ары қарай либеризациялау. Валюталық режим либеризация  жоспары бойынша бастап резидент еместердің капиталдық операцияларына толықтай либеризация жүргізу керек. Бұл өз кезегінде валюталық операцияларды ұлттық валюта теңгенің толық қанды қызмет етуін қамтамасыз етеді. 

Айырбас бағамына қатысты  саясатта Ұлттық банктің алдағы уақыттарда қандай да бір белгіленген шаралармен емес, еркін қалқымалы айырбас бағамы саясатын жалғасытра береді. Осылайша қазақстандық барлық қаржы жүйелермен бірге еліміздің Ұлттық банкі өзінің дамуы барысында сапалы түрде жаңа кезеңге өтті. Ол дамыған елдердің ақша-несие саясаты стандарттарына өте бастауымекн көрініс табуда.  Бұл стандарттардың негізі валюта режимдерін либеризациялау және инфляциялық таргеттеу принциптері, банкаралық төлем карточкалары жүйесін дамыту, қаржы жүйесіндегі алдағы уақыттардағы даму және тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар Қазақста нРеспубликасы төлем жүйесін дамыту концепциясы.

Сапалы да тиімді банктік менеджмент тек кана теріс ішкі және сыртқы факторларға қарсы тұрып қоймай, өз кезегінде оларды бей-тараптандыру мақсатын жүзеге асыра алады. Сондықтан осындай менеджменттің банкте дүрыс ұйымдастырылуы оның тұрақтылығын нығайта түсіп, қызметінің тиімділігін арттырады. Осыған байланысты банктегі менеджмент қызметін бағалау мәселесі немесе қазіргі қолданылып жүрген банк қызметін бағалау көрсеткіштердің сәйкестігіне қатысты мәселесі туындайды. Ең бастысы банктік менеджменттің кейбір рейтингтік жүйелерде, соның ішінде CAMEL рейтингтік жүйесінде АҚШ-та банктердің жағдайын бағалауда пай-даланатыны белгілі [30].

Банк менеджменті  бағаланатын көрсеткіштерді мынадай  санат-тарға бөлуге болады:

- сандық және сапалық (соның ішінде әлеуметтік);

- объективті және субъективті;

- формалдық және формалды емес.

Банктік менеджменттің  сандық көрсеткіштері банктің мөлшерін, жүргізетін саясатын және мамандануын бағалауда ғана пайдаланады. Сандық көрсеткіштерге мыналар жатады:

- банк капиталының мөлшері;

- қүрылтайшыларының саны;

- активтік және пассивтік операциялар көлемі;

- клиенттердің саны;

- экономика саласы мен жүмыс саласының саны;

- жұмыстың жағрафиясы;

- филиалдық торабының саны;

- корреспонденттік қатынастар жасайтын банктердің саны;

- банктік өнімдердің саны және т.б.

Банктік менеджменттің  сапалық көрсеткіштерін мынадай  топтарға бөлуге болады:

1. Несиелік  мекемеге қатысты қойылатын кәсіби талаптар тұрғысынан банктік менеджментті бағалауға мүмкіндік беретін банктің жағдайы мен қызметін сипаттайтын көрсеткіштер:

- банк капиталының жеткіліктігі;

- банк активтерінің сапасы;

- банктің пайдалылығы;

- банк өтімділігі;

- банк операцияларын жүргізу және кұжаттарды өңдеу жыл-дамдығы;

- ұсынатын банк өнімдерінің кешенділігі;

- ұсынатын банктік өнімдердің түрлері, сипаты, көлемі және сапасы жағынан клиенттердің сұранысын қанағаттандыру дәрежесі;

- тәуекелдерді басқару дәрежесі;

2. Кез келген кәсіпкерлік қүрылымға нарык экономикасының 
тарапына қойылатын нормативтік талаптарға банк қызметкер- 
лерінің сәйкес келуін бағалауға мүмкіндік беретін банктік менедж- 
менттің көрсеткіштері:

  • банк әкімшілігінің қүрамы мен біліктілігі (тағайындалған ла-уазымды қызметі бойынша банк жүйесіндегі тәжірибесінің болуы, бірінің орын бірі алмастыруы, кадрлар резервінің болуы, басқару қүрылымының жоғарыдан төменге дейін қадағалау немесе бақы-лаудың болуы және оның сапалығы және т.б.);
  • банктің ішкі саясаты, соның ішінде кадр саясатына, ішкі ба-қылау және аудит ережелеріне сәйкес еңбек тәртібінің сақталуы;
  • банк қызметіне байланысты реттеушілік нормалардың орын-алуы, зандардың, нүсқаулықтардың және зандық күші бар кез кел-ген актілердің сақталуы (банк жүйесінің әр түрлі деңгейіне арнал-ған нормативтердің, шектеулердің және үсыныстардың сақталуы, өткен уақыттарда банк тарапынан заң бүзушылық пен қаржылық қылмыстардың болмауы, ақпараттың ашықтылығы және т.б.)
  • банк әкімшілігі мен қызметкерлерінің нарық коньюнктура-сындағы алдағы уакыттарда мүмкін болар өзгерістерін көре білу және оған уақтылы дүрыс шаралармен жауап беру қабілеті (банктің қызметіне ықпал ететін инфляция, қүлдырау, депрессия жәнет.с.с факторларға қарсы шара қолдануы)

Информация о работе Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері