Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:04, дипломная работа
Зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» алынған болатын. Өз кезегінде Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе........................................................................................................................ 3
Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері
Тиімділіктің түсінігі және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.............5
Менеджмент тиімділігінің факторлары және тиімділікті басқару жүйесінің көрсеткіштері...................................................................................12
Менеджмент тиімділігін бағалау тәсілі........................................................ 24
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі кезеңдегі сипаттамасы және даму деңгейі
2.1 Ұлттық Банк қызметінің тиімділігін бағалау ............................................31
2.2 Ұлттық Банктің менеджмент тиімділігін анықтаушы сыртқы және ішкі орта параметрлерін анықтау................................................................................42
Қазақстан Ұлттық банкінің менеджмент тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Ұлттық Банктегі менеджмент тиімділігін бағалаудың оңтайлы әдістемесі...................................................................................................................62
3.2 Менеджмент тиімділігін арттырудағы Ұлттық банктің жүйесін жетілдіру жолдары..................................................................................................75
Қорытынды..............................................................................................................82
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................84
Ұйым күшінің нақты бағасын алу үшін және нарықтағы жағдайды білу үшін SWOT-талдау берілген.
SWOT-талдау – бұл
ұйымның күшті және әлсіз
10-кесте – Ұлттық Банк Алматы қалалық филиалының қызметіне SWOT-талдау
КҮШТІ ЖАҚТАРЫ |
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ |
Бәсекелестердің болмауы
Елбасының билік етуі
Саяси тұрақтылық
Экономикалық дамудың жоғарлау темпы |
Бүкіл саяси жүйе бір адамның қолында болуы
Ішкі баланстық күштің тұрақсыздығы |
МҮМКІНДІКТЕР |
ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР |
Елдің тұрақты дамуы үшін ағымдағы қолайлы ішкі және сыртқы жағдайдың бар болуы |
Сыртқы экономикалық әсер
Инфляцияның құлдырауы
Халықаралық компаниялардың мемлекеттік сатып алуына әсері |
Ескерту//-автормен құрастырылған |
SWOT-талдау матрицасын құрастырғаннан кейін сыртқы ортадағы әлсіз және күшті жақтарын, қауіптері мен мүмкіндіктерін сараптаймыз. Бағандар мен жолдардың қиылысқан жерінде берілген қауіптер мен күшті жақтардың жән мүмкіндіктер мен әлсіз жақтардың және тағы басқалардың мәндерінің эксперттік бағасы қойылады. Егер қауіп ұйымныңкүшті және әлсіз жақтары үшін маңызды болса, онда мұндай үйлестірудің мәнділік бағасы жоғары болады. Факторлардың мәнділік бағасының шкаласы:
- өте күшті тәуелділік – 5 балл;
- күшті – 4 балл;
- орташа – 3 балл;
- әлсіз – 2 балл;
- бейтарап – 1 балл.
Осы тәсілмен ұйымның әлсіз және күшті ортадағы қауіптері мен мүмкіндіктерінің қиылысқан мәселелердің эксперттік бағасын аламыз.
Филиалдың негізгі қызметі мынадай бөлімдерден тұрады:
- Экономикалық талдау және статистика;
- Валюталық операцияларды бақылау;
- Заң қызметі;
- Компьютер жүйесін пайдалану секторы;
- Төлем балансының статистикасы;
- Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу және кассалық операциялар.
Валюталық операцияларды бақылау бөлімі ҚР ҰБ Алматы қалалық филиалының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз қызметінде бөлім «ҚР ҰБ туралы», «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы», «Валюталық реттеу туралы» Заңдарды, «ҚРҰБ Алматы қалалық филиалы туралы» ережені, сондай-ақ бөлім қызметіне тікелей қатысты ережелерді басшылыққа алады.
Бөлімге Ұлттық Банктің валюталық реттеу мен валюталық валюталық бақылау аясындағы жалпы саясатқа сәйкес функциялар мен міндеттер жүктелген. Бөлімнің тікелей қызметі Алматы қаласының аумағында орналасқан Уәкілетті ұйымдар жасайтын шетел валютасымен операцияларды бақылау және реттеу болып табылады. Осындай ұйымдардың ішіне айырбастау пунктер, коммерциялық банктердің қалалық филиалдары, айрықша қолма-қол шетел валютасымен сауда жасайтын, сәйкес операцияларды жүзеге асыруға ҚР ҰБ-тың лицензиясы бар ұйымдар жатады [22].
Банктер мен айырбастау пунктердің айырбастау операциялары, шетел валютасындағы кедендік төлемдер, валютада ақша аудару жөніндегі операциялар, сондай-ақ уәкілетті банктердің валюталық шоттарды ашу және жүргізу тәртібі бақыланады.
Реттеу тікелей лицензиялау процесінен басталады. Бұл сәйкес лицензияны алу үшін уәкілетті ұйымдардың қажетті іс-шараларды орындауы дегенді білдіреді. Бұдан әрі барлық уәкілетті ұйымдар жөнінде жиынтық есеп беруді мұнан былай шетел валютасымен операциялар туралы жүйелі түрде есеп алуды, уәкілетті ұйымдардың тізілімдеріне бақылау жүргізуді, жасап жатқан операциялардың қолданыстағы валюталық заңнамаға сәйкестігін анықтау мақсатында уәкілетті ұйымдарының жүріс-тұрысын жобалап түсіндіретін уәкілетті ұйымдардың қызметіне үздіксіз бақылау жүзеге асырылады. Бөлім уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктерінің қызметі мен есеп беруіне жоспарлы сияқты жоспарлы емес тексерулерді де жүзеге асыра алады.
Уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктерін жоспарлы тексеру инспектілеудің жартыжылдық жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктерін жоспарлы емес тексерулер мынадай жағдайда жүзеге асырылады: айырбастау операцияларын жүргізу тәртібінің бұзылғандығы жөнінде жеке тұлғалардың шығымы болған кезде; ҚР ҰБ тапсырмасы бойынша.
Айырбастау пунктерін бақылау және тексеру әрқайсысына тиісті ұйымдар тіркелген бөлім қызметкерлері жүзеге асырады.
ҚР-ның Ұлттық банкi “банктердiң банкi” ретiнде ең басты мақсаты экономиканы төлем құралдарымен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдiң барлық несие жүйесiнiң қызмет етуiне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесiн қалпына келтiру, банк қызметiн реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейдi және өз қызметiнде пайданы табу мақсатын көздемейдi. Оның клиенттерi – коммерциялық банктер және басқа да несиелiк мекемелер болып табылады. Осыдан келiп, Ұлттық банкiнi “банктердiң банкi” деп атайды.
Ұлттық банк “банктердiң банкi” қызметiн атқару үшiн:
- коммерциялық банктердiң резервтерiн сақтайды;
- коммерциялық банктерге қысқа мерзiмдi қажеттiлiктерiне байланысты қысқа мерзiмдi қарыздар бередi;
- жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргiзедi;
- банктердiң қызметiне бақылау және қадағалау жүргiзедi.
Ұлттық банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық – несиелiк мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “сонғы сатыдағы несие берушi” деп атайды.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңында былай жазылған: ҚР-ның Ұлттық банкi Үкiметтiң бас банкирi, қаржы кеңесшiсi әрi агентi ретiнде және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара мәмiлеге келуi бойынша әрекет етедi.
ҚР-ның Ұлттық банкi ҚР-ның орталық банкi ретiнде басқа елдердiң орталық банктерiмен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста ҚР-ның мүддесiн қорғайды. Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтiк, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жүргiзу құқығына ие, “банктердiң банкi” ролiн атқарады, сондай-ақ ақша – несие және валюта саясаттарын жүргiзетiн бiрден бiр ұйым.Экономикалық талдау және статистика бөлімі ҚР ҰБ Алматы қалалық филиалының және ҚР ҰБ Зерттеу және статистика департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өз қызметінде бөлім «ҚР ҰБ туралы», «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы», «ҚРҰБ Алматы қалалық филиалы туралы» және «Экономикалық талдау және статистика бөлімі туралы» ережені, сондай-ақ бөлім қызметіне қатысты нормативтік актілерді басшылыққа алады.
Бөлімнің тікелей мақсаты Ұлттық Банктің негізгі міндетін орындауға ықпал ету және қатысу – ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету, Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатын жүргізуге ықпал ету, Алматы қаласының аумағында ақша, кредит және банктік инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуіне ықпал ету болып табылады.
Бөлімге мынадай бағыттар бойынша өкілеттіктер жүктелген:
- Қаластатбасқармасы, аймақтағы әлеуметтік, экономикалық жағдайларының мәселелері бойынша филиал қызметтері ұсынатын ақпараттарға талдау жүргізу;
- «ҚР ҰБ АҚФ-тың Статистикалық жинағын дайындауды және шығаруды» жүзеге асырады”;
- Ұлттық Банктің тапсырмасы бойынша аймақтағы экономиканың нақты секторына мониторинг жүргізеді;
- филиалдың функциялары шегінде және оған берілген құқықтарға сәйкес Алматы қ. Әкімдігінің қабылдаған шешімдер мен бағдарламаларын іске асыру жөнінде ҚР ҰБ Алматы қалалық филиалы бөлімшесінің жұмысын үйлестіреді;
Осылай, жоғарыда аталғандардың негізінде ҚР ҰБ АҚФ-тың жекелей алынғандағы әр бөлімі филиалдың барлық жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және өзі Ұлттық Банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты саласындағы жалпы мақсаттарға жетуге бағытталған АҚФ-тың қалыпты жұмыстағы маңызды буынын болып табылады. Бұл бөлімдер біртұтас болып табылады және жалпы саясат шегінде өзінің функцияларымен және мақсаттарымен бір-бірін толықтырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалының қызметі Республиканың қаржы орталығы мәртебесі бар республика бойынша маңызды қаланың аумағында өткендіктен ол бұдан әрі Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатымен белгіленген міндеттерді орындау жөнінде қаржы секторында қажымайтын және тер төге жұмыс істеуі қажет екенін айтуға болады. Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады [23].
1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екiншi деңгейлi банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Ақша саясатының құралдарын төмендегiдей топтастыруға болады:
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуi;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесi;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудiң лимитi,
пайыз мөлшерлемесiн тiкелей
ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;
б) есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тiкелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде, тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты ретiнде қарастырылады [24].
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тiкелей орталық банктiң жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуге Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргiзуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесiдей ақша-несие саясатының негiзгi құралдарының көмегiмен реттеледi:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi деңгейiн белгiлеу;
- Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
- мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргiзу;
- банктерге және үкiметке несие беру;
- валюталық нарықтағы басқыншылық;
- кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi.
Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол жеткiзуi тиiс.
Информация о работе Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері