Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:04, дипломная работа

Описание

Зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» алынған болатын. Өз кезегінде Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................ 3

Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері
Тиімділіктің түсінігі және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.............5
Менеджмент тиімділігінің факторлары және тиімділікті басқару жүйесінің көрсеткіштері...................................................................................12
Менеджмент тиімділігін бағалау тәсілі........................................................ 24

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі кезеңдегі сипаттамасы және даму деңгейі
2.1 Ұлттық Банк қызметінің тиімділігін бағалау ............................................31
2.2 Ұлттық Банктің менеджмент тиімділігін анықтаушы сыртқы және ішкі орта параметрлерін анықтау................................................................................42

Қазақстан Ұлттық банкінің менеджмент тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Ұлттық Банктегі менеджмент тиімділігін бағалаудың оңтайлы әдістемесі...................................................................................................................62
3.2 Менеджмент тиімділігін арттырудағы Ұлттық банктің жүйесін жетілдіру жолдары..................................................................................................75

Қорытынды..............................................................................................................82

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................84

Работа состоит из  1 файл

Диплом Аяу.doc

— 857.00 Кб (Скачать документ)

- «басқарушылық» экономикасының  кәсіпкерлікке айналдыру үшін  адам ресурстарының потенциалын  өсіру; 

- объект пен субъект   арасындағы  кері байланыстың  негізінде басқарудың барлық элементтерінің жағдайына жүйелік бақылаудың ұйымдастырылуы;

- оң және теріс әсер  ететін ауытқуларға  жылдам  әсер етеді;

- өндірістің  бес   факторы – еңбек  құралы,  еңбек  заттары,  капитал, ақпарат  және адамдарды біріктіру есебінен  басқаруды тиімді ету;

- адамға деген қарым-қатынас  тек мақсатқа жетудің құралы  ретінде ғана емес сондай-ақ басқарудың мақсаты ретінде де болуы керек.

Басқару жүйесі жүйелік және жағдайлық  тәсілдердің келесі қағидаларында  құрылуы қажет: толық шаруашылық және өндірістік тәуелсіздік, кәсіпкерлік қызмет түрлерін еркін таңдау; қоршаған орта мен нарық қажеттіліктеріне стратегиялық бағыт-бағдар жасау; қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты басқарудың жүйесі мен потенциалының инновациялық бейімделуі; нарық талаптары мен инновациялық қайта қалыптастыруға байланысты басқару құрылымының органикалық түрде дамуы; өзін-өзі дербес қаржыландыру; ұйымның міндеттеріне сәйкес, ресурстарды ұтымды пайдалану; нарықтық қатынастардың талаптарына сәйкес жүйенің бейімділігі, сенімділігі, икемділігі мен опперативтілігі; басқару жүйесінде басқарудың мақсаттылық (мақсатты-бағдарламалық), стратегиялық, маркетингтік, дивизионалдық, сызықтық, функционалдық және басқа да түрлерін ұтымды үйлестіре отырып жүзеге асырған жөн.

Басқару органдарның ұйымдық құрылымы бәсеке қабілетті басқару жүйесінің қалыптасу негізін құрайды, әрі басқару есебі мәліметтері негізінде, анықталмаған жағдайда субъектілердің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес басқару функциялар кешенін жүзеген асыруға және басқару шешімдерін жасап шығаруға сондай-ақ сыртқы орта факторларының өзгеруіне қарсы тұруға қабілетті ұйымдаса байланысқан элементтер жиынтығын көрсетеді.

Ұйым қызметінің тиімділігін өзара  байланысты үрдістердің жүйесін  құру және бсқару арқылы көтеруге болады. Бұл, ұйым - өнім мен қызметтің тұтынушы қанағаттанрлықтай, өнім шығару және қызмет көрсету үрдістерін біріктіруге ұмтылуы тиіс дегенді білдіреді.

Жүйені басқару қағидасы төмендегі  іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады: белгіленген  мақсаттарға әсер ететін процестерді  белгілеу арқылы жүйені анықтау; мақсатқа жету үшін оптималды әдіс арқылы жүйені құрылымдау; жүйедегі процестер арасындағы өзара байланысты түсіну; бағалау мен аттестация негізінде жүйені үздіксіз жетілдіру, басымдылық қызметінде ресурстардың келісімділігін орнату.

Басқарушы сыртқы орта жай-жапсарын, орын алып отырған ахуалды, коорпорация  мен еніп отырған жүйесінің қоғамдық құрылымын, жалпы мәдениеттің элементтердің  белгілі бір мөлшерде игеруі, қарамағындағыларға үйренуі қажет. Маман болу үшін менеджерге: ішкі мәдениетін арттыруы, жинақы, алғыр, жауапкершілік сезімі жоғары болуы керек.

Мұндай басқарушыға уақытшалық психологиясы, шаруаларға ырыңсыздық, қарамағындаларға қысым көрсету, әкімшілік  басыну сияқты стиль жат болуы  шарт. Ұйымдық мәдениетті меңгерген  басқарушы ұйым мүмкіндіктерін бейімдеу мен басқару жүйесін жетілдіруге әрдайым алаңдауы қажет бұл әсіресе, мемлекеттік саясат, нарық инфраструктура оның жетіксіздігі, инфляция өсуі, іскер сеіктестердің ұстанымсыздығы сияқты сыртқы жағдайдың тұрақсыздығына өте маңызды.

Басқарушының қызметінде басқару  шешімдерін қолдан ең бастысы болғандықтан, келесі құрамнан тұратын басшының корпоративтік  мәдениет бөлігі ой-талдау мәдениеті  де маңызды орынға ие:

- көптеген ауыспалы (жәйттар, факторлар,  белгілер) деп осы жағдай үшін немесе тапсырма үшін барынша маңыздысын бөліп, даралап, айқындай білу бейімі;

- өз жоспарларын идея деңгейінде қалдырмай өмірде іске асыру мүмкіндігі, «күтпеген бұрылыстар мен су асты тастардай» сақтайтын шараларды алдын-ала қарастыру;

- қабылданған шешімнің нәтижесін алдын-ала болжау оның іске асуы алдын-ала бірнеше деңгейге бағдарлау және сонымен қатар осыдан туындайтын нәтиже мен қосымша жайсыз әсерін алдын-алу;

- бүтін істің құрамының өзін-өзі сақтау, іске асуы және даму мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін оның «ұзақтығын» немесе құрамын (ол неден құралған және қай жерде аяқталады) белгілеу;

- тиімді бір мөлшерлікті және  бағынушылыққа қол жеткізу үшін абстрактты және нақты жүйені құрғанда жекелеген бөлшектер мен бүтін бір бөлігін үйлестіру;

- ағымдағы немесе болашақтағы істеуге жұмсалар күш пен қорды бөлуде мақсатқа қол жеткізу процесінде алыс, ортаңғы және жақын нәтижелерді баламалау [3].

Еңбекке деген ынтасын  және энтузиазмын ояту үшін ұжымға ықпал етудің тәсілдерін таба білу. Бұл – менеджердің ең жауапты әрі күрделі міндеті. Осыған байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне көңіл бөле білуінің маңызы зор: жетістігі үшін оған (қызмкткерге) алғыс айту, оның материалдық жағдайын жасау әрі оны еңбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру. Осының барлығы менеджерді дайындаудың және қайта дайындаудың арнайы жүйесін қажет етеді. Менеджерлерді дайындаудың жүйесі тек кәсіби оқытуды ғана қарастырмай, сонымен қатар ұжымды басқарудың әдістеріне, іскерлік әңгімелесудің өнеріне үйретуі керек.

Қазіргі кезеңде кәсіпорындар күнделікті өзгерістерге сай бейімделу  қажет. Ұйым даму үшін оған өзгертулер енгізуі қажет, яғни өзгертулер –  дамуының негізгі қасиеті болып  табылады. Дегенмен де, өзгерістер кездейсоқ  болып көрінеді, бірақ, бұлардың көбісін саналы түрде өзара үйлестіріп, болашақтағы «керекті бейнені» қалыптасуға тырысамыз.

Өзгертулерге дайындық: әр жағдайға өзгеріс процесінің әр түрлі типтерінің қажет екендігін  түсіну; әр түрлі өзгерістерді басқару, типтері әр түрлі ұсыныстарға  негізделетінін түсіну; ұйымдық өзгерістерге дайындалу барысында мүмкінді жолдардың барлығын қарастыру; нақты өзгеріс мақсатына қол жеткізу үшін ең тиімді жолды таңдай білу.

Уақыт 

1-сурет – Ұйым тиімділігінің  мерзімдік үлгісі

 

Егер қазіргі заманғы банктер тек қана нарықта тұрып қана қоймай, табыс тапқысы келсе, олар сыртқы өзгерістерге бейімделе білуі қажет. Олардың негізгі факторларының бірі ретінде, осы заманғы бизнеске қойылатын талаптары жатады. Олар келесі көздер арқылы анықталады: ақпараттық көздер; ақпараттық технологиялар; ғаламтор.

Өзгерістерді басқаруға  болады және басқару керек. Сыртқы талаптар мен тенденцияларды зерттеп оларға бейімделіп, оны ұйымның икемділігін  көтеру үшін пайдалану арқылы басшылар ұйымды сыртқы ортаға бейімдеп тұрады. Өзгерістердің  жүзеге  асуы келесі қозғаушы күштерге байланысты.

Икемділік – ұйымның  сыртқы орта параметрлері тұтынушы мінез-құлқы, бәсекелестер, заңнама өзгерістеріне  сай жауап беру қабілеті. Бұл әрине  басшылықтың жоспарлау аясында  дұрыс әдістер мен тәсілдер қолданып, сәйкесінше шешім қабылдауына тікелей байланысты. Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудан, пайда болған проблемаларды шешудің жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп бірыңғай өндірістік міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс. Проблема мен мақсат дұрыс тұжырымдалған жағдайда міндеттің шешілуі 50%-ға қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті-өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау [4].

Сонымен қысқа мерзімді тиімділікті ұйымның қысқа мерзім уақыты аралығындағы жағдайды сипаттайды: өнімділік, сапа, икемділік, қанағаттану. Осы тұрғыда өнімділік – ұйымның сыртқы орта талаптарына сай қажетті мөлшер мен сапада өнімді қамтамасыз ету қабілеті. Өнімнің сапасы өндірістің тиімділігін арттыру маңызды фактор, ол ғылыми техникалық процессті жеделдетуге, еңбек өнімділігінің арттыруға, капиталды қолданудың жақсартуға, материалдық сыйымдылықтың төмендетуге, өндірісті ұйымдастыру структурасын жетілдіруге және т.б. өндірістің барлық астарларына тікелей ықпал етеді. Сондай-ақ өнімділіктің артуы мен еңбектің тиімділігі өнімнің сапасының көтерілуіне жағдай жасайды (1-сурет).

Басшы кез-келген проблеманы ең алдымен ұйымдық, басшылық тұрғысында қарастырады. Басшының басқару объектісі  проблемаларын шешудегі ерекше көзқарасының өзі, міне, осында. Проблеманы тұжырымдау көп жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылық белсенділерін жұмылдыра білуіне байланысты.

Нақты мәселені, міндеттің  не себепті қойылғандығын қарастырған  кезде басшы жағдайды – оның пайда  болу себептерін, орындауды неғұрлым тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктерін т.б. айқындайды.

Шешімді ойдағыдай орындау  үшін мақсаттың дәл, әрі айқын  болуының айрықша маңызы бар. Кейде біртұтас мақсатты айқындау оңайға түспейді, өйткені ұйымда күн сайын көптеген міндеттер туындап жатады. Сондықтан басты буын принципі бойынша міндетті негізгі мақсатқа бағындыру қажет. Мұндайда орындауға тиісті қорғалатын мақсаттың да болатындығын ескеру қажет. Мақсаттар қарама-қайшы болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда басты буын принципін ескерген жөн. Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.

Қанағаттану – жұмыскердің  жұмысты орындау нәтижесінде  қанағаттану деңгейі және өзінің осы ұйымға қатыстылық сезіміне қанағаттануы. Бұл көрсеткіш өте маңызды, себебі жұмыскер еңбек өнімділігін арттырған жағдайда да оның қанағаттану деңгейі төмен болса, уақыт міндетті түрде тиімділікті төмендетеді.

Ортамерзімді тиімділік  ұйымның қысқамерзімдік тиімділігіне қарағанда біршама ұзағырақ уақытты  алады. Бұл орайда бәсекеқабілеттілік даму менеджерлердің негізгі мәселелеріне айналмақ. Егер де бейімділік кәсіпорынның сыртқы орта өзгерістеріне деген реакциясын көрсетсе, онда жаңашылдық өз іс-әрекетінде шешім қабылдау және жаңа элементтерді игерудің негізінде өзгерген іс-әрекет бағытын сипаттайды.

Бәсекеқабілеттіліктің екі қасиетін қалыптастыруда кәсіпорындар ұйымның жекелей элементтеріне сүйенеді. Жеке тұрғыдан алғанда бейімділік қасиеті ұйымның әркелкі өнімдер өндіретін технологиялық құрал жабдықтары және тұтастай алғанда техникалық базасы болмайынша қалыптаспайды.

Бәсекеқабілеттілік ұғымының екінші қасиеті болып табылатын жаңашылдық жаңалықтың екі түрін игеру мүмкінділігіне сүйенеді. Бір тұсы бұл өндірістің техника-технологиялық жаңартылуымен байланысты техникалық жаңалық болып табылады. Мұның құрамына құрал-жабдықтар мен аппаратура, өндірістің техникалық құралдарын қамтамасыз ету сондай-ақ өнімдерді өндіру технологиясы аясындағы жаңалықтарды игерудің әдістер мен тәсілдері кіреді. Бәсекеқабілеттілік ұғымы көп жақты болып, кәсіпорын іс-әрекетінің тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары болып табылатын сабақ және өндіріс технологиясын қамтиды. Сонымен қатар ғылыми әдебиеттерде ұлттық экономиканың және аймақтық бәсеке – қабілеттілігі ұғымдары қолданылады. Әр ұғымның құрылымы объектінің бәсекеқабілеттілігі элементтерінен және мақсатқа жетуде олардың өзара ұйымдасуынан тұратынын негіздейді Ұйымның бәсекеқабілеттілігі – қатысты өлшем, өйткені ол сату уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы нәтижесінде көрінуі мүмкін. Ұйым қызметінің ұзақмерзімді тиімділігі ұйымның ішкі ортада да және сыртқы ортада да өз орнын сақтап, өркендей білу қабілеті [5].

Сонымен бейімділік пен  жаңашылдық менеджмент тиімділігін  жоғарылатуда қажетті және жеткілікті жағдайларды айқындайды.

Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелрдің бірі кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесін шешетін және сол ұйымның нарықтық орта элементтерімен байланысын қамтамасыз ететін бәсекеқабілеттілігін басқару жүйесін құру. Осы орайда шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген тиімді менеджмент жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар бәсекеқабілетті басқару жүйесінің ақпаратын қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт-бағдарын күшейте түсу керек.

 

    1.  Менеджмент тиімділігінің факторлары және тиімділікті басқару жүйесінің көрсеткіштері

 

Менеджмент тиімділігіне әсер ететін факторларға, ұйым көлемі және ондағы қызметкерлер саны, және де өндірістік қызметтің ерекшеліктері  жатады. Осы факторлардың ішінде:

- қызметкерлердің ынтасы, жұмыс жасау қабілеттілігі;

- өндіріс құралдары;

- ұйым мәдениеті;

- персонал қызметінің әлеуметтік аспектілері.

Бұл жаңа ақпараттық және басқарушылық технологияларды пайдалануды, іскерлік үрдістердің максималды түрде компьютерлеу және автоматтандыруды, басқаруды ұйымдастыруда қызметкерлердің активті қатысуы, басқару нәтижелерінде барлық қатысушыларды қызығушылықтарында, сенімді коммуникация орнату. Әрбір компания, кез-келген басқару субъектісі тиімділікке әсер ететін өзінің ішкі және сыртқы факторлары болады. Менеджмент тиімділігі басқару субъектілерінің активтілігіне байланысты. Бұл активтілік фактордың екі түрінен пайда болады – құрылымдық және жандандырушы. Басқарудың құрылымдық факторлары жүйелікті, объективтілікті, логиканы, дұрыс қадамды талап етеді. Олар техникалық қабілеттілік саласында көрініс табады. Жандандырушы факторлар адамдармен басқару үрдісін, өзара қарым-қатынасты жақсарта білу үрдісін көрсетеді (1-кесте).

 

1-кесте – Менеджмент  тиімділігіне әсер ететін ішкі  және сыртқы факторлар

 

Сыртқы факторлар

Ішкі факторлар

Бәсекелестің активті саясаты

Ұжымдағы психологиялық климат

Тұтынушылардың экономикалық жағдайындағы күтілмеген өзгерістер

Жұмыстың көптігі, тұрақсыздық, жабдықтаулардың  бірқалыпсыздығы 

Ұйым жұмысының тиімділігіне әсер ететін экономикалық, саяси дағдарыстар

Жұмыс уақытының жоғалуы, ынталандырылмаған  өткізулер, жұмысшылардың жұмыс  уақытысында өз орнында болмауы

Қоғамдық маңызды мерекелер

Қызметкерлердің және басқарушылардың  сырқаттануы

Қоғамдағы құрылымдық өзгерістер

Кәсіпкерлік қозғалыс тараынан өткізілетін кешендер (митингтер, дау жанжалдар және тағы басқа)

Жағымсыз ауарайы жағдайлары

Өндірістік жан жалдар

Еңбек нарығындағы жағдай: мамандардың  жетіспеушілігі, жұмыссыздық, қызметкерлердің  білімінің жетіспеушілігі

Жаңа қызметкерлерді жұмысқа алу немесе босату

Жұмыс берушілердің есебінен әлеуметтік үрдістерді реттеу бойынша мемлекеттің  кешендері 

Ұйым қызметін қысқарту немесе кеңейту 

Қаржы нарығындағы аяқасты өзгерістері 

Ұйым қызметіне кедергі жасайтын немесе үлес қосатын, әсер етуші тұлғалардың іс-әрекеті

Мемлекеттің өндірістік саясатына  әсер етуші саяси күштер қатынасында  өзгерістердің болуы 

Ұжымның әлеуметтік инициативалары, жаңа ойлап табулары

Күтілмеген энергоресурс және өнім нарығы коньюнктурасының өзгеруі

Еңбек қауіпсіздігі және меншікті қорғау факторлары

Кәсіпкерлікке байланысты оң және кері заңнамалар

Байланыс құралының, техниканың, құрал-жабдықтың  және көліктің жөнделмегендігі 

Халықтың сапасын төмендететін миграциялық үрдістер

Персоналдың немесе тұтынушылардың криминалдық іс-әрекет жасауы: ұрлық, жалған

Қызмет көрсету және тауар өндірісіндегі  жаңа технологиялар 

Даму жоспары ұжымымен келіскен түрде басқару стратегиясын қалыптастыру

Еңбек жағдайына және техника қауіпсіздігіне кәсіподақтардың талаптары 

Әкімшілік бақылау, жеңілдік жасау жүйесі

Кәсіпорын басшылығының және имиджінің  қалыптасуына бұқаралық ақпарат  құралдарының әсері 

Қызметкерлердің еңбек өнімділігінің  және шығармашылығының позитивті ынтасы

[3, 362 б.]

Информация о работе Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері