Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:04, дипломная работа

Описание

Зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» алынған болатын. Өз кезегінде Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................ 3

Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері
Тиімділіктің түсінігі және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.............5
Менеджмент тиімділігінің факторлары және тиімділікті басқару жүйесінің көрсеткіштері...................................................................................12
Менеджмент тиімділігін бағалау тәсілі........................................................ 24

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі кезеңдегі сипаттамасы және даму деңгейі
2.1 Ұлттық Банк қызметінің тиімділігін бағалау ............................................31
2.2 Ұлттық Банктің менеджмент тиімділігін анықтаушы сыртқы және ішкі орта параметрлерін анықтау................................................................................42

Қазақстан Ұлттық банкінің менеджмент тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Ұлттық Банктегі менеджмент тиімділігін бағалаудың оңтайлы әдістемесі...................................................................................................................62
3.2 Менеджмент тиімділігін арттырудағы Ұлттық банктің жүйесін жетілдіру жолдары..................................................................................................75

Қорытынды..............................................................................................................82

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................84

Работа состоит из  1 файл

Диплом Аяу.doc

— 857.00 Кб (Скачать документ)

Ұлттық Банктің банктер мен  банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының тұрақтылығын ұстап тұруға, банктер кредиторларының, олардың салымшыларының және клиенттерінің мүддесін қорғауға бағытталған.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Экономикадағы және қаржы нарықтарындағы ахуалды ескере отырып неғұрлым ұзақ кезеңге арналған болжамдарды және стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, елдегі салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге байланысты. Мақсаттық көрсеткіштер тұтыну бағаларының индексін пайдаланумен белгіленеді. Олармен қатар ішкі талдау үшін «базалық инфляция» индексі пайдаланылады, ол монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне күйрете әсер етуді жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді.

 





 


 


 

 

 

7-сурет – «Ұлттық Банк Алматы қалалық филиалының ұйымдастырушылық құрылымы»

 

Ұлттық Банк сатылап  бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің  жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару  органы Директорлар кеңесі болып табылады (7-сурет).

Ұлттық Банктің негізгі  мақсаты Қазақстан Республикасында  баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып  табылады. Негізгі мақсатын іске асыру  үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер  жүктеледі: 

- мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; 

- төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық Банк өзiне жүктелген  мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:

- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша - кредит саясатын жүргiзедi;

- Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;

- банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;

- Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;

- төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;

- Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

- Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;

- қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады.

Ұлттық Банк мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында:

- ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныстар мен ұсыныстарға, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтулерге байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілейді;

- жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейін белгілейді;

- ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

- инфляциялық процестердi ақша-кредиттiк реттеудiң жанама әдiстерiмен тоқтату мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, Ұлттық Банк жекелеген салаларды ынталандыру және олардың дамуын ұстап тұру мақсатында кредиттеудің лимиттерін белгілеу, олар бойынша сыйақы ставкаларын тоқтатып қою, операциялардың жекелеген түрлері мен мәмілелер бойынша ең жоғарғы ставкаларды белгілеу және кредиттің нақты түрлерін тікелей реттеу арқылы операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тiкелей сандық шектеу қоюға құқылы;

- ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердің Ұлттық Банктен қарыз алуының жалпы көлемін реттейді, сондай-ақ банктерге берілген заемдарды тартудың және өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;

- депозиттерді қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Ұлттық Банкте депозиттер берудің және өтеудің тәртібін, талаптарын, тартудың түрлерін, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;

- валюта нарығындағы басымдықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың көздерін бағалауды және талдауы жүзеге асырады;

- мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын, меншікті бағалы қағаздар.Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығаруды жүзеге асырады, сондай-ақ қысқа мерзімді ноталарды шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің тәртібін, талаптарын айқындайды;

- жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

- ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және коммерциялық вексельдерді Ұлттық Банктің қайта есепке алуы үшін ұсынылатын талаптарды белгілейді [20].

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

- 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан  және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат

- 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы

- Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі

- 5 есеп беретін ұйым:

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (қазыналық кәсіпорны)

Ұлттық Банк: 

- «Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры»  

- «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»

- «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры»

-«Қазақстан Актуарлық орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.

1. Төлем балансының статистикаcы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қалалық  филиалының (бұдан әрі – Филиал) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметінде: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», 2005 жылғы 13 маусымдағы «Валюталық реттеу мен валюталық бақылау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының және Ұлттық Банктің өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Ұлттық Банк Басқармасы мен Директорлар кеңесінің қаулыларын, филиал басшылығының бұйрықтарын, өкімдерін, нұсқауларын, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлім қызметінің методологиялық басшылығын Ұлттық Банкі Төлем балансының және валюталық реттеу департаменті жүзеге асырады.

4. Бөлімнің құрылымы мен штаты белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі. Бөлім жұмысына филиал директоры немесе оның орынбасары жетекшілік етеді.

5. Бөлім филиалдың құрылымдық бөлімшелерімен, Алматы қаласының екінші деңгейдегі банктерімен, Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелерімен, сондай-ақ аймақтың шаруашылық жүргізетін басқа субъектілерімен өзара іс-әрекет етеді.

6. Бөлім жұмысын басқаруды ҚР нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қызметке филиал директоры тағайындайтын және босататын бастық жүзеге асырады.

Бөлім бастығы болмаған кезде оның міндеттерін филиал директорының бұйрығына сәйкес бөлімнің бас экономистерінің  бірі атқарады.

7. Бөлімнің әр қызметкері оның лауазымдық нұсқаулығымен белгіленіп тапсырылған жұмыс участогы үшін дербес жауапкершілікте болады.

Бөлімнің негізгі міндеттері. Бөлімнің негізгі міндеті елдің  төлем балансын қалыптастыру мақсатында Алматы қаласы кәсіпорындарының сыртқы экономикалық операциялары жөнінде қажетті толық және дұрыс ақпаратпен ҚР Ұлттық Банктің орталық аппаратын қамтамасыз ету болып табылады.Бөлімнің функциялары.Бөлім оған жүктелген міндеттерге сәйкес және Ұлттық Банктің филиалға берген өкілеттілігі шегінде мынадай функцияларды орындайды:

1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеу куәліктерін және валюталық операциялар мен заңды тұлғалар-резиденттердің шетел банктерінде банктік шот ашу жөніндегі хабарлау туралы куәліктерді береді.

2. Сыртқы экономикалық қызметі бар кәсіпорындардың өңірлік тіркелімін және төлем балансы бойынша мемлекеттік статистикалық есеп нысандары бойынша респонденттердің тізбесін қалыптастыру мен көкейкесті етуді жүзеге асырады.

3. Кредиттік және инвестициялық тіркелімдерді, өзге операциялардың тіркелімін және шетел банктеріндегі шоттардың тіркелімін қалыптастырады және көкейкесті етеді.

4. Төлем балансы бойынша деректерді жинау және өңдеу жөнінде филиалдың функцияларын автоматтандырылуын қамтамасыз ететін автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе шеңберінде оларды кейін Ұлттық Банк орталық аппаратының тиісті бөлімшесіне ұсынумен валюталық мониторинг мақсаты үшін мәліметтерді жинауды, өңдеуді жүзеге асырады.

5. Төлем балансы бойынша мемлекеттік статистикалық есеп нысандары бойынша ақпаратты, сонымен қатар төлем балансы бойынша деректерді жинау және өңдеу жөнінде филиалдың функцияларын автоматтандырылуын қамтамасыз ететін автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе шеңберінде хабарлау туралы куәліктер мен тіркеу куәліктері бойынша есептерді жинауды, өңдеуді және Ұлттық Банк орталық аппаратының тиісті бөлімшесіне тапсыруды жүзеге асырады.

6. Ұлттық Банк орталық аппараттың тиісті бөлімшесіне көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы ақпаратты ұсынады.

7. Бөлім құзыреті шеңберінде заңды және жеке тұлғалар – резиденттермен, сонымен қатар валюталық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент еместерімен кеңес беру-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады.

8. Төлем балансының жекелеген баптарына баға беру үшін Ұлттық Банк жүргізетін бір жолғы іріктеу зерттеулерге қатысады.

9. Ұлттық Банк орталық аппараты жіберіпетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді енгізу арқылы бөлім жұмысына қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады.

10. Ұлттық Банк нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бөлім жұмысына тән тәуекелдерді анықтайды, талдайды және басқарады.

11. ҚРҰБ Басқармасының 11.12.2006ж. №129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесіне қосымшалар нысандары бойынша есептерді тапсырмаған респонденттердің тізбесін, кейін оларды Валюталық операцияларды бақылау бөліміне респонденттерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселені қарау үшін беру арқылы  тоқсан сайын анықтайды және жасайды.

12. Бөлім құзыреті шеңберінде валюталық заңнамаға сәйкес талап етілетін валюталық операциялар бойынша ақпараттар мен құжаттарды ұсыну тәртібін бұзған респонденттерді, тіркеу куәліктерін, кейін құжаттарды Валюталық операцияларды бақылау бөліміне респонденттерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселені қараумен бірге  үшін валюталық операцияларды хабарлау туралы куәліктер алу үшін құжаттарды беру мерзімін анықтайды.

13. Төлем балансы бойынша бос емес мемлекеттік статистикалық есептерді ұсынған кезде, оның ұсыну мерзімі біткеннен кейін, ақпаратты респонденттерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселені қарау үшін Валюталық операцияларды бақылау бөліміне жібереді.

14. Бөлім жұмысына қатысты мәселелер бойынша филиал басшылығына ақпарат ұсынады.

15. Филиалдың құрылымдық бөлімшелерімен, екінші деңгейдегі банктермен, басқа ұйымдармен бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар жұмысына қатысады.

16. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне кеңес береді [21].

Ұйым даму үшін оған өзгертулер енгізуі қажет, яғни өзгертулер –  дамуының негізгі қасиеті болып  табылады. Дегенмен де, өзгерістер кездейсоқ  болып көрінеді, бірақ, бұлардың көбісін саналы түрде өзара үйлестіріп, болашақтағы «керекті бейнені» қалыптасуға тырысамыз. Өзгертулерге дайындық: әр жағдайға өзгеріс процесінің әр түрлі типтерінің қажет екендігін түсіну; әр түрлі өзгерістерді басқару, типтері әр түрлі ұсыныстарға негізделетінін түсіну; ұйымдық өзгерістерге дайындалу барысында мүмкінді жолдардың барлығын қарастыру; нақты өзгеріс мақсатына қол жеткізу үшін ең тиімді жолды таңдай білу. Егер қазіргі заманғы банктер тек қана нарықты тұрып қана қоймай, табыс тапқысы келсе, олар сыртқы өзгерістерге бейімделе білуі қажет. Олардың негізгі факторларының бірі ретінде, осы заманғы бизнеске қойылатын талаптары жатады. Олар келесі көздер арқылы анықталады: ақпараттық көздер; ақпараттық технологиялар; ғаламтор. Өзгерістерді басқаруға болады және басқару керек. Сыртқы талаптар мен тенденцияларды зерттеп оларға бейімделіп, оны ұйымның икемділігін көтеру үшін пайдалану арқылы басшылар ұйымды сыртқы ортаға бейімдеп тұрады. Өзгерістердің  жүзеге  асуы келесі қозғаушы күштерге байланысты. Сонымен қысқамерзімді тиімділікті ұйымның қысқа мерзім уақыты аралығындағы жағдайды сипаттайды: өнімділік, сапа, икемділік, қанағаттану. Осы тұрғыда өнімділік – ұйымның сыртқы орта талаптарына сай қажетті мөлшер мен сапада өнімді қамтамасыз ету қабілеті. Өнімнің сапасы өндірістің тиімділігін арттыру маңызды фактор, ол ғылыми техникалық процессті жеделдетуге, еңбек өнімділігінің арттыруға, капиталды қолданудың жақсартуға, материалдық сыйымдылықтың төмендетуге, өндірісті ұйымдастыру структурасын жетілдіруге және т.б. өндірістің барлық астарларына тікелей ықпал етеді. Сондай-ақ өнімділіктің артуы мен еңбектің тиімділігі өнімнің сапасының көтерілуіне жағдай жасайды. Икемділік – ұйымның сыртқы орта параметрлері тұтынушы мінез-құлқы, бәсекелестер, заңнама өзгерістеріне сай жауап беру қабілеті. Бұл әрине басшылықтың жоспарлау аясында дұрыс әдістер мен тәсілдер қолданып, сәйкесінше шешім қабылдауына тікелей байланысты. Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудан, пайда болған проблемаларды шешудің жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп бірыңғай өндірістік міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс. Проблема мен мақсат дұрыс тұжырымдалған жағдайда міндеттің шешілуі 50%-ға қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті-өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау.Басшы кез-келген проблеманы ең алдымен ұйымдық, басшылық тұрғысында қарастырады. Басшының басқару объектісі проблемаларын шешудегі ерекше көзқарасының өзі, міне, осында. Проблеманы тұжырымдау көп жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылық белсенділерін жұмылдыра білуіне байланысты. Нақты мәселені, міндеттің не себепті қойылғандығын қарастырған кезде басшы жағдайды – оның пайда болу себептерін, орындауды неғұрлым тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктерін т.б. айқындайды.

Информация о работе Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері