Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:04, дипломная работа
Зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» алынған болатын. Өз кезегінде Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе........................................................................................................................ 3
Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері
Тиімділіктің түсінігі және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.............5
Менеджмент тиімділігінің факторлары және тиімділікті басқару жүйесінің көрсеткіштері...................................................................................12
Менеджмент тиімділігін бағалау тәсілі........................................................ 24
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі кезеңдегі сипаттамасы және даму деңгейі
2.1 Ұлттық Банк қызметінің тиімділігін бағалау ............................................31
2.2 Ұлттық Банктің менеджмент тиімділігін анықтаушы сыртқы және ішкі орта параметрлерін анықтау................................................................................42
Қазақстан Ұлттық банкінің менеджмент тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Ұлттық Банктегі менеджмент тиімділігін бағалаудың оңтайлы әдістемесі...................................................................................................................62
3.2 Менеджмент тиімділігін арттырудағы Ұлттық банктің жүйесін жетілдіру жолдары..................................................................................................75
Қорытынды..............................................................................................................82
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................84
«Мақсаттар талы» термині 2 ұғымнан тұрады: «тал» - бұл графтар теориясында айқын жазылған, «мақсаттар» - оны басқаруда нақты мағынасы бар. Бұл 2 ұғымды біріктіру арнайы түсінік беруді талап етпейді және өзімен өзінің түсінгеніндей әдетінше сезімділікпен ұғынылады. «Талдың» тамыры деп аталатын «Мақсаттар талы» ұғымынды «тал тамыры» бағдарламаның басты мақсатымен бірдей деп қаралады, бөліп шығарған бірінші сатыдағы төбе бірінші деңгейдегі мақсатқа сәйкес болса, келесі сатыдағы төбе екінші сатыдағы мақсатпен анықталады және с.с. «Мақсаттар талының» төменгі салаларындағы мақсатын өте жоғары деңгейдің мақсаттарына жетудің әдістері мен құралдары деп қарастыру керек.
Бұдан соң «мақсаттар талының» көмегімен негізгі мақсатпен және басқа мақсаттар өзара үйлестіріліп, қатарлары белгіленгеннен кейін, бағдарлама әдетінше барлық орындаушыларға міндеттелетін директивтік құжаттың формасын алады.
Қабылданған бағдарлама орындалуға беріледі. Бірақ оны жүзеге асыру үрдісінде басқаруда және қоршаған ортада өзгерістер тууы мүмкін, бағдарламаны қабылдаған уақытта бұлар мүмкін болмаған (немесе есепке алынбаған).
Бақылаудың нәтижесі бойынша талдау жасалынады, оны жасаған уақытта алынған нәтижелер бағдарламаның негізгі мақсатымен (мақсаттарымен) салыстырылады, ауытқушылық болған жағдайда оның себебі анықталады.
Біздің елде барлық деңгейдегі бағдарламалы – мақсатты басқару бойынша мәнді тәжірибе жинақталған. Бірақ, бағдарламаның кейбіреуі толық күйде және өз уақытында жүзеге аспаған. Бағдарлама тапсырмасының орындалмау себептерінің ішінде бақылаудың ойдағыдай ұйымдастырылмағанын, жауапкершіліктің төмен дәрежеде болуын және бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатындарды тиісті ынталандырудың болмауын атап көрсетуге болады.
Жүйелі тәсіл мен бағдарламалы – мақсатты басқару менеджмент әдістемелігінің іргелі қағидасы ретінде басқарудың заңдылығымен, принциптерімен, функцияларымен және әдісімен тығыз өзара байланыста болады.
Жүйелік көзқарас – объектінің немесе ұйымды өзара бір-біріне тәуелді байланысқан элементтің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол әлемдегі ұйым мақсаты, құрылымы, міндеті, технологиясы және еңбек ресурстары жатады.
Процестік көзқарас – басқаруды тізбектей бірінен кейін бірі орындалатын процестің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол процестерде басқару функциясының көмегі арқылы жүзеге асыру, яғни жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және ынталандыру.
Жағдайлық көзқарас – кез-келген мәселені шешуге, кез-келген іс-әрекеттерді талдауға, басқарудың универсалды амал тәсілдерінің әдістері жоқ екендігін атап көрсетеді. Осыған орай кез-келген проблеманы, жағдайға өзіндік қолайлы әдістер арқылы ықпал етуді сипаттайды.
Тиімділікке қол жеткізуде сапаны бақылауда ұйымдастыру – толығымен нормативті – техникалық құжаттарға сәйкес келетін өнімді өндіруге бағытталған әкімшілік шаралар жүйесі [12].
Бақылау кезінде оның объектісінің жағдайы, оның қасиеттерінің көрсеткіштері туралы толық ақпарат алынады. Бұл ақпарат сызбалар, техникалық шарттар, өнімді жеткізу және басқа да келісімшарттармен салыстырылады.
Бақылау бүкіл операциялар циклі кезінде жүргізіледі. Дайын өнімді бақылау тек ақау пайызын көрсетеді, ал мұның өзі тауар сапасына, оның қалыптасуына еш істерін тигізе алмайды. Сол себептен бақылау әр технологиялық операция кезінде жүзеге асырылуы тиіс. Ақау неғұрлым ерте байқалуы керек.
Бақылау түрлері:
1. бақылау мақсаты бойынша: өнімді қабылдауды бақылау әр технологиялық процестерді бағалауға арналған өнімнің сапасын бақылау;
2. бақыланатын өнімді қолдану мүмкіндігі бойынша: құлдыратушы, құлдыратпайтын;
3. көлемі бойынша: жалпы, таңдамалы;
4. өндіріс процессінің сатылары бойынша: операцияларды, дайын өнімді сақтауды, транспорттауды бақылау;
5. шешімдерді қабылдау бойынша: белсенді, пассивті;
6. бақылау мінезі бойынша: ұшырмалы, инспекциялық;
7. өнімнің бақылауға түсуіне байланысты: үзіліссіз, өнім партиясын бақылау;
8. бақылау параметрі бойынша: сапалық, сандық.
Басты назарды кіру бақылауына және жабдықтаушыларды таңдауға аудару керек. Ақаудың алдын алу үшін өнімдері жақсы атаққа ие жабдықтаушыларды таңдау тиіс. Кейбір қосалқы бұйымдарды сатып алатын компаниялар жабдықтаушылардың сапа жүйесінің тиімділігіне сүйене отырып, тексерілетін парметрлер санын қысқартады, ал кейбіреулері мүлдем тексеруден бас тартады.Мұндай әдіс екі жаққа да өте тиімді: сатып алушы сапаны бақылауға кететін шығындарды азайтады, ал жабдықтаушы фирманың беделі өседі.
Егер бақылаудың барлық түрлері, материалдар, дайын өнімдерді сынақтан өткізу бір технологиялық процесстің бақылау операциясын құрайтын болса, өндіріс процессінің ұйымдастырылуы неғұрлым тиімді болады.
Талдау зерттеу объектісінің қызмет нәтижесін зерделеу әдісі ретінде дұрыс басқарудың шешімдері қабылданған және қауіптілікті қауіпсіздендіру әдістерін іздестірудің негізін бере алатын кез-келген шаруашылық ақпарат беретін негізгі көзі болып табылады. Экономикалық ғылым үшін бағалау және талдау категориясының мәнін анықтап алған жөн. Тәжірибелердің көрсетуінше бағалау, таңдау үшін нақты таңдап алынған талаптардың сандық мәнін білдірсе, талдау бағалаудың экономикалық мазмұнынан тарайтын, алынған сандық сипаттар қозғалысымен, олардың ақпараттық базасындағы мәнін анықтауға мүмкіндік беретін іс-әрекеттер мен құбылыстарды бағалау жүйесін білдіреді.
Осы орйда, әдіс дегеніміз – қандай да бір құбылыс немесе зерттеу нысанын зерделеу құралы (тәсілі).
Менеджменттегі талдау үзіліссіз, тұрақты және уақытқа байланысты өзара байланыстырылған болуы тиіс. Оның мақсаты ішкі қарама-қайшылықтарды зерттеу, яғни әрбір процестердің жағымды, жағымсыз жақтарын зерттеу, яғни септік салдар байланысын анықтау. Талдау құжаттық түрде бағдарлама ретінде сипатталуы тиіс: талдау мақсаты және міндеттері; талдау нысаны; зерттеу жұмыстарының көрсеткіштер жүйесі; зерттеу кезеңінде және тізбектер бойынша нұсқаулар; зерттеулерді жүргізуде қолданылатын техникалық жарақтар; зерттеу нәтижелері түсетін құжаттар сипаты; талдау нәтижелерін тұтынушылар. Менеджменттегі талдау құралдары көрсетілген. Кестеден байқағанымыздай талдау жүргізуде аналитикалық жұмыстар келесі мәселелерді шешеді:
-Компанияның қаржы жағдайын және оның факторларының болашақтағы мүмкіндіктерін өзгерістерін жалпы бағалау.
-Қолда бар қаражаттармен олардың дұрыс қолданылуын зерттеу. Несиелік тәртіпті сақтау.
3-кесте–Менеджмент тиімділігін анықтауда қолданылатын құралдар
Талдау, әдістер, тәсілдер | |||
Ақпаратты өңдеудің дұрыс әдістері |
Детерминациялық факторлық талдау әдістері |
Стохастикалық талдау әдістері
|
Көрсеткіштерді оңтайландыру көрсеткіштері |
Салыстыру
|
Тізбектік әдістер
|
Корреляциялық талдау |
Экономикалық-математикалық әдіс |
Салыстырмалы және орташа шамалар |
Индекстік әдіс |
Дисперсиялық талдау |
Массалық қызмет көрсету теориясы |
Графикалық әдіс |
Абссолюттік айырмашылық |
Компаненттік құрам бойынша талдау |
Ойындар әдісі |
Талдау |
Салыстырмалы айырмашылық |
Қазіргі замандағы көп факторлық талдау |
Операцияларды зерттеу |
Баланстық әдіс |
Интеграциялық әдіс |
Регрессиялық есептеулер |
Эмитация |
Құрымдылық әдіс |
Пропорцияналдық бөлу |
Ауытқуларды есептеу |
Үлгілеу әдістері |
[13, 42 б.] |
Компания нарықтағы тұтынушылардың сұранысына байланысты қалай әрекет екендігін бағалау (3-кесте).
Талдаудың жүргізілу мақсатына қарай тәжірибеде келесі түрлері қарастырылған:
Салыстырмалы. Әдетте, өткен кезең көрсеткіштермен, ағымдық кезең көрсеткіштері салыстырылады. Көрсеткіштердің уақыт бойынша қозғалысы және олардың негізгі бәсекелестік фирма көрсеткіштермен салыстырылуы.
Факторлық талдау. Көрсеткіштердің нәтижесін өсіруге байланысты әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған.
Диагностикалық талдау. Қандай да бір нормалардан ауытқуларды анықтаған жағдайда осы айырмашылықтарын себеп-салдарын, нақты анықтау.
Маржиналдық талдау. Өзіндік құн, табыс, өтім көлемі және басқа да қаржылық көрсеткіштер негізінде белгілердегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін негіздеу және бағалау.
Экономикалы – математикалық талдау. Компанияның ағымдық жағдайы негізінде, оның болашақта тиімдірек жұмыс істеу бағыттарын анықтау.
Стохастикалық талдау. Бұл статистикалық, математикалық әдістері негізінде қалыптасатын процестік құбылыстардың өзара тәуелділігін зерттеу.
Функционалдық құндық талдау.
Компаниядағы қаржы және капитал
сапасын анықтау тұрақты және
айнымалы шығындардың өзара
Әрбір компанияның ішкі және сыртқы ортасы бар. Компанияның ішкі ортасы оның өмірлік деңгейінің тіршілік көзі болып табылады. Ал сыртқы ортасы ішкі әлеуетті қолдаушы болып табылады. Бұл факторлар компанияның жұмысының нәтижесін не жақсартуы, не керісінше дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін. Сондықтан компанияның әрдайым тәуекелділік деңгейінде өмір сүреді. Кешендік талдау осы тұрғыдан компанияны дағдарысқа әкелетін процестерді дер кезінде анықтауға бағытталған. Жалпы кәсіпорынның сыртқы ортасы келесі құбылыстарды зерттеуге негізделген: экономикалық компоненттер; саяси; техникалық компоненттер.
Микродеңгейде демографиялық құбылыстарға сатып алушылардың демографиялық сипаттары, сатып алушылардың өніміне байланысты көз қарастар зерделенеді. Жалпы шет ел тәжірибесінде компанияның ішкі ортасын бағалауда келесі талдау түрлері қолданылады:
1.Gap талдау. Компанияның
қаржылық көрсеткіштерін
2.Step талдау. Компания мақсатының алынған нәтижелерге сәйкестігін анықтау.
3.Джи және Маккинзи талдауы. Алынған нәтижелер мен ағымдық нәтижелердің арасындағы алшақтық деңгейін бағалау [14].
Компанияның ішкі ортасы келесі бөлулер негізінде талданады:
1.Мамандардың бөлінушілері.
Менеджерлермен жұмысшылар
2.Ұйымдық бөлім. Ұйымдық
құрылымдар, нормалар, ережелер, коммуникациялық
процестер, компания
3.Өндірістік бөлім. Өнімді дайындау технологиясы және т.б.
4.Маркетингтік бөлім.
Өнімді өткізуге байланысты
5.Қаржылық бөлім.
Компанияда қаржылық деңгейді анықтауды келесі қағидалар сақталуы тиіс:
1.Өндіріс факторларын
бағалауға байланысты
2.Сыртқы ортаға байланысты қағидалар: тәуекелділік; тұтынушылық құнның сәйкестілігі; икемділік; сұраныс және ұсыныс; бәсекелестік және оның түрлері.
Компания деңгейіндегі стратегия келесі бағыттар бойынша құрылады:
1.Өндіріс (өндіріс көлемі, қор мөлшері, рационалды еңбек бөлінісі, еңбек күші біліктілігінің өндіріске сәйкестілігі).
2.Қаржы (ағымдағы және күрделі шығындар мөлшері, айналым қаражатының артылуы, қаржы ресурстары, қаржы көздері).
3.Маркетинг (нарық сегменті, баға саясаты, тауардың жылжуы).
4.Қызметкерлер – ұйымдағы
қызметкерлердің білімін,
5.Мәдениет – фирма
абыройы, дәрежесі, ұйымдағы қарым-қтынастарды
жетілдіру, әдет-ғұрып пен
Ақпараттық технологияларды үнемі жетілдіріп отыру, әрекет етуші бағдарламалармен тығыз қарым-қтынаста болатын жаңа бағдарламалық өнімдерді енгізуді қажет етеді. Халықаралық стандарттарға өту бойынша іс-шаралар жоспарымен сәйкес басқарушылық есеп берулерді дайындау және беру жүйесін автоматтандыру жетілдірілетін болады. Ол шынайы уақыт режимінде басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін компания қызметінің негізгі параметрлерін қадағалауға мүмкіндік береді.
Кез-келген басқару процесі бірізділік қағидасына негізделген болу керек. Бұл олар тұратын іс-әрекеттер жеңістікте және уақытта қатаң белгіленген тәртіппен реттелетіндігін білдіреді. Мысалы, алдымен шешім қабылдап алып содан кейін оны қорытындылауға болмайды. Бірқатар жағдайларда басқару іс-әрекеттерінің бірізділігі қандай да бір уақыт аралығына олардың қайталануын көздейтін циклдық сипатқа ие болады [16].
Информация о работе Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері