Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:04, дипломная работа

Описание

Зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» алынған болатын. Өз кезегінде Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................ 3

Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері
Тиімділіктің түсінігі және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.............5
Менеджмент тиімділігінің факторлары және тиімділікті басқару жүйесінің көрсеткіштері...................................................................................12
Менеджмент тиімділігін бағалау тәсілі........................................................ 24

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі кезеңдегі сипаттамасы және даму деңгейі
2.1 Ұлттық Банк қызметінің тиімділігін бағалау ............................................31
2.2 Ұлттық Банктің менеджмент тиімділігін анықтаушы сыртқы және ішкі орта параметрлерін анықтау................................................................................42

Қазақстан Ұлттық банкінің менеджмент тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Ұлттық Банктегі менеджмент тиімділігін бағалаудың оңтайлы әдістемесі...................................................................................................................62
3.2 Менеджмент тиімділігін арттырудағы Ұлттық банктің жүйесін жетілдіру жолдары..................................................................................................75

Қорытынды..............................................................................................................82

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................84

Работа состоит из  1 файл

Диплом Аяу.doc

— 857.00 Кб (Скачать документ)

 

2010 жылдың бірінші  жартысында көрсетілген уақыт  аралығында экспортерлер мен  импортерлердің шоттары арқылы  экспорттық мәміле паспорттары  бойынша нақты төлемдер сомасы 14 336,9 млн. АҚШ долларын  құрады, оның ішінде алдын ала ақы төлеу түрінде – 8 005,43 млн. АҚШ доллары, тауар тиелгеннен кейін ақы төлеу түрінде – 6 331,5 млн. АҚШ доллары.

 

5-кесте – Экспорттық мәміле паспорттары бойынша нақты төлемдер сомасы

 

Экспорттық мәміле паспорттары  бойынша

2009 ж

2010 ж

1 жарт

2 жарт

1 жарт

2 жарт

Алдын ала ақы төлеу

4 132,78

6 975,77

8 005,43

10 266,48

Тауар тиелгеннен кейін  ақы төлеу

7 652,66

6 995,92

6 331,5

7 603,42

Барлығы

11 785,44

13 971,7

14 336,9

17 869,9

[14, 60 б.]


     

2010 жылдың екінші жартысында  көрсетілген уақыт аралығында  экспортерлер мен импортерлердің  шоттары арқылы экспорттық мәміле паспорттары бойынша нақты төлемдер сомасы 17 869,9 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде алдын ала ақы төлеу түрінде – 10 266,48 млн. АҚШ доллары, тауар тиелгеннен кейін ақы төлеу түрінде – 7 603,42 млн. АҚШ доллары.

2009 жылдың бірінші  жартысында импорт бойынша жүзеге асырылған төлемдердің сомасы 9 948, 69 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде алдын ала ақы төлеу түрінде – 6 946,9 млн. АҚШ доллары, тауар тиелгеннен кейін ақы төлеу түрінде -  6 451,07млн. АҚШ доллары.

2009 жылдың екінші жартысында импорт бойынша жүзеге асырылған төлемдердің сомасы 11 502,96 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде алдын ала ақы төлеу түрінде – 7 482,83 млн. АҚШ доллары, тауар тиелгеннен кейін ақы төлеу түрінде – 4 020,13млн.  АҚШ доллары.

2010 жылдың бірінші  жартысында импорт бойынша жүзеге асырылған төлемдердің сомасы 10 702,79 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде алдын ала ақы төлеу түрінде – 6 946,9 млн. АҚШ доллары, тауар тиелгеннен кейін ақы төлеу түрінде – 3 755,89 млн. АҚШ доллары.

2010 жылдың екінші жартысында импорт бойынша жүзеге асырылған төлемдердің сомасы 13 703,75 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде алдын ала ақы төлеу түрінде – 8 862,98 млн. АҚШ доллары, тауар тиелгеннен кейін ақы төлеу түрінде – 4 840,77 млн. АҚШ доллары.

 

6-кесте – Импорттық мәміле паспорттары бойынша нақты төлемдер сомасы

 

Импорттық мәміле паспорттары бойынша

2009 ж

2010 ж

1 жарт

2 жарт

1 жарт

2 жарт

Алдын ала ақы төлеу

6 946,9

7 482,83

6 946,9

8 862,98

Тауар тиелгеннен кейін  ақы төлеу

6 451,07

4 020,13

3 755,89

4 840,77

Барлығы

9 948, 69

11 502,96

10 702,79

13 703,75

[14, 62 б.]


      

  Валюталық  құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау шеңберінде шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшін 70 лицензия берілді. ҚР ҰБ аумақтық филиалдарының валюталық операцияларды тіркеуі шеңберінде тіркеу 2580 куәлігі берілді [18].

2010 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының резидент еместердің резиденттерді кредиттеуі   55%, резиденттердің резидент еместерді кредиттеуі  24%, резидент еместердің Қазақстанға тікелей және портфельдік инвестициялары 11%,  резиденттердің шетелге тікелей және портфельдік инвестициялары 9%, ал ең төменгі көрсеткіш капитал қозғалысының басқа операциялары  1%  құраған.

 

 


 

5 - сурет – 2010 жылдағы валюталық операцияларды тіркеуі шеңберінде берілген тіркеу  куәліктері

 

5-суретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының 2010 жылдағы валюталық операцияларды тіркеуі шеңберінде берілген тіркеу  куәліктерінің пайыздық мөлшері көрсетілген.

2011 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының валюталық операцияларды тіркеуі шеңберінде берілген тіркеу  куәліктері пайыздық мөлшерде келесі суретте көрсетілген.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының резидент еместердің резиденттерді кредиттеуі   58%, резиденттердің резидент еместерді кредиттеуі  28%, резидент еместердің Қазақстанға тікелей және портфельдік инвестициялары 8%,  резиденттердің шетелге тікелей және портфельдік инвестициялары 5%, ал ең төменгі көрсеткіш капитал қозғалысының басқа операциялары  1%  құраған. 2011 жылы валюталық заңнама саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша жұмыс жалғастырылды.

 

7-кесте –  2010 жылғы ҚР ҰБ аумақтық филиалдарының валюталық операцияларды тіркеуі шеңберінде берілген тіркеу  куәліктері

 

БАРЛЫҒЫ

2259

резиденттердің резидент еместерді кредиттеуі

535

резидент еместердің резиденттерді кредиттеуі

1241

резидент еместердің Қазақстанға тікелей және портфельдік инвестициялары

249

      резиденттердің шетелге тікелей және портфельдік инвестициялар

  197

капитал қозғалысының басқа операциялары

37

[17, 77 б.]


 

8-кесте – 2011 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының валюталық операцияларды тіркеуі шеңберінде берілген тіркеу  куәліктері

 

Көрсеткіштер

2011

БАРЛЫҒЫ

2580

резиденттердің резидент еместерді кредиттеуі

717

резидент еместердің резиденттерді кредиттеуі

1513

резидент еместердің Қазақстанға тікелей және портфельдік инвестициялары

204

резиденттердің шетелге тікелей және портфельдік инвестициялары

123

капитал қозғалысының басқа операциялары

23

[18, 79 б.]


 

         Бүгінгі күні валюталық реттеудің басым міндеті валюталық операциялар және капитал ағыны бойынша ақпарат базасын жасау және осы база негізінде валюталық операциялардың талдама мониторингін жүргізу болып табылады. 

Сыртқы сектордың статистикасын  қалыптастыру үшін валюталық операциялар  бойынша уақытылы, толық және шынайы есепті қамтамасыз ету мақсатында тіркеу куәліктерін және хабарлау туралы куәліктерді алу үшін өтініш жасау мерзімдерін бұзғаны үшін, шынайы емес ақпарат ұсынғаны үшін, сондай-ақ валюталық операциялар жөніндегі есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершік көзделеді.

Ұлттық Банк 2011 жылы валюталық заңнама және статистикалық есеп саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 3 659 іс қозғады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 5 есе көп. 3 515 әкімшілік іс бойынша жаза қолданылды, олардың көпшілігі ескерту түрінде болды - 3 068 іс.

 


 

6-сурет – 2011 жылдағы валюталық операцияларды тіркеуі шеңберінде берілген тіркеу  куәліктері

 

Істер санының ұлғаюы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан  Республикасының Әкімшілік құқық  бұзушылықтар туралы кодексіне валюталық  операциялар бойынша мерзімдерді  бұзғаны, шынайы емес ақпарат мен құжаттарды бергені үшін жауапкершілік көзделген өзгерістердің күшіне енгізілуіне байланысты болды. Бұл ретте айыппұл санкциялары тек қайтадан құқық бұзғаны үшін қолданылады, ал алғашқы рет жасағаны үшін артықшылық мақсатында ескерту жасалады.

2010 жылы салынған айыппұлдың жалпы сомасымен салыстырғанда 2011 жылы салынған айыппұл санкцияларының жалпы сомасы 2 есеге жуық ұлғайды: 410 іс бойынша 33,7 млн. теңгеден 447 іс бойынша 65,5 млн. теңгеге дейін.

Сонымен қатар, 2011 жылы 137 іс бойынша өндіріс тоқтатылды, 1 іс қарау үшін сот органына жіберілді, нәтижесі бойынша 0,2 млн. теңге сомада айыппұл түрінде жаза қолданылды. 6 іс қаралу үстінде[18].

 

 

9-кесте -  ҚР ҰБ-ның  2010-11 жылдарға арналған валюталық операциялар туралы хабарламалар шеңбері

 

 

2010 ж

2011 ж

Бар

лығы

оның ішінде

Бар

лығы

оның ішінде

ТБжВБД

Аумақ

тық

филиал

дар

ТБжВБД

Аумақ

тық

фили

алдар

БАРЛЫҒЫ

1892

1193

699

1387

708

679

оның ішінде операциялар бойынша

           

резидент еместердің Қазақстанға тікелей және портфельдік инвестициялары

1146

1146

 

662

662

 

резиденттердің шетелге тікелей және портфельдік инвестициялары

36

16

20

22

12

10

резидент еместердің Қазақстанға тікелей және портфельдік инвестициялары

53

30

23

69

33

36

туынды қаржы құралдарымен

операциялар

16

 

16

7

 

7

капитал қозғалысының басқа операциялары

45

1

44

30

1

29

резиденттердің шетелде шоттар ашуы

596

 

596

597

 

597

[15, 88 б.]


        

Валюталық реттеу мәселелері бойынша инспекциялау Ұлттық Банк филиалдарының тексеру жүргізу бойынша қызметін тиісті тоқсанға арналған Инспекциялау жоспарларын одан әрі бекіту үшін келісу және дайындау арқылы жоспарлаумен қатар, Ұлттық Банк филиалдар ұсынған тексеру материалдарын, сондай-ақ «Экспорттық-импорттық бақылау нәтижелерін жинау және талдау» ААШЖ-ға енгізілген деректер негізінде  жүргізілген тексерулер нәтижелерін бақылауды және талдауды жүзеге асырады.

Валюталық заңнамада  әр түрлі шектеулердің қысқарғанын  және тұтастай алғанда валюталық  операцияларды жүзеге асыру тәртібінің жеңілдетілгенін ескере отырып, валюталық операциялар саласында ҚРҰБ жүзеге асыратын тексерулердің сипаты талдама міндеттерге, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің Ұлттық Банкке ұсынатын ақпаратының уақтылылығына және шынайылығына бағытты өзгертті. Тексерулерді жүзеге асырудың жаңа әдістері статистикалық мониторинг, валюталық мониторинг жүйелері, шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың көздері, ЭВИБ нәтижелері туралы есептерді жинау арқылы алынған ақпаратты барынша нақты зерделеуге және талдауға, сондай-ақ валюталық заңнама шеңберінде ұсынылған басқа материалдар мен ақпаратқа негізделеді [19].

Осы жағдайлар Ұлттық Банк жүргізетін тексерулер санының  жыл сайынғы қысқаруына негіз болды. Мәселен, 2009 жылмен салыстырғанда жүргізілген тексерулердің саны 805-тен 714-ке дейін 11,30% қысқарды. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы жүргізілген тексерулердің саны 3 есе, яғни 714-тен 238-ге дейін азайды.

Ұлттық Банк (филиалдары және орталық аппарат) 2008 жылы банктерге, банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, басқа  заңды тұлғаларға 238 тексеру, оның ішінде 234 жоспарлы және 4 жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі 2008 жылғы 21 ақпанда «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін  тексеруге мораторий жариялау туралы» 178 қаулы қабылдады.

Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша филиалдар қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу тәртібінің анықталып отырған бұзу бойынша санкциялар мен әсер ету шараларын қолданды, қалған бұзушылықтар бойынша материал қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің орталық аппаратына жіберілді.  

 

2.2 Ұлттық Банкінің  менеджмент тиімділігін анықтаушы  сыртқы және ішкі орта параметрлерін анықтау

 

Басқарушы компанияның  ішкі және сыртқы ортамен тығыз байланыс жасауына тура келеді. Басқарушы әр жолы жоспар белгілеген кезде ол ұйымның тыс жерлердегі қоғам мүшесінің қажеті мен тілегін, сондай-ақ шикізат пен адам ресурстарына, технологияға және сыртқы ортаға байланысты басқа да сұраныстарын ескереді.

Информация о работе Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері