Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:04, дипломная работа
Зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» алынған болатын. Өз кезегінде Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе........................................................................................................................ 3
Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері
Тиімділіктің түсінігі және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.............5
Менеджмент тиімділігінің факторлары және тиімділікті басқару жүйесінің көрсеткіштері...................................................................................12
Менеджмент тиімділігін бағалау тәсілі........................................................ 24
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі кезеңдегі сипаттамасы және даму деңгейі
2.1 Ұлттық Банк қызметінің тиімділігін бағалау ............................................31
2.2 Ұлттық Банктің менеджмент тиімділігін анықтаушы сыртқы және ішкі орта параметрлерін анықтау................................................................................42
Қазақстан Ұлттық банкінің менеджмент тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Ұлттық Банктегі менеджмент тиімділігін бағалаудың оңтайлы әдістемесі...................................................................................................................62
3.2 Менеджмент тиімділігін арттырудағы Ұлттық банктің жүйесін жетілдіру жолдары..................................................................................................75
Қорытынды..............................................................................................................82
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................84
Мұндай факторларға ие болу үшін шығармашылық қадамды, интуиция, адамның өзін-өзі ұстай білу саласында білімге ие болуды талап етеді.
Басқару және өндіріс тиімділігін бағалау үшін жалпы және жеке көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
Жалпы көрсеткіштер соңғы нәтижелерді көрсетеді:
- өндіріс көлемі;
- табыс;
- рентабельділік;
- уақыт және т.б.
Жеке көрсеткіштер негізгі құрал, инвестиция, еңбек ресурстарының бөлек түрлерін пайдалануды көрсетеді:
- еңбек өнімділігінің өсу қарқыны;
- өнімнің материалдық сыймдылығы;
- бөлу қоры.
Менеджер еңбегін көрсететін көрсеткіштерге:
- басқарушылық ақпараттың еңбек сыйымдылығын өңдеуді төмендету;
- ақпаратты өңдеу мерзімін, басқарушылық персоналды қысқарту;
- еңбекті ұйымдастыруды жақсарту арқылы басқарушылық персонал жұмыс уақытысының жоғалуын қысқарту.
Басқарушылық жүйенің тиімділігі сандық және сапалық көрсеткіштермен бағаланады.
Сандық көрсеткіштер:
- еңбек көрсеткіштерінің кешенін – басқару сферасында тірі еңбекті үнемдеу (басқарудың еңбек үрдісінің қысқаруы және тағы басқа);
- басқару жүйесі қызметінің қаржылық көрсеткіштері (басқаруға ететін шығындарды қысқарту және тағы басқа);
- уақыт үнемдеу көрсеткіші (ақпараттық технологияларды ендірудің нәтижесінде басқару циклінің ұзақтығының қысқаруы).
Сапа көрсеткіштеріне келесілер жатады:
- ғылыми техникалық басқару деңгейінің жоғарылату;
- менеджердің ғылыми деңгейін жоғарлату;
- қабылданатын шешімдердің енгізігендік деңгейін жоғарылату;
- ұйымдық мәдениетті қалыптастыру;
- еңбекке деген қанағат;
- қоғамдық сенімге ие болу;
- ұйымның әлеуметтік жауапкершілігін күшейту;
- экологиялық әсерлер.
Менеджмент тиімділігінің факторлары бірнеше. Алдымен, менеджмент тиімділігіне әсер етуі мүмкін факторларды қарастырайық.
Ұйымдағы нақты мақсат
анықталған соң ұйымның өз қызметі
бойынша зерттеу кезеңдері
1.Ағымдағы жоспарлар
мен қызметтердің әр түрлі
аспектілеріне ықпал ететін
2.Ұйымның ағымдағы
жоспарлары мен қызметіне
3.Жоспарды түзету арқылы
жалпы ұйымның мақсатқа жету
үшін қандай фактоторлардың
Сыртқы ортаны талдау ұйымға мүмкіндікті болжау уақытына кездейсоқ жағдайда жоспар жасау уақытына қауіп-қатер төнген жағдайда күні бұрын ескерту уақыты және стратегияны белгілеу уақытына мүмкіндік береді:
Сыртқы ортаны талдау келесі сұрақтарға жауап береді:
1.Ұйым қазір қайда орналасқан?
2.Жоғарғы басшының пікірінше болашақта ұйым қайда болуы тиіс?
3.Ұйым қазіргі орналасқан
орнынан басшының ойынша
2-сурет – Ұйымның сыртқы орта факторлары
Ұйымның сыртқы ортасына байланысты талдау жұмысы келесі сыртқы орта факторларына тәуелді (2-сурет).
Экономикалық факторлар: инфляция немесе дефляция қарқыны, жұмысбастылық деңгейі, халықаралық төлем балансы, салық деңгейі.
Саяси факторлар: елдегі саяси жағдайы, тұрақтылық, үкімет билігінің нормативтік құжаттары, қаржыландыру үшін ұзақ мерзімге салынған несиелер, жұмыс күшін жалдау жөніндегі шектеулер, басқа елдермен жасалған тарифтық және сауда келісімдері.
Экономикалық факторлар: инфляция немесе дефляция қарқыны, жұмысбастылық деңгейі, халықаралық төлем балансы, салық деңгейі.
Саяси факторлар: елдегі саяси жағдайы, тұрақтылық, үкімет билігінің нормативтік құжаттары, қаржыландыру, жұмыс күші жалдау жөніндегі шектеулер, басқа елдермен жасалған тарифтық және сауда келісімдері.
Нарықтық факторлар: сыртқы демографиялық жағдайдың өзгеруі, әр түрлі бұйымдардың өмірлік циклына нарыққа ену жеңілдігі, халық табысының бөлінуі, саладағы бәсеке деңгейі.
Технологиялық факторлар: жаңа технологиялардың енгізілуі, Ғылыми-технологиялық прогрестің (ҒТП) жаңалықтарын енгізу.
Халықаралық факторлар: дүние жүзіндегі ірі глобальды фирмалармен сан мыңдаған ұсақ компаниялардың халықаралық нарықта жұмыс істеуі.
Бәсеке факторлары: бәсекелесушілердің болашақ мақсатын талдау, бәсекелестердің ағымдағы стратегиясын зерделеу, бәсекелестердің салаға қатысты жұмыстарына шолу жасау, бәсекелестің күшті және осал жақтарын мұқият зерттеу.
Әлеуметтік мінез-құлық
Сыртқы ортаны талдау арқылы ұйым болатын қауіп-қатерлерді пайымдап, соған қарсы күні бұрын әрекет ете алады.
Ұйымның ішкі мүмкіндіктерді игере алатындығын, ал сыртқы мүмкіндіктерді білетіндігін, сондай-ақ әлсіз тұстарын айыра алудың маңызы өте зор. Бұл орайда басқарушының тексерудегі жұмыстары келесі фирманың ішкі ортасындағы бағыттарға байланысты: нарық үлесі және бәсекелесу қабілеті, бұйым ассортиментінің алуан түрлілігі және сапасы, нарықтық демографиялық статистика, тауарды тұтынушыларға сатар алдында және сатқаннан кейінгі тексеру, нарықты зерттеу және іздестіру, тиімді өткізу, жарнама және тауардың қозғалысы, пайда.
1. Қаржы. Қаржы күйін талдау, бәсекелесушілермен салыстырғанда ұйымның алдағы ішкі мүмкіндіктері мен осал тұстарын анықтауға мүмкіндік береді.
2. Операциялар (өндіріс). Фирманың ұзақ уақыт өмір сүруі үшін операцияларды басқаруды үздіксіз тексерудің айырықша маңызы бар. Бұл орайда келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс: Бәсекелестермен салыстырғанда тауар өндіруді неғұрлым төмен бағамен жүзеге асыруға бола ма? Жаңа материалдарды алу мүмкіндігі қандай? Құрал жабдықтар қазіргі талапқа сай келе ме? Бәсекелестер қызмет көрсеткен нарыққа біз қызмет көрсете аламыз ба? Бақылау жүйесін тиімді, әрі нәтижелі жүргізе аламыз ба?
3. Адам ресурстары. Ұйымда кездесетін адам ресурстарына байланысты проблемаларға мыналар жатады: Қызметкерлердің типі. Болашақта олардан не күтуге болады. Жоғарғы басшылардың біліктілігі мен әзірлігі.
4. Басқару саясаты. Осы мәселелердің әрқайсысын мұқият қарастыру арқылы басшы мүмкіндіктерді айқындап тиісті өзгерту шараларын өзгерте алады. Егер ұйымда білікті қызметкерлер мен іскер жетекшілер жеткілікті болса, онда стратегиялардың әр түрлі типін қолдануға болады.
5. Мәдениет және ұйым бейнесі. Жоғарғы басшылар фирманың ішкі және сыртқы қалыпты күйін сақтай алатын факторларға толық жауап береді [6].
SWOT талдау сыртқы және
ішкі жағдайларды жүйелеу
Барлық мүмкін жұп
комбинациялар қарастырылып, олардың
ішінен тек стратегияны әзірлеуге
ескерілетіндері зерттеледі. Мүмкіндіктермен
қауіп-қатерлердің
Ұйым үшін миссия – философиялық тұрғыдан компанияның қоршаған ортадағы тіршілік етуінің мәні, яғни ұйымның миссиясы бұл – компанияның не үшін және қандай себеппен жұмыс істейтіндігі жөніндегі тұжырымдамасы.
Компанияның миссиясы келесі субъекті және объектілердің даму бағытын айқындауы тиіс: кәсіпорынның меншік иелері. Осы компанияны құрған және дамуына өз үлесін қосушы адамдар, компания қызметкерлері, ұйымдағы жұмыс процесіне қатысушы адамдар, компанияның сатып алушы, тұтынушылар, делдал серіктестер. Компанияға коммерциялық және коммерциялық емес қызмет көрсетулер, жергілікті қоғамдар, мемлекеттік институт.
Ұйымдағы миссияның нақты анықталуы, компанияның келесі мүмкіндіктерді ашады: сыртқы орта субъектісі үшін кәсіпорын туралы, оның қызметі туралы ақпараттарды қамтамасыз етеді; компания ішіндегі қызметтер үшін корпоративтік сезімді қалыптастырады; миссия ұйым мақсатын анықтау негізі бола отырып, кез-келген жоспар мен болжауларды дайындаудың негізі болып табылады.
Кез-келген ұйым ең алдымен
– «адамдық жүйе», ерекше тірі ағза.
Бейнелі түрде ұйымдастырушылық
құрылымды ұйымның «қаңқасымен»
Ұйымдардағы әртүрлі стратегияның даму шарттары бір-бірімен ерекшеленетін болғандықтан сәйкесінше олардың ұйымдық құрылымдары да ерекшеленуі тиіс. Ұйым менеджментінің тиімді жүзеге асуы көбінесе ұйымдық құрылымға тікелей байланысты. Құрылымның таңдалуы жұмыскерлер арасындағы жұмыстар мен ресурстардың тиімді бөлінісі және стратегияның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз етумен, шешім қабылдаумен, яғни стратегияны тиімді басқарумен анықталады. Ұйымдық құрылымдар биіктігі, енділігі және күрделілігі бойынша бағаланады. Құрылым биіктігі – ұйым ішіндегі иерархиялық деңгей санын анықтайды. Құрылым енділігі – децентрализацияланған (орталықсыздану) деңгейімен тәуелді [7].
Децентрализацияланған құрылымда барлық деңгейлердегі (биіктігі, енділігі және күрделілігі бойынша бағаланады) менеджерлерге үлкен еркіндік берілсе, сол кезекте орталықтандырылған құрылымда барлық билік басшылыққа беріледі. Тәжірибеде децентрализациялау деңгейі орталықтандыру – орталықтандырылу қатынасы мен анықталады.
2-кесте – SWOT талдауды бағалаудың төрт позициясы
SWOT талдау | |
Күшті жақтары |
- Салада реформалардың жеткілікті жүргізілуі және олардың нәтижелілігі. - Өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі, сыртқы ортаға тәуелділіктің төмен деңгейі. - Шығындар мен бағалардағы артықшылықтар. Сәйкесінше құқықтық және нормативтік ақпараттармен қамтамасыз етілуі. - Прогрессивті технологиялар. - Күшті, ұтымды менеджмент. - Жоғары кәсіби министрлік
аппараты және оның жақсы - Жеткілікті қорлар (жер, су, қаржылық). Жақсы әлеуметтік қызметтер. |
Әлсіз жақтары |
- Нақты стратегиялармен - Іс-әрекеттердің бір-бірімен - Нашар реформалануы немесе реформалардың дұрыс нәтиже бермеуі. - Министрлік аппаратының нашар ұйымдастырылуы. Нашар құқықтық кеңістік. - Нашар технологиялар. - Экологиялық проблемалардың болуы.Іс-әрекеттердің өзара байланысының нашарлығы. - Көлік жолдары мен |
Мүмкіндіктер |
- Табиғи байланыстардың болуы. - Жаңа сыртқы нарықтарды жауалап алуға жағдай жасайтын өндірістерді ұйымдастыру - Жаңа технологияларды игеру.
Халықаралық көлік мен коммуникацияның болуы. - Бәсекелестердің сыртқы |
Қауіп-қатерлер
|
- Күшті бәсекелестер тарапынан қысымның болуы. - Қорлардың жеткіліксіздігі ( - Сыртқы нарықтырға шығуға - Ішкі нарықты жоғалтып алу қаупі. |
[3, 163 б.] |
Ұйымдық құрылымды қалыптастыру мына қағидалар бойынша жүзеге асырылады: сызықтық және функционалдық басшылықтың арасындағы дәл шекараны анықтау; жарлық беру мен дербес жауапкершіліктің тұтастығы; лауазымға берілетін міндеттердің өкілеттілігімен жауапкершіліктің арақатынасының сәйкестілігі; жұмыс барысын бақылаудың өрістеуімен үздіксіздігі; орта өзгерістерін сезінуде икемділік пен үнемділік жоғары бейімделу қасиеттерінің болуы; ұйымды бөлімшелерін құрылымдау ұйым стратегиясына байланысты. Тәжірибеде ұйымды құрылымдаудың 4 әдісі бар:
1. Функционалды мамандану бойынша, маркетинг, қаржы, бухгалтерия, кадрлар бөлімі;
2. Географиялық мамандану әдісі бойынша, шетелдерде филиал ашу;
3. Тауарлық мамандану бойынша, үлкен тауарлар ассортиментін өткізетін ұйымдардың бизнес бірлігі;
4. Тұтынушыға бағыттылық бойынша, бөлшекті немесе көтерме сауда.
3-сурет – Компанияның сызықтық құрылымы
Ұйымдық құрылым түрлері – ұйымдық құрылым түрі әдетте ұйым көлемі мен оның стратегиясы арқылы анықталады. Ұйымда функциялардың әр түрлілігіне байланысты, ондағы қызмет түріне байланысты және стратегияға байланысты әр түрлі икемделетін құрылымдар пайда болады:
Сызықтық құрылым – бұл құрылымның ерекшелігі әр бір бөлімше жоғарғы деңгейдегі басшының біреуіне ғана бағынып тек содан ғана тиісті нұсқаулар алады. Қазіргі кезде ұйымдағы қызметкерлердің дамуы және күрделене түсуіне байланысты сызықтық құрылым тиімділігі және қарапайымдылығына қарамастан кемшілікке ие болып отыр(3-сурет).
Компанияның басқарушылық құрылымы – ұйымның алға қойған мақсаттарына жету және миисияны орындауға бағытталған әр түрлі бөлімдер арасындағы қалыптасқан өзара байланыстар. Басқару құрылымы, әдетте коммуникация және өкілеттіліктерді бөлу сызбалары негізінде анықталады. Кей жағдайларда стратегияны басқару құрылымымен теңдестіреді. Егер басқару құрылымы коорпорация құрылымымен үйлесетін болса, онда коорпорация стратегиялық бағытты дұрыс таңдап алған болып есептеледі. Басқару құрылымының өзгеруі өте күрделі процесс болып табылады (4-сурет).
4-сурет – Компанияның басқарушылық құрылымы
Информация о работе Менеджмент тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздері