Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 21:16, дипломная работа
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу мәселелері болып Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алатын орны мен маңыздылығы, оның басқарудағы, сондай-ақ қызмет етуіндегі олқылықтарды анықтап, оны жетілдіру мен алдын алу жолдарын қарастыру, жиналған мәліметтерге талдау жасай отырып олардың болашақтағы көрінісін белгілеу табылады.
Кәсіпорын – нарықтық экономика құрылымының ең серпінді құрамдас бөлігі. Барлық технология, өндіріс құралдары, еңбек заты және кәсіби тәжірибе шеңберіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер өз көріністерін кәсіпорында табады. Кәсіпорында өндірістің және нарықтың заңдар нақты нысанға ие болады.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналысатын қызмет шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және элеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады.
Аралас әрі әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Қоғомдық санада кәсіпкер – бұл тек адам, индивидум деген пікір берік орныққан. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекет қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына неғұрлым ерте қосылса, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы, соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.
Кәсіпкерлік
қызметтің дамуы экономиканың негізгі
мемлекеттік меншігі болып
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігінің үлесі көп емес, бірақ нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажетті қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толықтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.
Мемлекет меншігі – бұл тек қана кәсіпорындар жиынтығы емес, сонымен қатар тұтас макроэкономикалық жүйе. Өндіріс құралдарына өкімді бірігіп шығару механизімі өзін өзі басқару қарым-қатынасының жүйесі, мемлекеттік меншікті басқаруды орталықсыздандыру жүйесі және экономиканы демократиялық бағдарламалау арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорын өзіне мемлекет бекіткен шеңбердегі өндіріс құралдарымен ғана өкім шығарады. Мұндағы кәсіпорын мемлекеттік тапсырыс негізінде өз қарекетін жүзеге асырады. Мемлекет жалақы деңгейіне кепіл бере отырып кәсіпорынның ішкі қарекетін тиісті жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жалақы мен тарифтік бағамды бекіту арқылы регламенттейді. Сонымен бірге мемлекет кәсіпорын пайдасын бөлу принціпін бекітеді, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың белгілі бір шектелген, анықталған деңгейдегі коммерциялық еркіндігі бар.
Дипломдық
жұмыс тақырыбының зерттеу
Тақырып өзектілігі
Негізгі мақсат – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіпорындарын басқарудағы маңызды, өзекті мәселелерді ашу.
Аталған мақсатқа жеті үшін қойылған міндеттер келесідей:
Аталған жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады:
1
бөлім - нарықтық экономака
1.1
Нарықтық экономака
жағдайындағы кәсіпорынның
мәні және мазмұны
Қазіргі әлем әртүрлі ресіми және ресіми емес ұйымдар ретінде қарастырылады, яғни «белгілі бір нәтижеге қол жеткізу мақсатында немесе еңбек бөлінісі қағидасының негізінде міндеттердің, өзекті мәселелердің шешімін табу, иерархиялық құрылымын анықтап міндеттерді бөлу мақсатында біріккен адамдардың, топтардың жиынтығы; кәсіпорындар, қоғамдық бірлестіатер, мемлекеттік мекемелер». Кәсіпорындар мен ұйымдар тұтынушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылып, әрқилы атауларға, көлемге, құрылымға және басқа да сипаттамаларға ие. [1]
Кез келген экономиканың негізгі түбірі өндірістен, экономикалық өнімді қалыптастырудан құралады. Өндіріс болмаса, тұтынудың болмайтыны анық. Тек кәсіпорын ғана өнім шығарып, жұмысты орындап, қазмет көрсетеді, сонымен қатар, ұлттық байлықтың молаюы мен тұтынудың негізін қалыптастырады.
Мемлекеттің экономикасын қарапайым түрде мемлекетпен және өзара өндірістік, бірлескен, коммерциялық және тағы басқа қарым-қатынаста тығыз байланыста болатын кәсіпорындардың жалпы жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Экономиканың
қуаттылығы мен мемлекеттің индустриалдық
күші кәсіпорын қызметіцнің
Кәсіпорын – бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен табыс табу мақсатында өнім өндінетін, жұмысты орындайтын, қызмет көрсететін тәуелсіз шаруашылық субъектісі.
Кәсіпорын
(ұйым, фирма, концерн) заңды тұлға
ретінде елдің заңдар жиынтығымен
белгіленген белгілі бір
Шаруашылықтың кез келген формасындағы кәсіпорын мемлекет экономикасында маңызды орынға ие. Макроэкономикалық көзқарас бойынша кәсіпорын келесі жағдайларға негіз бола алады:
Кәсіпорын
бұл жетістіктерге нетижелі қызмет
ету жағдайында ғана қол жеткізе
алады. [2]
Қор
қалған бөлігі
Салықтық қызмет,
тәртіпті сақтау органдары
ұлттық экономика. Кәсіподақ
субъектілері
Көрші
мемлекеттер Акционерлерді
қорғау қоғамы
Қызметтестер
Мемлекет Несиелік-
қаржылық
ұйымдар
Саяси партиялар,
халықаралық Акционерлер
экономикалық
институттар
Кәсіпорын
Қоғамдық
ұйымдар
Жабдықтаушылар
қарекеті
Кредиторларды
қорғау
қоғамы Тұтынушылардың ұйымдары
Сурет
1 – Мүдделі, қызығушы
топтар және олардың
кәсіпорынға жақындық
деңгейі
Жоғарыда
келтірілген суретте
Осылайша, кәсіпорынның мақсаты өз алдында жеке және бір-бірлерінен ерекшеленетін мақсаттары бар көптеген тұлғалармен, топтармен жасалатын қарым-қатынас негізінде қалыптасады.
Шартты түрде кәсіпорынның мақсаттарын үш топқа бөлуге болады:
Мақсаттар жүйесінің толық қалыптасып, ресімделуі үшін мақсаттар жоғарғы деңгейде анық сипатталып жазылуы тиіс және қолданыста жүретін формада қисыны келу керек. Яғни мақсаттар шынайы болып, нәтижесі тексеріле, бақылана алатындай болуы керек.
Кәсіпорындар нақты мақсатқа және жалпы экономикалық үрдістердің шеңберінде жүзеге асыратын іс-әрекеттің түріне сәйкес ажыратылады. Кәсіпорынның барлық типтері өзінің экономикалық ортасымен сатып алу, өткізу және капитал нарықтары арқылы жүзеге асырылатын байланыстарымен сипатталады. Олардың айырмашылығы өндірістік функцияларында болады. «Өндіріс» сөзі бұл жерже материалдық игіліктің өндірісі немесе қызмет көрсету мағынасында қолданылып отыр. [3]
Кәсіпорынның
әртүрлі критерилерге сәикес типтерін
төменде көрсетілген суреттен анық көруге
болады.