Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 21:16, дипломная работа
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу мәселелері болып Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алатын орны мен маңыздылығы, оның басқарудағы, сондай-ақ қызмет етуіндегі олқылықтарды анықтап, оны жетілдіру мен алдын алу жолдарын қарастыру, жиналған мәліметтерге талдау жасай отырып олардың болашақтағы көрінісін белгілеу табылады.
1995-1997
жылдары тіркелген мемлекеттік
кәсіпорындардың жүзеге
Дәл осындай жағдай мемлекеттік кәсіпорындар қызмет көрсетуінің, жұмыс атқаруының, дамуының нашарлауына, нәтижесінде, бәсекеге қабілетсіздігіне алып келеді.
Барлық
мемлекеттік органдар мемлекеттік
кәсіпорындардың міндеттері мен
мақсаттарын және функцияларын қолданыстағы
заңдар жинағына сәкес және өзіне
тиесілі нарығындағы
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңның 21 бабында мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталының мөлшері мен қалыптасуы анықталған. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшысы белгілейді, бірақ оның мөлшері кәсіпорынға берілген мүліктің жалпы құнынан аспауы керек және кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізген күнен бастап белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 кем болмайды. Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорынның жарғысында көрсетіледі. Жарғылық капиталды меншік иесі, яғни құрылтайшысы кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өту қарсаңында толық құруға тиіс. Дегенмен, мемлекеттік органдармен және шаруашылық құқығындағы кәсіпорындардың экономика министрлігіне ұсынған мәліметтері бойынша құжаттардың жүргізілуі жоғарыда көрсетілген талаптар бұзылған немесе сәйкес емес. Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталмен қамтылмауы олардың материалды-техникалық базасының әлсіреуіне алып келеді. Бұл өз кезегінде өндірілген туар, қызмет, жұмыстың баға қалыптастыруына айтарлықтай ықпал етеді.
Барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капитал мөлшерін анықтап және оларды жарғылық капиталмен қамтамасыз етуі ұсынылады.
Шаруашылық
құқығындағы мемлекеттік
2003
жылдың 3 ақпанында Қазақстан
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңның 26 бабына сәйкес кәсіпорын өндірген тауарлардың (атқарылған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) бағасы кәсіпорынның оларды өндіруге, атқаруға, көрсетуге кеткен шығынды толық өтеуге және өз кірісі есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар өзінің жеке табысы есебінен қызметтінің заласыздығын қамтамасыз етуі керек.
Дегенмен, кейбір мемлекеттік кәсіпорындар өндірілген тауарға, атқарылған жұмысқа, көрсетілген қызметке баға қалыптастыру кезінде әртүрлі себептермен жоғарыда келтірілген баға қалыптастырудың негізгі принціпін ескермеген. Мұның нәтижесінде мемлекеттік кәсіпорындарда төмен табыстылық пен ұдайы залалдық тұрақта сипатта жүрген.
Мұндай жағдайдың негізгі себептері келесідей:
Барлық мемлекеттік кәсіпорындарға тән жалпы олқылықты атап көрсетуге болады. Олар:
Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттейтін талаптар мен нормаларды сақтау бойынша тұрақты талдау және тексеру жүргізу ұсынылады. Сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарына, еңбекақы қорына, қызметкерлер санына жүйелі түрде талдау жасалуы қажет, сондай-ақ олқылықтарға байланысты мәселелердің уақытылы шешілуін қамтамасыз ету керек.
3.2
Мемлекеттік кәсіпорындарды
басқарудың перспективасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік мүлікті және жекешелендіруді басқарудағы эффективтілікті жоғарылату бойынша салалық бағдарламада келесі жағдай қарастырылған: «…төмен табыстылық және залалды мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттің позициясын нақты анықтау: мұндай категориядағы кәсіпорындардың мемлекеттік кәсіпорын статусын иеленудегі орындылығын мемлекеттің мүддесі мен оған жүктелген міндеттерді ескере отырып анықтау, сондай-ақ оларды басқа заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысанына көшірудің немесе жоюдың мүмкіндіктерін қарастыру».
Кәсіпкерлік талап ету көз қарасынан қарағанда айтарлықтай серпінді дамушы сала сияқты білім беру, және денсаулық сақтау аяларын нарыққа беру мүмкіндігін анықтау кезінде экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі максималды түрде таразылау принціпіне сүйенген. Мектептен тыс, мектепке дейінгі, балалардың бос уақытын пайдаландыру және спорттық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту осы этапта тоқталуы керек. Себебі мұндай қызметтер жалпы халыққа, тұрғындарға көрсетіледі. Сондай-ақ бұл бағытта нарық дамымаған аудан, ауылдарда да бұл қызмет түрі көрсетіледі. Дәл осы позиция бірінші медико-санитарлық, стационарлық және арнайы медициналық көмек көрсететін медициналық мекемелерге де қатысты.
Қазіргі уақытта қызметтік мекемені қолдануды, транспорттық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттік органдардың жабдықтаушы функциясының орындалуы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңдағы нормаларға қайшы келеді.
Бәсекелестік ортаға ұсынылатын мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі мазмұны келесідей. Министрлік, әкімшілік және басқа да мемлекеттік мекемелерге, әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсетуші, оларды жабдықтаушы мемлекеттік кәсіпорындар бәсекелестік ортаға жіберілуі керек.
Бәсекелестік ортаға жіберудің немесе соған сай қайта құрудың негізгі 2 әдісі мәлім:
Бұл келесідей көрініс алады: мемлекеттік кәсіпорындардың балансындағы негізгі қорлар уәкілетті органның балансына көшіріледі. Қызмет көрсетуші ұйым, яғни кезіндегі мемлекеттік кәсіпорынның қызметін атқарушы, қызмет нарығындағы мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы анықталады. Мұндағы негізгі принцп баға және қызмет сапасы болып табылады.
Аталған аядағы эффективті қызмет етуші мемлекеттік кәсіпорындардың мүмкіндігін сақтап қалу мақсатында 100 пайыздық мемлекеттің қатысуымен акцианерлеу жүргізіледі. Негізінен мұндай жол мемлекеттік органдардан қолдау тапқан. [13]
Аталған тәртіп келесі аяда қызмет ететін мемлекеттік кәсіпорындарға таралуы мүмкін:
Егер белгілі бір территория намесе қалада жалғыз болмаса, диагностикалық және консультациялық-диагностикалық медициналық мекемелерін бәсекелестік ортаға беру де қарастырылуда.
Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттайтын денсаулық сақтау облысындағы құрылымдарды қазіргі күнгі түрде қалдыру орынсыз. Бұған: «Салауатты өмір салтының орталығы», «Салауатты өмір салты мәселелерінің орталығы» және тағы сол сияқты белгілі бір аяларды біріктіре отырып қызмет ететін мемлекеттік кәсіпорындар негізінен ұйымдастырушылық сипаттағы функцияларды жүзеге асырады. Бұл мекемелердің жойылуы да ықтимал. Себебі, жоғарыда аталған мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысындағы көзделген қызмет түрлерін кез келген медициналық мекеме, мектеп, балалар бақшасы және тағы басқа бұқаралық ақпараттар құралы секілді ұймдар, мекемелер жүзеге асыра алады.
Барлық мемлекеттік кәсіпорындарға тән жалпы олқылық: басқару деңгейінің жеткіліксіздігі, даму жоспарының жоқтығы, қаржылық жағдайын сауықтандыру бойынша іс-шаралардың қабылданбауы, мемлекеттік кәсіпорындарды жою немесе оларды жетілдіру бойынша уәкілетті органдардық қарекетсіздігі және іс-шаралардың қабылданбауы.
Олқылығы көп, төмен табыстылық және залалды мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік кәсіпорын статусын иеленудегі орындылығын мемлекеттің мүддесі мен оған жүктелген міндеттерді ескере отырып анықтау, сондай-ақ оларды басқа заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысанына көшірудің немесе жоюдың мүмкіндіктерін қарастыру салалық бағдарламады көзделген. Бәсекелестік ортаға берудің жоғарыда көрсетілген сипаттағыдай жекешелендіру мен акцианерлеу іспеттес нысандары мемлекеттік кәсіпорындарының көп қырлы кемшіліктерін жоюда маңызды болып табылады.
Қазіргі таңда мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметінің болашағы экономика және бюджетті жоспарлау Министрлігінің жауапкершілігіндегі міндеттердің шешілуіне байланысты.
«Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар іс-әрекетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-министірінің өкіміне сәйкес жұмыс топтары қалыптастырылған болатын. Аталған топ құрамына экономика және бюджеттік жоспарлау, әділет, индустрия және сауда, қаржы министрліктерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарды тексеру үшін табиғи монополияны реттеу жөніндегі Агенттікнің өкілдері енеді. Республиканың барлық аймақтарын шыға тексеру кестесі бекітіліп, негізгі жұмыстың атқарылуы экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігіне жұктелген.
Қазақстан
Республикасының Үкіметімен Министрлікке
мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің
түрін талдау және олардың сақталуы
немесе бәсекелестік ортаға беру жайлы
қорытындыны ұсыну бойынша
Жұмысты орындау үшін келесі жолдарға суйене отырып мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түріне талдау жүргізілген: