Кәсіпорынды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 21:16, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу мәселелері болып Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алатын орны мен маңыздылығы, оның басқарудағы, сондай-ақ қызмет етуіндегі олқылықтарды анықтап, оны жетілдіру мен алдын алу жолдарын қарастыру, жиналған мәліметтерге талдау жасай отырып олардың болашақтағы көрінісін белгілеу табылады.

Работа состоит из  1 файл

кәсіпорынды басқару.doc

— 597.50 Кб (Скачать документ)

   Жоғарыда   аталған   факторларды   назарға  ала   отырып,    Компания таңдап   алынған  бағытқа  сәйкес,  біртіндеп  төмендету  жолымен  баға саясатын  қайта  қарауды жоспарлап отыр. Ал бұл Компанияның бәсекелестік жағдайын айтарлықтай көтеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Компания жаңадан қаз тұрып келе жатқандығын да ескеру қажет. Осымен байланысты таяу болашақтағы негізгі мақсат Компанияның ақпараттық өнімдерін масс-медиа нарығына шығару болмақшы. Бұдан әрі Компанияның ақпараттық өнімдеріне баға көрсеткішінің өсуі өнімдердің ішкі құрылымының өзгеруіне, оның сапасына, эксклюзивтілігіне тура байланысты болады. Сондай-ақ,  мықты ұйымдасқан  жаздырып алушылар жүйесін құру жоспарлануда.

   Тарифтік  және  баға  саясаты   тұтастай  алғанда,  Компания       дамуының  жалпы  стратегиясына  қатысты  екендігі сөзсіз.  Бірақ, қазіргі кезде  Компания  қатаң  тарифтік жоспарды ұстанып отырған жоқ. Бұл өнімнің  өзіндік  ерекшеліктерімен  және басқа  да факторлармен байланысты.  Компания  клиенттер  тобын   кеңейту,  ұсынылатын өнімдердің   сапасы  мен  санын арттыру, маркетингінің  жаңа тұжырымдмасы  есебінен   негізгі   қорларды   техникалық  тұрғыдан қайта жарақтандыру  мен ағымдағы  шығыстар  құрылымын  түбегейлі өзгерту жолымен табысты ұлғайтуды көздейді. 
 

    2.3 «Қазақпарат» Ұлттық Компаниясының қызметін басқару принцптері мен тетіктері  

   Компания  қызметі ақпараттық және насихаттық жұмыстардың әлемдік стандарттарын  жүргізуге сай келуі және Қазақстанды  демократиялық қоғам ретінде дамыту  көрсеткіштерінің бірі болуы керек.

   Қарқынды  дамып келе жатқан ұлттық экономика жағдайында Компания, өзінің дамуында Қазақстан мен Орталық Азияның аймақтық геоақпараттық кеңістігін құруға белсенді  қатысудың қажеттілігіне баса назар аударуы тиіс. Бұл өзінің техникалық және кәсіби базасын нығайту есебінен жаңалықтар тасқынын алу, өңдеу, жүйелеу және тарату саласында Компанияның  коммуникативтік және операторлық мүмкіндіктері күшейгендігін білдіреді.

   Экономиканың  көтерілуімен, іскерлік белсенділіктің жандануымен  сипатталатын қолайлы макроэкономикалық жағдайлар ақпараттық қызметтерге деген жоғары сұранысты түзеді  және болжамды кезеңде ақпараттық қызметтер рыногының  қарқынды дамуын көздейді.

   Әлемдік және аймақтық аренадағы Қазақстанның геосаяси белсенділігінің артуы  барынша айқын фактор болуда. Қазақстанның бітімгершілік және ықпалдастық қызметке белсене қатысуы ақпараттар алмасудың барынша тиімді және баламалы жағдайларын, нысандар мен механизмдерін іздеуге міндеттейді. Мұның үстіне, әлем жұртшылығының Орталық Азия мен Каспий өңірі сияқты Еуразияның маңызды геостратегиялық ауданына ықыласы артып отырғанын да естен шығаруға болмайды. Ал Қазақстан Республикасы оның құрамдас және өте маңызды бөлігі болып табылады.

   Бұл тұрғыдан, мемлекеттің және қазақстандық қоғамның оң имиджін көтеру мен оны  сақтау ауқымындағы барынша маңызды міндет - ұлттық қана емес, сондай-ақ аймақтық (орталықазиялық немесе каспийлік) көлемдегі қуатты, сан салалы және шұғыл ақпарат тарататын агенттік құру болып табылады.

   Компанияның жұмысының болашақтағы маңызды  мақсаттарының бірі болып:

  • Орталық Азия мен Каспий бойының ақпараттық қажеттіліктерін қамти алатын және ақпараттар алу, беру және айырбас саласында жаңа жоғары технологияларды қолдана отырып жұмыс істейтін мықты тілшілер желісі бар Аймақтық Ақпарат агенттігін құру үшін бүкіл Компания қызметін сатылап түрлендіру мен  қайта құру;
  • өзінің негізгі миссиясын орындау тиімділігін арттыру – Қазақстан резиденттеріне және шетелдік тұтынушыларға жаңалықтар ақпаратын беруде тез, шұғыл және кең көлемді сервис;
  • Қазақстан мен Орталық Азияның ақпараттық қызметтер рыногында  жетекші және басымды позицияға ие  аймақтық геоақпараттық агенттік құру табылады.

   Бұл ретте Компанияның міндеттері мыналар  болмақ:

  • ақпарат рыногындағы өзінің позициясын нығайту;
  • бизнеске бағыт ұстаған ішкі және сыртқы саясат құру;
  • бәсекелесе алатын және қазіргі заманғы ақпарат инфрақұрылымын құру;
  • рыноктық құнының ұзақ мерзімдік өсу перспективасы, рентабельділігі,  тиімділігі   және қаржылық тұрақтылығы бар ұлттық  компания құру.

   Алға  қойылған міндеттерге қол жеткізу  үшін Компания келесідей стратегиялық бағыттарды таңдайды:

  • қазіргі заманғы ақпараттық инфрақұрылым құруды аяқтау;
  • ақпараттық кеңістіктің жоғары табысты сегменттеріндегі бизнесті жандандыру;
  • клиенттерге көрсетілетін  қызметтер мен қызмет көрсетудің сапасын жақсарту;
  • көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруды арттыру;
  • өнімдер мен қызметтердің, соның ішінде шет тілдегі қызметтің түр-түрлерін кеңейту;
  • шұғылдықты, өзектілікті арттыру, мазмұн мен стильді жақсарту арқылы ақпараттық өнімдердің сапасын жақсарту;
  • айналымды және ақша түсімін  арттыру;
  • активтер мен табыстардың өсімін   ұлғайту.;
  • қызметкерлердің біліктілігін  жетілдіру;
  • қазіргі заманғы техникалық инфрақұрылымдар құру;
  • Компанияның тұрақты дамуын  қамтамасыз ету.

   Компанияның рыноктағы жетекші айқындамасын нығайту тұтынушыларға берілетін қызметтер сапасын  көтеру,   өткізу  жүйесін  айтарлықтай  ұлғайту есебінен жүзеге асыратын болады.

   Нәтижелі  жетістіктерге жету үшін Компанияның  негізгі қызметкерлеріне жағымды  жағдай жасау және оларды тиімді басқару  көзделеді. Сол себептен Компания басшылары персоналды басқару жүйесін қалыптастыруда келесідей негізгі принцптерін ұстанады:

  • ұтымдылық және кешенділік принціпі – басқару жүйесін қалыптастыруда оған әсер ететін барлық факторларды толық ескеру қажет (ішкі қарым-қатынас, қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы, жоғарғы органдармен байланыс, келісім бойынша болатын байланыс);
  • оперативтілік, яғни персоналды басқару жүйесін талдау мен жетілдіру барысында уақытылы шешім қабылдау;
  • ғылым мен тәжірибеге сүйенетін перспективтілік принціпі. Ақпарат агенттігінің келешектегі дамуына көп көңіл аударылуы керек. Сондай-ақ Компанияның басқару жүйесін алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік басқару жүйелеріне сәкестендіру;
  • иерархиялық және келісімділік принціпі, яғни редакцияларды өзара иерархиялық қарым-қатынаспен қамтамасыз ету. Басқарудың барлық буыны арасындағы өзара қарым-қатынас келісімділік және үйлесімділік негізінде болуы керек;
  • бірлік пен қолайлылық принціпі. Персоналды басқару жүйесі шығармашылық үшін барынша қолайлы болу керек және барлық бөлімшелер мен басшылардық іс-әрекеттері бірдей принцптерге негізделуі шарт;
  • үнемділік принціпі басқару жүйесін нәтижелі болатындай ұйымдастыруға бағытталған;
  • қарапайымдылық принціпі басқару жүйесінің түсінікті болуына негіздерген.

   Дегенмен, басқарудың мұндай принцптеріне сүйенетін басшылар болсын немесе қатардағы қызметкерлер болсын, Компанияның ең негізгі ұстанымы адамдарғаға деген сыйластық пен сенім екендігін есте сақтауы керек.

   Компанияның басқару жүйесіндегі туындаған  мәселелерді шешу үшін персоналды басқару жүйесіне талдау жүргізіледі. Осы орайда нәтижелі болып шығармашылық кеңес әдісі табылады.

   Бұл әдістің тиімділігі келесіде: бір  адаммен айтылған ұсыныстар келесі бір адамда жаңа идея тудырады, ал ол өз кезегінде басқа идеялардың ұсынылуына себеп болады. Соның нәтижесінде идеялар ағымы пайда болады.

   Шығармашылық  кеңес әдісінің мақсаты болып  персоналды басқару жүйесін жетілдіру  үшін барынша мүмкін болатын варианттарын табу табылады. Бұл әдіс еркін түрде  идеяларды ұсыну мен нәтижесінде  оны бағалаудың бірлігін көрсетеді, сонымен бірге мұндай әдіс басқару жүйесін жетілдіруде тиімді болып саналады.

   Компанияның қызметкерлерін басқару негізінде  жүзеге асырылатын кадр саясаты қызметкерлердің  жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Алдыңғы қатардағы қазақстандық және шетелдік агенттіктермен өзара тәжірибе алмастыру, қазіргі күні өткізіліп жүрген халықаралық семинарлар - кадр құрамының кәсіби тұрғыдан өсуін жақсартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

   Бұлардан  бөлек, кадр саясаты ауқымында оқу-танысу тәжірибесінен өту үшін журналистік факультеттердің жоғарғы курс студенттерін қабылдау жүзеге асырылады. Тәжірибе жинақтау кезінде барынша жоғары кәсіби біліктілік танытқан студенттер кейіннен Компанияда қызметке орналасу мүмкіндігіне ие болады.

   Қазіргі кезде Компания ұжымы білімді және кәсіби адамдардың ұстаханасы болып табылады. Жас буындар күш-жігер, жаңа шығармашылық идеялар береді. Ал бұл, өндірістік әлеуеттің өсуіне және әлемдік ақпарат кеңістігінде жұмыс істейтін ақпарат агенттіктеріне қойылатын қазіргі халықаралық өлшемдер мен стандарттарға қол жеткізуге жәрдемдеседі.

   Компанияда  қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру  бағдарламасы жүргізіледі. Аталған бағдарлама ауқымында облыстағы тілшілер орталық кеңседе (Астанада) тәжірибе жинақтайды, сондай-ақ таяу шет елдердің ақпарат агенттіктерімен тәжірибе алмасады. Компания қызметкерлерінің мамандандырылған семинарлар мен тренингтерде оқуы қамтамасыз етіледі.

   Қызметкерлерді  басқарудың негізгі тетіктерін атап өтуге болады:

  • кадрларды іріктеу, яғни алға қойған мақсатына жету үшін ең алдымен Компанияға білікті, тәжірибесі мол, қойған талаптарға жауап бере алатын қабілетті мамандар қажет;
  • қызметкерлерді жүйелі түрде бағалау;
  • үздіксіз білімін жоғарылату, кәсіби дайындық жұмыстарын жүргізу, семинар, тренингтерді ұйымдастыру;
  • басқару персоналына сыйақы беру;
  • қатардағы қызметкерлерге арналған сыйлықтар;
  • тапқан табыстың көлеміне байланысты коммерциялық жобалардың қатысушыларына арналған сыйақылар;
  • мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс немесе қызмет үшін төлем;
  • Компанияға тиімділік пен пайда алып келе алатын жоғары білімді, білікті мамандарды контракт бойынша шақыру;
  • негізгі қызметкерлерді тұрақты еңбекақымен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаламақы торы негізінде қосымша пайда табу мүмкіндігін беру. Бұл жерде жазылған жолдардың саны емес, материалдың сапасы ескеріледі. Яғни әр негізгі қызметкер жеке өзінің пайда табу мақсатына жету үшін істеген жұмысының сапасына көп мән береді, ал бұл Компанияның мақсатына жету мен міндетін орындауды маңызды орынға ие.

   Әлеуметтік  саланы дамыту мақсатында Компания кәсіподақтар комитетін  жандандыру бағдарламасын  жүзеге асыруда.  Атап айтқанда, 2003 жылдың желтоқсан  айында   құрылған кәсіподақ  комитетінің міндеті өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек жағдайын  қорғау және жақсарту болып  табылады. Жоспарлы  міндеттерді  жүзеге асыру барысында Компания қызметкерлері үшін сауықтыру бағдарламалары ойластырылған.

   Компания  жұмысының үрдісінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін факторлар жоқ. Бұл ретте қоршаған ортаны ластағаны үшін Компания жыл сайын көлік құралдарын пайдаланғанына салық төлемдері түрінде ақы төлеп отырады.

   Компанияның көптеген қызметкерлерінің негізгі  қызмет міндеттері   компьютер  құралдарымен және ұйымдастыру техникаларымен күн сайын тікелей байланысты. Ал олар адам денсаулығына физикалық тұрғыдан қолайсыз әсер ету көздері болып табылады. Мұндай факторлар қатарына электромагниттік және электростатикалық сәуле шығаруларды, акустикалық шуды, ауадағы ион құрамының және бөлме ішіндегі микроклимат өлшемдерінің өзгеруін және басқаларды жатқызуға болады.

   Компания  қызметкерлерінің денсаулығы үшін, жоғарыда аталған қолайсыз салдарларды болдырмау  үшін ескірген компьютерлік техникалар сәуле шығару деңгейі төмен қазіргі  заманғыларға ауыстырылуда. Санитарлық-гигиеналық талаптар  және қызметкерлер еңбегін ұйымдастыру талаптары, еңбектегі техника қауіпсіздігі сақталады, жұмыс орындарына жарық беру жағдайы қадағаланады. 
 

    3 МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДЫ  БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІН  ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛАРЫ
 

    3.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруда кездесетін проблемалар және оларды шешу жолдары  

   Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2005 жылғы 12 қаңтардағы «Шаруашылық жүргізу  құқығына негізделген мемлекеттік  кәсіпорындар іс-әрекетінің кейбір мәселелері туралы» өкіміне сәйкес негізгі 4 жұмыс тобы қалыптастырылған болатын. Аталған топ құрамына экономика және бюджеттік жоспарлау, әділет, индустрия және сауда, қаржы министрліктерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарды тексеру үшін табиғи монополияны реттеу жөніндегі Агенттікнің өкілдері енеді. 2005 жылдың 20 қаңтар мен 5 наурыз аралығына республиканың барлық аймақтарын шыға тексеру кестесі бекітіліп, негізгі жұмыстың атқарылуы экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігіне жұктелген. [12]

Информация о работе Кәсіпорынды басқару