Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 21:16, дипломная работа
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу мәселелері болып Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алатын орны мен маңыздылығы, оның басқарудағы, сондай-ақ қызмет етуіндегі олқылықтарды анықтап, оны жетілдіру мен алдын алу жолдарын қарастыру, жиналған мәліметтерге талдау жасай отырып олардың болашақтағы көрінісін белгілеу табылады.
Компанияның 2002 жылғы ақпараттық қуатының көрсеткіштері:
Компанияның 2003 жылғы ақпараттық қуатының көрсеткіштері:
Дегенмен, өндіріс қуаты қарқынының біршама өскеніне қарамастан, Компания талдау жүргізіліп отырған кезеңде өзін-өзі ақтаудың межелі деңгейіне шыға қойған жоқ, яғни, төлем мүмкіндігін, қаржылық тұрақтылығын және қарыздық қаржыларды қайтара алуының әлеуетті мүмкіндігін көрсететін Компанияның көрсеткіштері - қаржылық үрдіске қатысушы барлық тараптың экономикалық мүдделерін тиімді жүзеге асырудың кепілі бола алатын деңгейге жете алған жоқ.
Төменде
келтірілген кестеден Компанияның
қаржылық жағдайын нығайту жөніндегі
оң үрдісті байқауға болады. Атап айтқанда,
2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы ақша
қаржысының көлемі 4,4 есеге өсті, бұл өз
кезегінде, Компанияның абсолюттік өтімділік
көрсеткішіне әсер етті. Ал, бұл көрсеткіштің
өсуі қысқамерзімдік міндеттемелер сомасы
мен ақша қаржыларының көлемімен тікелей
байланысты. Сондай-ақ, ағымдағы активтердің
ағымдағы міндеттемелерге арақатынасы
мүмкін болатын ақша түсімдерінің аз ғана
бөлігін қамтуы мүмкіндігін атап өту керек,
сондықтан да, Компания балансының өтімділік
талдамасы шамамен беріліп отыр.
Кесте
3 - Өтімділік көрсеткіші
Коэффициенттер | 2002
жыл |
2003
жыл |
ағымдағы өтімділік | 0,37 | 2,59 |
шапшаң өтімділік | 0,19 | 0,26 |
абсолютті өтімділік | 0,029 | 0,050 |
Дегенмен,
құрылғанына екі жылға жуық уақыттан
бері Компания белгілі бір қаржылық жетістіктерге
қол жеткізгенін айта кету керек: негізгі
құралдарды сатып алу есебінен материалдық-техникалық
база күшейтіліп, шығарылатын өнімнің
көлемі ұлғайтылды, ұсынылатын өнімдердің
түр-түрі жақсартылып, аймақтардағы және
шет елдердегі тілшілер желісі кеңейтілді.
Кесте 4 - Негізгі құралдар
2002
жыл |
2003
жыл | |
НҚ актив түріндегі үлесі | 0,76 | 0,81 |
Қолданыстағы НҚ үлесі (көлік, құрал-жабдықтар) | 0,59 | 0,67 |
НҚ тозу коэффициенті | 0,453 | 0,075 |
Сурет 6 - 2002-2003 жылдардағы негізгі құралдардың өзгеру диаграммасы
Талдау жүргізіліп отырған кезеңде негізгі қаржылардың жиынтық өсімі 13 есеге өсті, Компанияның қолданыстағы негізгі құралдарының үлесі артып, негізгі қорларды жаңартумен байланысты негізгі құралдардың тозу коэффициенті азайды. 2003 жылы Компания өзінің активтерін біршама жаңартты: қазіргі заманғы компьютерлік техника, фото құрал-жабдықтар, басқа да негізгі құралдар сатып алынды. Ескірген құрал-жабдықтар, жиһаздар жаңамен алмастырылды. Осының барлығы өнім өндірісі сияқты оның сапасына да оң әсер етуде.
Көптеген мәселелер бойынша белгілі оң өзгерістерді саралай отырып, Компанияның бастапқы кезеңде мемлекеттің қолдауынсыз (2003 жылы дамуға және жарақтандыруға 75,1 млн. теңге бөлінді), қазіргі бәсекелестік мүмкіндігіне ие, өзінің қуатын біртіндеп өсіріп келе жатқан ақпараттық агенттік ретіндегі нәтижелерге қол жеткізуі қиын болар еді.
Компания қызметінің күшті жақтары ретінде қарқынды дамып келе жатқан тілшілер желісін, Компанияның адами қорын (кадрларын), сондай-ақ, ұлттық ақпараттық агенттік ретінде Компанияның мәртебесін айту керек.
Компания көптеген бұқаралық ақпарат құралдары тұтынатын ресми ақпараттық дерек көздердің бірі, себебі, жеделдік пен нақтылық - Компания жұмысының маңызды сипаты болып табылады.
Қалың оқырманға ұсынылып отырған ақпараттардың барлығы орыс, мемлекеттік және ағылшын тілдерінде шығарылатынын атап көрсету керек. Сондай-ақ, академик Әбдуәли Хайдардың нұсқасы негізінде қазақ тіліндегі жаңалықтар латын жазуына ауыстырылып шығып жүр.
Мәртебесі мен елдің ресми тіршілігі туралы хабарларды таратудағы ерекшелігін ескеретін болсақ, әрине, Компания жұмысында баса назар аударуды қажет ететін бірқатар мәселелер бар, ал мұның Компания рейтінгіне әсер ететіні күмәнсіз. Сондай-ақ, мемлекеттік құрылымдардың да, ірі және шағын бизнес саласындағы іскер топтар арасында да Компанияның имиджін арттыруға назардың жеткіліксіз екенін айта кету керек. Бұл қуатты жарнамалық науқандар өткізуге салынатын қаражаттарға тікелей тәуелді. Осы мәселе бойынша қазіргі заманғы жобаларды әзірлеп, енгізу қажет, оларды 2005-2007 жылдары біртіндеп жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Мұнымен қоса, өнімнің түр-түрлерінің күннен-күнге кеңейіп отырғанын айту қажет. 2003-2004 жылдары «Таңғы жаршы» ақпараттық топтамасы, «Елеулі оқиғалар, атаулы күндер, есімдер» күнтізбесі, «Тың: кеше, бүгін, ертең» кітабы сияқты өнімдердің жаңа түрлері шығарылды. Сондай-ақ, Компания негізгі ұйымдастырушыларының бірі болған «Каспий: мұнай және мәдениет» фотоальбомы шығарылды. Онда Қазақстанның батыс өңірі көне мәдениетінің құнды ескерткіштері түсірілген фотосуреттер жинақталған.
Компания алдына қойған барлық міндеттерге қол жеткізуге ұмтылды және алдағы уақытта да сондай ұмтылыспен жұмыс істейді.
2004
жылдың қаржы көрсеткіштерін
қалыптастыру кезінде
Шығыстар 137,2 млн. теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде, 38,2 млн. теңге - жалпы және әкімшілік шығыстарды құрайды.
2002-2003 жылдардағы табыстардың теріс динамикасына қарамастан, жаңа даму тұжырымдамасының қабылдануына байланысты, 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылға – 42 млн. теңге көлемінде табыс жоспарланған. Бұл ретте ақпараттық қызмет көрсетуден түсетін табыстың үлесі табыстың жалпы көлемінен арта түседі.
2004 жылдың қорытындысы бойынша 5684 мың теңге көлемінде таза табыс алу жоспарланып отыр. 2002-2003 жылдардың қорытындысы бойынша Компания 3664 мың теңге сомасында шығын көрген болатын. 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен жылдардың өтелмеген шығыстары 8643 мың теңгені құрады.
Осылайша, 2005 жылдан бастап Компания шығынсыз дәрежеге шығуды жоспарланып отыр, яғни, өткен жылдардың шығыны 2005 жылы өтеледі. Осы жағдайды ескере отырып, 2004 жылы Компания дивиденд төлеуді жоспарлап отырған жоқ.
Компанияның қалыптасу кезеңіне байланысты, 2003 жылы инвестициялық жобалар қарастырылған жоқ.
2004-2006 жылдарға арналған жоспар бойынша, 2004 жылдың соңында радиостанция ашу жоспарланған болатын. Бірақ, бірқатар техникалық және ұйымдастыру себептеріне байланысты, бұл жобаны жүзеге асыру жұмысы 2005 жылдың басынан басталатын болады.
Компанияның ақпараттық өнімдерін құрудың өндірістік негіздемесі болатын маңызды мәселелердің бірі – тілшілер желісін дамыту болып табылады. Бірінші дереккөзден тілшілер алатын мәліметтер ақпараттық өнімдер өндірісінде шикізаттық базасы болады. Меншікті тілшілер желісінің жеткілікті дамымауы, өзіндік ақпараттық өнімдерді жеткілікті көлемде және қажетті сапада шығаруға мүмкіндік бермеді, яғни, рынокта бәсекелесуге және дамудың экономикалық негізін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді. Қалыптасқан ахуалды түзету мақсатында, 2003 жылдың бірінші тоқсанында облыстық тілшілер желісін құру, шет елдерде бірнеше тілшілер қосынын ашу жұмысы жүргізілді. Ал, 2004 жылы бұларға қоса, Каирде және Анкарада тілшілер қосынын ашу жоспарланып отыр.
2005 жыл бойына Компания ұстанымын және оның перспективалық ақпараттық рыноктарға шығу мүмкіндігін күшейту жоспарланып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда 2004 жылдың бірінші тоқсанында үлкен жұмыс атқарылды, Компания рейтингі көтеріліп, орташа алғанда, ТМД елдері мен Ресей аумағындағы 500 ақпараттық агенттіктер арасында 40-50 орын деңгейіне шығып отыр. Алдағы уақытта сапалы жарнамалық науқандар өткізіп, сондай-ақ, жаңа ілкі жобалар енгізіп, қосымша маркетингілік зерттеулер жүргізіп Компанияның клиенттер базасын одан әрі кеңейту жоспарлануда. Менеджмент пен маркетинг қызметі өнімді өткізу үрдісінде күшті және әлсіз жақтарды анықтау жөнінде маңызды жұмыстар атқарғанын айта кету керек. Бұл атқарылған жұмыстар болашақта Компания үшін рыноктың қай саласы маңызды және тиімді екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Қызметтің негізгі түрінен алынатын табыс жаңа өнімдік тізбеге негізделген. Олар мына төмендегі өнім түрлері болып табылады:
2005 және 2006 жылдары ақпараттық өнімдердің жаңа түрлерін әзірлеу және шығару жоспарланған.
Өнімнің өзіндік құны жалпылама түрде ұйымның шаруашылық қызметінің, оның жетістіктері мен кемшіліктерін жан-жақты көрсететін маңызды сапалық көрсеткіштерге жатады.
Компания қызметінің негізгі бір түрі - жаңалықтардың ақпараттық таспаларын шығару екені белгілі. Ақпараттық өнім өз құрылымы жағынан ерекше сипатқа ие. Компания шығаратын өнімнің өзіндік құнының негізгі құрамдас құрылымдарын анықтайтын қырларына: іссапарлық шығыстар, байланыс, Интернет шығыстары, кеңселік және полиграфиялық шығыстар, жайды және автокөліктерді жалға алу шығыстары, қызметкерлердің жалақыларына бөлінетін, зейнеткерлік қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру қорларына аударылатын шығыстар және т. б.
Компанияның
жалпы стратегиясының маңызды элементтерінің
бірі болып баға саясаты –табылады.
Ақпараттық қызмет бағасын анықтаған
кезде өндіріс пен нақты
Баға саясатын түзуде - бәсекелестік баға ықпалы жетекші фактор болып табылады. Көптеген ақпарат агенттіктері біршама икемді баға саясатын ұстанады. Оның мәні - әрбір нақты ақпарат алушының қаржы мүмкіндіктерін саралауда болып табылады. Осыдан келіп, бағалар мен тарифтер айтарлықтай мөлшерде өзгеріп тұруы мүмкін.
Ақша қаражаты барынша мол түсуі үшін болашақта икемді төлем нысаны бар және икемді баға түзетін келісім-шарттардың кең көлемді және түрлі үлгілерін әзірлеу жоспарлануда.