Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 21:16, дипломная работа
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу мәселелері болып Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алатын орны мен маңыздылығы, оның басқарудағы, сондай-ақ қызмет етуіндегі олқылықтарды анықтап, оны жетілдіру мен алдын алу жолдарын қарастыру, жиналған мәліметтерге талдау жасай отырып олардың болашақтағы көрінісін белгілеу табылады.
Қазақстан
Республикасының Үкіметімен Министрлікке
мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің
түрін талдау және олардың сақталуы
немесе бәсекелестік ортаға беру жайлы
қорытындыны ұсыну бойынша
Жүктелген жұмысты жүйелі түрде орындау үшін келесі жолдарға суйене отырып мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түріне талдау жүргізілген:
Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үщін мемлекеттік кәсіпорындардың ұсынылған материалдар, мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларымен және оның мемлекеттік басқару органдарының басшыларымен жүргізілген кездесулерге негізделе отырып, қаржылық-шаруашылық қызметін бағалау жүргізілген. Сонымен бірге тіркелу және тағы басқа маңызды құжаттар зерттеліп, тексерілген.
Мемелекеттік
кәсіпорындардың Қазақстан
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңында Қазақстан Республикасының Үкіметімен және сәйкес жергілікті атқарушы органмен бекітілетін республикалық және коммуналдық кәсіпорындардың атаулы тізімін бекіту тәртібі анықталған. Бірақ та аталған Заңда тізімнің жаңартылып тұру уақыты мен мерзімі анықталмаған.
Мемлекеттік кәсіпорындарды тіркеуші мемлекеттік органдардың мәліметтерінде бір бірінен көп ауытқулар байқалғандықтан, мемлекеттік кәсіпорындарға талдау жүргізу кезінде жұмыс топтары мемлекеттік басқару органдарымен және мемлекеттік кәсіпорындардың өздері ұсынған мәліметке сүйенген.
Қазақстан Республикасы Салық комитетінің 2005 жылдың 1 наурызына берген мәліметтері бойынша республикада коммуналды мемлекеттік кәсіпорындардың сны – 4294, оның ішінде 1052 кәсіпорын істеусіз немесе бір жылдан артық уақыт бойы салық органдарымен байланысты жоғалтқан.
Қазыналық кәсіпорындардың саны 2972, 386 кәсіпорын істеусіз немесе бір жылдан артық уақыт бойы салық органдарымен байланысты жоғалтқан, 63 кәсіпорын Қазақстан Республикасының мемлекеттік салықтөлеушілер реестірінен шартты түрде шығарылған.
Мемлекеттік басқару органдарының мәліметтері бойынша республикалық және коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны – 4892 кәсіпорын. Соның ішінде: республикалық меншіктегі кәсіпорындардың саны – 530, оның ішінде шаруашылық жүргізу құқығында – 306, жедел басқару құқығында 224; ал коммуналдық меншікке 4362 кәсіпорын жатқызылады, оның ішінде шаруашылық жүргізу құқығында – 853 кәсіпорын, жедел басқару құқығында 3509 кәсіпорын.
Мемлекеттік
кәсіпорындардың санын
Әділет
министрлігінің заңды тұлғалар мен
электрондық банктің
Жалпы алғанда тіркеу мемлекеттік қызмет ретінде “бір терезе” принціпі бойынша жүзеге асырылуы керек. Аталған принцп мемлекеттік кәсіпорындарды заңды тұлға, салық төлеуші, мемлекеттік меншік объектісі ретінде тіркеуі мен тізімін жүргізіп, оның бәріне бірдей әдісін әзірлеген кезде ескерілуі керек.
Мемлекеттік
кәсіпорындардың келесідей
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңның 8 бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға өзінің жарғысында көрсетілген қызметінің нысанасы мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелерді жасауына тыйым салынады.
Аталған
Заңда мемлекеттік
Сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға мемлкеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берілмейді.
Шаруашылық
құқығындағы мемлекеттік
Мемлекеттік
органдардың қызметтік
Жедел
басқару құқығындағы
мемлекеттік
монополияға жатқызылған
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 6 бабына сәйкес тіркеуші органдарға тіркеуге тұру үшін заңды тұлғалар әділет Министрлігі бекіткен нысанда арыз жазады. Оған қосымша ретінде аталған Заңнын 7 бабына сәйкес құрылтайшы құжаттары қосылады.
Қазақстан Республикасының эділет Министрлігі тіркеу қызметіКомитетінің Төрағасы Бұйрығымен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеу Ережесі 1999 жылдың 19 мамырында бекітілген. Аталған Ереженің 7 бөліміне сәйкес мемлекеттік тіркеу тіркеуге ұсынылған құрылтайшы және өзге де маңызды құжаттардың сәйкестігін және дұрыстығын тексереді. Нәтижесінде оларға тиісті тіркелу нөірі бар мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі және заңды тұлға туралы мәліметтер Реестрге жіберіледі.
Мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшылық құжаттарына жүргізілген талдау нәтижесі кейбір мемлекеттік кәсіпорындарды құру, тіркеу және жарғысын бекіту кезінде мемлекеттік органдардың жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне қайшы немесе сәйкессіз іс-әрекеттердің жасалуын көрсетеді.
Атап өтетін жай болып мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік органдардың қызметін белгілі бір дәрежеде жүктеу табылады. Себебі мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік тапсырыс түрінде қызмет көрсету керек. Яғни мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысында кәсіпкерлік қызмет емес, мемлекеттік органдардың қызметі жазылу керек.
Аталған жағдайларды қазіргі уақытта әзірленіп жатқан әкімшіліктік реформаның екінші кезеңінде сәйкес мемлекеттік органдармен ескерілу ұсынылады.
Барлық уәкілетті органдар өздерінің құрылтайшылық құжаттарын және тіркеу процедурасын істе жүрген Қазақстан Республикасының заңдарындағы талаптармен сәйкестендіру керек.
Мемлекеттік органдар шаруашылық құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарды құрған кезде жарғысындағы тағайындалуының заңға сәйкестігіне көңіл аудару қажет. Ал мемлекеттік кәсіпорындарды тіркеуші органдар тіркеуді қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізу қажет.
Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысының сапасыз құрастырылуы тағы бір кері әсерлі мысал болып табылады, яғни жарғыда қызмет түрінің нақты міндеттері мен мақсаттары көрсетілмейді. Қызметтердің немесе мақсаттардың тізімі көбінесе «керес болып қалар» деген принціппен енгізіліп, нақты іс жүзінде олардың жүзеге асырылуы көзделмейді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңының 6 бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысында: кәсіпорынның түрі, оның фирмалық атауы, құрылтайшысы (уәкілетті органы) туралы мәлімет, кәсіпорынның тұрған жері, оның қызметінің мәні мен мақсаты, басшының өкілеттігі, жұмыс режимі, кәсіпорын мүлкінің құралуы мен табысты бөлу тәртібі, кәсіпорынды қайта құрастыру мен оның қызметін тоқтату туралы шарттардың болуы тиіс. Жарғыда сондай-ақ кәсіпорын мен құрылтайшы, кәсіпорынның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары айқындалады. Жарғыда заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.
Бірақ та кей кәсіпорындарда жарғыда өз тағайындалуына сәйкес келмейтін басқа қызметтердің көрсетілуі кездеседі. Мұндай өз тағайындалуынан ауытқуларға тыйым салатын жазылымдар жоғарыда аталғын Заңда кездеспейді.
Жарғыда «мемлекеттік кәсіпорын уәкілетті органмен және заңдар жинағымен тыйым салынбаған қызмет түрін жүзеге асыруға құқылы» деген сөз тіркесін пайдалану орынсыз және ондайды жібермеу шарт болуы керек.