Кәсіпорынды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 21:16, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу мәселелері болып Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алатын орны мен маңыздылығы, оның басқарудағы, сондай-ақ қызмет етуіндегі олқылықтарды анықтап, оны жетілдіру мен алдын алу жолдарын қарастыру, жиналған мәліметтерге талдау жасай отырып олардың болашақтағы көрінісін белгілеу табылады.

Работа состоит из  1 файл

кәсіпорынды басқару.doc

— 597.50 Кб (Скачать документ)

   Кәсіпорындардың қызметін реттейтін талаптар мен  нормаларды сақтау бойынша тұрақты  талдау және тексеру жүргізу ұсынылады. Сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарына, еңбекақы қорына, қызметкерлер санына жүйелі түрде талдау жасалуы қажет, сондай-ақ олқылықтарға байланысты мәселелердің уақытылы шешілуін қамтамасыз ету керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   ҚОРЫТЫНДЫ 

   Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе келесі негізгі жайды атап көрсетуге болады. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметі нарықтық экономиканың өзара бәсекелес тұлғалары қамтымайтын аяларды қамтиды. Аталған аяның неғұрлым сапалы дәрежеде, толыққанды қамтылуы - әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы, яғни қорғаныс, денсаулық сақтау, білім берудегі соғұрлым жоғарғы деңгейдегі дамудың көркнісі.

   Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін басқару  тікелей сәкес нормативтік-құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасының  Заңдарына, атқарушы органдардың бұйрықтарымен бекітілген ережелерге негізделіп жүзеге асырылатындықтан, сондай-ақ олар мелекеттік саясатты жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың функцияларын белгілі бір анықталған шекте бөліп алатындықтанжәне оларға қызмет көрсететіндіктен мемлекеттік кәсіпорындар бизнес сферасына емес, басқару сферасына жатқызылады.

   Кей мемлекеттік кәсіпорындар коммерциялық көз қарастан өте тиімді және нәтижелі болып келеді. Дегенмен, мемлекеттік  кәсіпорынның тиімді өндіріске қабілеттілігі  жеке секторға қарағанда кем. Мұның себебі, мемлекеттік кәсіпорындар залалдылық жағдайына жеткен кезде өзінің қызметін тоқтатудың орнына, қаржылық көмек алады. Сонымен қаса, мемлекеттік кәсіпорындардан қызметкерлердің қабылдануын көбейтуді талап етеді. Бұл жұмыстың нәтижелілігінде емес, жұмыссыздардың қысқаруынан жағымды көрініс алады. Нарықтық жүйе, мемлекеттік секторда жок, қызмет немесе жұмыс тиімділігі мен нәтижелілігін көтеруді ынталандырады. Жеке кәсіпорындардың басшыларында өте күшті жеке ынтасы бар – ол неғұрлым жұмыс нәтижелі, тиімді болса, соғұрлым табыс көп. Ал мемлекеттік кәсіпорынның басшысы жеке пайданы айтарлықтай сезінбейді. Сәйкесінше шығындарды төмендету ынтасы да мәз емес.

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік мүлікті және жекешелендіруді басқарудағы эффективтілікті жоғарылату бойынша салалық бағдарламада келесі жағдай қарастырылған: «…төмен табыстылық және залалды мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттің позициясын нақты анықтау: мұндай категориядағы кәсіпорындардың мемлекеттік кәсіпорын статусын иеленудегі орындылығын мемлекеттің мүддесі мен оған жүктелген міндеттерді ескере отырып анықтау, сондай-ақ оларды басқа заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысанына көшірудің немесе жоюдың мүмкіндіктерін қарастыру»

   Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрімен  экономика Министрлігіне мемлекеттік  кәсіпорындардың жалпы саны мен  сапасына, қызметіне, заңдылығына, сәйкестілігіне бйланысты талдау жасау жүктелген.

   Талдау  нәтижесінің мәліметтеріне сүене отырып келесідей қорытындылар мен оған сәйкес ұсыныстарды атап көрсетуге болады:

   - жалпы алғанда тіркеу, соның ішінде  мемлекеттік кәсіпорындарды тіркеу, мемлекеттік қызмет ретінде “бір  терезе” принціпі бойынша жүзеге  асырылуы керек. Аталған принцп  мемлекеттік кәсіпорындарды заңды тұлға, салық төлеуші, мемлекеттік меншік объектісі ретінде тіркеуі мен тізімін жүргізіп, оның бәріне бірдей әдісін әзірлеген кезде ескерілуі керек;

   - мемлекеттік органдардың  қызметі  белгілі бір дәрежеде мемлекеттік  кәсіпорындарға жүктеледі. Себебі мемлекеттік кәсіпорындар  мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік тапсырыс түрінде қызмет көрсету керек. Яғни мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысында кәсіпкерлік қызмет емес, мемлекеттік органдардың қызметі жазылу керек.

   Аталған жағдайларды қазіргі уақытта  әзірленіп жатқан әкімшіліктік реформаның екінші кезеңінде сәйкес мемлекеттік  органдармен ескерілу ұсынылады;

   - барлық мемлекеттік органдар  мемлекеттік кәсіпорындардың міндеттері мен мақсаттарын және функцияларын қолданыстағы заңдар жинағына сәкес және өзіне тиесілі нарығындағы жағдайларды ескеріп, жөнге келтіру керек;

   - барлық мемлекеттік кәсіпорындарға  тән жалпы олқылықты атап көрсетуге  болады. Олар:

  • басқару деңгейінің жеткіліксіздігі;
  • даму жоспарының жоқтығы;
  • қаржылық жағдайын сауықтандыру бойынша іс-шаралардың қабылданбауы;
  • мемлекеттік   кәсіпорындарды  жою   немесе  оларды  жетілдіру  бойынша уәкілетті органдардық қарекетсіздігі және іс-шаралардың қабылданбауы.

   Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттейтін  талаптар мен нормаларды сақтау бойынша  тұрақты талдау және тексеру жүргізу  ұсынылады. Сонымен бірге мемлекеттік  кәсіпорындардың шығындарына, еңбекақы қорына, қызметкерлер санына жүйелі түрде  талдау жасалуы қажет, сондай-ақ олқылықтарға байланысты мәселелердің уақытылы шешілуін қамтамасыз ету керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Поршнева  А.Г., Румянцева З. П., Саламатина Н.А. Управление организацией. – М.: ИНФРА-М, 1998
  2. Мамыров Н. К. Менеджмент и рынок: казахстанская модель. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998
  3. Сергеев И. В. Экономика предриятия. – М.: Финансы и статистика, 2000
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2005
  5. Сундетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономики. – Алматы: Республиканский издательский кабинет казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 1999
  6. Владимир Абчук. Азбука маркетинга. – Санк-Петербург: СОЮЗ, 2003
  7. Бердалиев К. Б. Основы управления экономикой Казахстана. – Алматы: Экономика, 1998
  8. Веснин В. Р. Менеджмент для предпринимателей. – М.: Антиква, 2002
  9. Виханский О. С., Наумов А. И. Менеджмент: человек, стратегия, организация, процес. – М.: Финансы и статистика, 2003
  10. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И. Жалпы экономикалық теория. – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004
  11. Қазақстан Республикасының 19.05.1995  №2335  «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңы
  12. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2005 жылғы 12 қаңтардағы «Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар іс-әрекетінің кейбір мәселелері туралы» өкімі
  13. Кошанов А. К. Формирование системы акционерных отношений в Республике Казахстан. – Алматы: Гылым, 2001
  14. Янош Корнай. Путь к свободной экономике. – М.: Экономика, 1997
  15. ЧепуринаМ. Н., Киселева Е. А. Курс экономической теории. – Киров: АСА, 2004
  16. Виханский О. С., Наумов А. И. Менеджмент. – М.: Гардарики, 2001
  17. Дункан У. Ж. Основопологающие идеи в менеджменте. – М.: Дело, 1996
  18. Родионова Б. Н. Организация, планирование и управление. – М.: Машиностроение, 1999
  19. Майталь Ш. Экономика для менеджеров. – М.: Дело, 2001
  20. Как делать бизнес в Казахстане: в помощ предпринимателю. – Алматы: Гылым, 1996
  21. Кузенков А. Л. Приватизация и эффективность предприятий. – М.: ГЛОИР, 1997
  22. Мескон М. Основы менеджмента. – М.: Дело, 1998
  23.   www.rambler.ru Структура управления.
  24. www.rambler.ru Сравнительный анализ государственных и частных предприятии.
  25.   www.rambler.ru Дилема государственной и частной собственности.

Информация о работе Кәсіпорынды басқару