Кәсіпорынды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 21:16, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу мәселелері болып Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алатын орны мен маңыздылығы, оның басқарудағы, сондай-ақ қызмет етуіндегі олқылықтарды анықтап, оны жетілдіру мен алдын алу жолдарын қарастыру, жиналған мәліметтерге талдау жасай отырып олардың болашақтағы көрінісін белгілеу табылады.

Работа состоит из  1 файл

кәсіпорынды басқару.doc

— 597.50 Кб (Скачать документ)
      Ұйымдастырушы-лық- құқықтық формасына қарай
 
Жеке, жанұялық кәсіпорын, шаруашылық серіктестік (толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестігі), акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, коммерциялық емес ұйым (мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, ассоцациялар, одақ)
 
Саласына  байланысты
Өндірістің  түрі Шикізат Қолданылуы Бұйымның  түрі Технология
Материалдық игілік

Қызмет көрсету

Ағаш

Металл

Мұнай

Тұтыну  заты

Инвест. зат

Станоктар

Электр жабдық

Автокөлік

Азық-түлік

Құйылмалы және құрастыр-малы
 
Өндірістің  түріне қарай классификациялануы
 
Өндірістік  кәсіпорындар
Өндіру Өңдеу Өндіріс
Шикізат өндіруші

Тау-кен  өндіруші

Мұнай өңдеуші Станок  құрылысы

Азық-түлік

Қызмет  көрсететін кәсіпорындар
Сауда Банк Сақтандыру Көлік
Бөлшектік

Көтерме

Сыртқы

Жинақ банкі

Несиелік

Ипотекалық

Сырқаттық

Өрттен

Авто  жол

Темір жол

Әуе жол

 
Кәсіпорынның  көлеміне байланысты
Шағын Орта Ірі
 

   Сурет 2 - Кәсіпорындардың классификациясы

   Жоғарыда  көрсетілген, яғни ажыратылған кәсіпорын  турлеріне немесе заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінде мүмкін болатын жағдайлар ескеріле отырып сәйкес анықтама, нұсқаулық және көптеген ақпараттар берілген.

   Жеке  кәсіпкерлік – бұл қоғамның тауарға (жұмысқа, қызметке) деген қажеттілігін қанағаттандыру жолымен пайда немесе жеке табыс табуға  бағытталған, өзінің жекеменшігіне немесе коллективтің меншігіне негізделе отырып жүзеге асырылатын азаматтардың іс-әрекеті. Бірлескен формадағы кәсіпорындар ортақ бірлескен жекеменжік базасы негізінде өз қарекетін жүзеге асырады. Оларға жанұялық кәсіпорындарды, фермерлік шаруашылықты жатқызуға болады.

   Шаруашылық  серіктестігі - бұл жарғылық капиталы құрылтайшылардың, қатысушылардың үлесіне  бөлінген коммерциялық ұйым. Ұйым мүлігі құрылтайшылырдың салымы негізінде қалыптасады, сонымен бірге аталған ұйымның өндірген және сатып сатып алынған бұйымдары мен заттары серіктестіктің меншігі есебінде болады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрылуы мүмкін.

   Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз  болған жағдайда қатысушылары сетіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі  барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте  болатын серіктестік толық серіктестік деп аталынады.

     Серіктестіктердің міндеттемелері  бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап  беретін бір енмесе одан да  көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері  салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім (командиттік) серіктестігі деп танылады.

   Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталынады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.

   Қатысушылары  серіктестік міндеттемелері бойынша  өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауп беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз  болған жағдайда өздерене тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп аталады.

   Акционерлік қоғам деп өзінің қарекетін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында ақциялар шығаратын заңды тұлға  танылады. Акционерлік қоғам капиталына құрылтайшылар немесе қатысушылар тиісті үлесін қосады. Аталған үлесін айқындайтын бағалы қағаз акция деп аталады.  Бұл бағалы қағаз акция иесіне түскен пайданың белгілі бөлігін дивидент ретінде иеленуге құқық береді.

   Азаматтардың  бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.

   Мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу  құқығына негізделген кәсіпорындар және жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық) кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың іс-әрекеті мемлекеттік меншік формасына негізделген.

   Коммерциялық  емес ұйымдар өз алдына келесідей  бөлінеді:

  • мекеме – басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландырылатын ұйым;
  • қоғамдық бірлестіктер – Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестікткр болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жеті үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері табылады.
  • азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүлік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім бері және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылыды.
  • қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп аталады.
  • рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі діни бірлестік деп танылады.
  • коммерциялық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жалпы үлестік мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында өзара, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бірлескен шарт бойынша қауымдастықтар (одақтар) нысанында бірлестіктер құра алады. [4]
 

   1.2 Кәсіпорын басқару  объектісі ретінде  

   Кәсіпорын алға қайған мақсатының әрқилылығы мен  жанжақтылығы оны дамыту мен қызметін басқаруда арнайы білім мен өнерді, әдістер мен тетіктерді, қызметкерлерді қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуді  талап етеді. Кәсіпорынды бір жағынан мақсатына, қолданатын ресурстарына, құқықтық-нормативтік негізіне, көлеміне, табысына байланысты және екінші жағынан құрылымы, үрдістері, еңбек бөлінісі, рөлдерді бөлу, ұйымдастырушылық және басқару мәдениетінің көрінісі болатын сыртқы орта мен ішкі әлеуметтік және экономикалық байланыс пен қарым-қатынас және тағы басқа ұйымдастыру, басқару параметрлерене сүйене отырып сипаттауға болады.

   Басқарудың  негізгі міндет-мақсаттары жетістіктерге  қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жұмыстарының түрі мен көлемін анықтауда маңызды орынға ие. Бұл жерде кәсіпорынның түрі мен ерекшелігіне байланыссыз кез келген басқару үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылатын функциялар жайлы айтылып отыр. Кәсіпорынның түрі мен ерекшелігіне байланыссыз болғандықтан басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау және үйлестіру сынды функциялары жалпылық сипатқа ие. Бөлініп алынған функциялардың арасындағы байланыс айналыс ретінде төмендегі суретте көрсетілген (Сурет 3).

     

   

   

     

     

     
 

   Сурет 3 – Басқару функцияларының арасындағы байланыс

   Суреттегі бағыттар жоспарлаудан бақылауға дейінгі  қозғалыс қызметкерлерді ұйымдастыру  мен ынталандару жолымен ғана мүмкін екендігін көрсетеді. Суреттің ортасында негізгі функциялардың  өзара қарым-қатынаса мен келісімділігін қамтамасыз ететін үйлестіру функциясы орналасқан.

   Жоспарлау – бұл кәсіпорын іс-әрекетінің жоспарлары мен оның құрамдас бөліктерін құраумен байланысты басқару қарекетінің  бір түрі. Жоспар істелу керек іс-әрекеттердің кезегі бойынша құрылуын қамтамасыз етеді және алға қойылған мақсатқа жетуде қажетті ресурстар мен уақытты анықтайды.

   Сәйкесінше  жоспарлау өзіне келесілерді  қосады:

  • мақсаттар мен міндеттерді белгілеу;
  • мақсатқа жету үшін жоспар, бағдарлама, стратегияны әзірлеу;
  • қажетті ресурстар мен уақытты анықтап, оларды мақсаттары мен міндеттерге байланысты бөлу;
  • жоспарды жүзеге асыру бойынша жауапкершілік артылған жеткізу. [5]

   Ұйымдастыру – бұл басқарудың екінші функциясы. Оның міндеті болып ұйымның құрылымын  қалыптастыру және оның жұмыс істеуін, яғни персоналмен, материалдармен, құрал-жабдықтармен, мекемемен, ақша қаражатымен қамтамасыз ету табылады. Ұйымдастырудың жалпы мағынасы ортақ басқару міндетін құзіреті мен жауапкершілігін жіктеу арқылы бөліктерге бөлу, сондай-ақ әртүрлі жұмыстар арасында өзара байланысты қалыптастыру болып табылады.

   Кәсіпорында құрылған әрбір жоспарда ұйымдастыру  сатысы болады, яғни жоспарланған мақсатқа жету үшін жағымды жағдай жасау. Бұл  жерде ең бастысы: қызметкерлермен  жұмыс істеу, басшылардың стратегиялық, экономикалық ой-өрісін дамыту, шығармашылық пен жаңа енгізулерге икемділігін қалыптастыру және тәуекелге барудан, кәсіпорынның өзекті мәселесін шешудегі жауапкершіліктен қорықпайтын қызметкерлерге қолдау көрсету және т. б.

   Ынталандыру – бұл жоспарда қойылған мақсаттарға жету үшін кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкерлердің белсенділігін ояту, іс қимылға жұмылдыру қарекеті.

   Ынталандыру үрдісіне келесілер кіреді:

  • қанағаттандырылмаған қажеттіліктерді анықтау;
  • қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған мақсаттарды құру;
  • мақсатқа жетудегі іс-әрекеттерді анықтау.

   Ынталандыру бойынша жүзеге асырылатын шаралар  экономикалық (сыйақы беру, қаламақы жүйесінің  болуы, материалдық көмек, тұрғын үймен  қамтамасыз ету) және рухани (атақ, шен  беру, жауапкершілігі мен құзіретін арттыру, мақтау қағаздарын ұсыну) сипатта болуы мүмкін. [6]

   Бақылау – негізгі міндеті кәсіпорын қызметінің нәтижесін сандық және сапалық бағалау мен есеп жасау болып табылатын басқарудың қызметі. Оның негізгі екі бағытын бөліп көрсетуге болады:

  • жоспарда көзделген мақсаттардың, жұмыстардың орындалуын бақылау;
  • жоспарда көрсетілген іс-әрекет пен көрсеткіштерден ауытқуды түзету бойынша шаралар.

   Бұл қызметтің жүзеге асырылуындағы  негізгі құрал болып тура мағынадағы бақылау, қызметтің барлық жағын  тексеру, есеп жүргізу және талдау жасау табылады. Жалпы басқару үрдісіндегі бақылау қызметі қайтарымды байланыс сипатына ие. Себебі бақылаудың талдамалары мен көрсеткіштері бұрын қабылданған шешімдерге, жоспарға, сондай-ақ нормалар мен нормативтерге де өзгерістер енгізуі мүмкін.

Информация о работе Кәсіпорынды басқару