Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 21:16, дипломная работа
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу мәселелері болып Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алатын орны мен маңыздылығы, оның басқарудағы, сондай-ақ қызмет етуіндегі олқылықтарды анықтап, оны жетілдіру мен алдын алу жолдарын қарастыру, жиналған мәліметтерге талдау жасай отырып олардың болашақтағы көрінісін белгілеу табылады.
Компанияны басқаруды:
басқару органы – Директорлар кеңесі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысымен бекітілген);
атқару органы – Президент.
Компанияны
корпоративтік басқарудың қолданыстағы
моделі қызметтік міндеттерді тиімді
бөлуді және Компания қызметінің ерекшелігін
ескере отырып барлық құрылымдық бөлімшелердің
өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етуге
негізделген.
Компанияның
ұйымдық құрылымы
Компанияны басқарудың ұйымдық құрылымының жоғарыда келтірілген үлгісі компанияның негізгі қызметінің ерекшеліктерінен туындаған. Компания қызметінің негізгі өнімі ақпараттық қызмет көрсету болып табылады. Ақпараттық өнім түзу мен оны жүзеге асыру қызметтерді оңтайлы жіктеуге және өндірістік тізбенің әрбір буынының үйлесімділігіне байланысты.
Өндірістік
процестің бастапқы кезеңі ақпараттық
өнімдер шығарудың базалық
Екінші кезеңге - берілген материалдарды өңдеу және саралау, оларды жүзеге асыру үшін дайын өнім ретінде түзу кіреді. Бұл жұмысты бас редакциялар, сондай-ақ ұйымдық құрылымның екінші блогы болып табылатын тақырыптық жаңалықтар қызметі жүзеге асырады.
Үшінші кезеңде дайын өнімді ақпараттық рынокқа өткізу жүзеге асырылады. Өнім өткізу процесіне сондай-ақ ақпараттық қызметтер рыногына маркетингілік зерттеу жүргізу кіреді. Ол Компания қызметін тиісінше негізгі бағыттарға бұрады, тұтынушылардың жоғары сұраныстарын, ақпараттық өнімдерді тұтынушылардың мүдделі топтарын, шығарылатын өнімдерге тұтынушылар қоятын негізгі талаптарды анықтайды.
Бұл қызмет Компанияның ұйымдық құрылымының үшінші блогына жүктелген. Бұлардан бөлек, үшінші блоктың міндетіне өндіріс процесіне қосылған барлық құрылымдардың жұмыстарын техникалық және ұйымдық тұрғыдан қамтамасыз ету кіреді.
Жоғарыда
көрсетілген Компанияның
Әрбір құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын жолға қою маңызды құрамдас міндеттердің бірі болып табылады.
Корпоративтік басқарудың негізгі жұмысы, акционер мен тұтастай алғанда, қоғам мүддесі үшін Компания жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.
Компанияның қаржылық қызметі 2004-2007 жылдары біртіндеп тұрақты рыноктық қызметке ауысуға негізделген.
Жаңа қызметтерден түсетін табыстар шапшаң қарқынмен өсіп, өнімдік ақпараттық линейканы саралауға компания менеджменті ставкаларының негізділігін көрсетеді.
Компанияның даму стратегиясын әзірлеу барлық: материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарын, озық технологияларды тиімді бөлуді және пайдалануды, сондай-ақ, осы негізде - бәсекелестік ортада рынокта тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Қазіргі
кезде Компания ақпараттық агенттіктерге
ақпарат қызметтерін көрсету
саласында маманданған
Ресми мәліметтер бойынша 2005 жылдың 1-ші ақпанында Қазақстан Республикасында 2116 бұқаралық ақпараттар құралдары жұмыс істеді. Олардың 123-і - Астана қаласында. Ең көп БАҚ Алматы қаласында – 730 аталым, ең аз БАҚ – Маңғыстау облысында – 26 аталым. Оның ішінде 1327 газет, 591 журнал, 111 телеарна, 40 радиостанция, 33 телерадиокомпания, 11 ақпараттық агенттік және 3 кабельдік телеарна провайдері бар. Жалпы алғанда бұқаралық ақпараттар құралының 490 – мемлекеттік, 1626 – мемлекеттік емес болып табылады.
Ақпарат рыногында бірнеше ірі ақпараттық агенттік – Компанияның тікелей бәсекелестері бар. Олардың қатарында тармақталған халықаралық тілшілер қосыны бар «Интерфакс-Қазақстан», «РАТА-ТАСС», «Рейтер» агенттіктері бар. Бұлардан басқа, «Казахстан Тудей», «Кода» және т.б. шағын ақпараттық агенттік бар. Ақпараттық рыноктағы бәсекелестік деңгейін жоғары деп бағалауға болады.
Бұл орайда, бәсекелестердің рыноктық балама сегменттеріне (БАҚ, мемлекеттік органдар, ірі компаниялар) жұмыс істейтінін және икемді тарифтік саясатты (өнімдер ұйым бюджетіне лайықты баға бойынша сатылады) пайдаланатынын атап өту қажет.
Бүгін де Компанияның өнімін жаздырып алушылардың 35,2 %-ын БАҚ, 17,6 %-ын – мемлекеттік органдар, 43,5 %-ын кәсіпорындар, 3,5 %-ын жоғары оқу орындары құрайды. Негізгі жаздырып алушыларды (32 БАҚ) және БАҚ саласындағы әлеуетті клиенттерді (1300 аталым), атап айтқанда, газеттерді, телерадиокомпанияларды және радиостанцияларды ескере отырып, Компанияның рыноктағы үлесінің абсолюттік үлесі - 2,5 %-ды құрайтынын анықтауға болады.
Ақпараттық рыноктағы үлестің аздығын Компанияның тек 2002-2003 жылдары ғана халықаралық ақпараттық рынокқа белсенді араласа бастауымен түсіндіруге болады. Қазіргі уақытта тұрақты клиенттік базаны толықтыру, Компания өнімінің таратылуы аумағын кеңейту процесі жүруде. Осы тұрғыдан алғанда, Компанияның жаңа клиенттерін іздестіру жұмыстарымен қатар, тұрақты клиенттермен жеке жұмыстар (жеңілдікті жүйелер кезеңі, жеке көзқарас) жүргізілуде. Мемлекеттік тілде шығатын немесе хабар тарататын бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты 50 %-дық жеңілдік беру тәжірибесі де жалғастырылуда. Рыноктың басқа қатысушыларына, оның ішінде мемлекеттік органдарға да ақпараттар ақылы негізде берілу тәжірибесі дамытыла түседі.
Компанияның негізгі клиенттерінің 40-70 %-ын - «Хабар» Агенттігі» АҚ, «Қазақстан» РТРК» ЖАҚ, «Рахат-ТВ» Медиа-холдингі, «Казахстанская правда» республикалық газеті» ААҚ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ААҚ, «Алма-Медиа» БY» және т.б. болып табылады.
Негізгі клиенттердің екінші қатарында мемлекеттік басқару органдары (орталық және жергілікті органдар ) тұр, олар 30-50 %-ды құрайды.
Маңызды клиенттердің қатарында ірі кәсіпорындар, жоғары оқу орындары мен кітапханалар бар, олардың үлесі - 20-30 %.
Бұған дейін атап өтілгеніндей, Компания толық мемлекеттік тілде басылатын немесе хабар тарататын БАҚ-тарға, сондай-ақ, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына үлкен назар аударады.
Сондай-ақ,
Компания өзара тиімді негізде басқа
елдердің ақпараттық агенттіктерімен
және БАҚ-ымен ынтымақтастық орнатқан.
Олардың қатарында: РАТА-ТАСС, «Мажарстан
МТИ» АА, «Синьхуа» АА, «УкрИнформ» АА,
«Кабар» Қырғыз ақпарат агенттігі, «Белта»
Беларус Республикасының ақпарат агенттігі,
«Ташкент» АА, Молдавияның ақпарат агенттігі,
АзерТАГ және т.б. ақпараттық агенттіктер
бар.
2.2 «Қазақпарат» Ұлттық Компаниясының 2002-2004 жылдардағы
қаржылық қызметін талдау
Компанияның
2002-2003 жылдардағы өндірістік-қаржы
қызметінің негізінде төмендегідей
табыстар серпіні қалыптасты:
Кесте 1 - 2002-2003 жылдардағы табыстар құрылымы
Көрсеткіштер | Бірлік өлшемі | 2002 жыл
есеп |
2003 жыл есеп | 2003 жылдың
2002 жылға. % есебімен |
Барлық табыс. с.і: | мың теңге | 22 015 | 100 907 | 458 |
Негізгі қызметтен түсетін табыстар (ақпараттық қызметтер) | мың. теңге | 19 831 | 99 683 | 503 |
Табыстың (%) үлесі, барлығы | % | 90,1 | 98,8 | |
Басқа да табыстар | мың. тенге | 2 184 | 1 224 | 56 |
Басқа да табыстардың үлесі | % | 9,9 | 1,2 |
Осы 1-ші кестеден байқалып отырғандай, 2002-2003 жылдардағы Компания қызметінің негізгі түрі жалпы үлесі 90 %-дан асатын ақпараттық қызметтер көрсету болды.
Компания 2002-2003 жылдары ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алғанын да айта кету керек. Атап айтқанда, 2002 жылы мемлекеттік тапсырыстың сомасы 18 млн. теңгені, 2003 жылы - 74,9 млн. теңгені құрады. Бұл Компанияның өндірістік және қаржылық қуатының өсу қарқынын көрсетеді. Сондай-ақ, Компанияны дамытуға және жарақтандыруға 2003 жылы 75,1 млн. теңге бөлінді. Бұл Компанияның негізгі қорларын толықтыра түсті.
2002
жылғы көрсеткіштермен
Бұл
өсім бірінші кезекте, өндіріс көлемінің
артуымен, тұтынушылар санының өсуімен
сипатталады, ал бұл, Компания бюджетінің
шығыс бөлігінің артуына ықпал етті.
Кесте 2 - 2002-2003 жылдардағы шығыстар
мың. теңге
2002
жыл
есеп |
2003
жыл
есеп |
2003 жылдың 2002 жылға % есебімен |
23 799 | 102 745 | 432 |
2002-ден
2003 жылға дейінгі кезеңде
Ақпараттық өнімдер шығарудың артуы, жаздырып алушылар санын өсіру жөніндегі шаралар, ұсынылатын өнім сапасын жақсарту, тілшілер желісін одан әрі ірілендіру шаралары – Компанияға белгілі бір жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді.
Сурет 4 - 2002-2003 жылдары редакциялар бойынша айына шығарған
өнімдер (жаңалықтар) көлемінің диаграммасы
2002
және 2003 жылдардың өндірістік
Компанияның
2003 жылғы өндірістік қуатын 2002 жылмен
салыстырар болсақ, жаңалықтар өнімін
шығарудың абсолюттік көрсеткішке, жылына
15204 жаңалыққа немесе 83,4 %-ға өскенін көреміз
(5 сурет).
Сурет 5 - Ақпараттық қуаттың өсу қарқыны (жаңалықтың орташа көлемі 1900 баспа белгісі болғандағы, ай сайын шығарылатын жаңалықтар көлемі)