Кәсіпорынды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 21:16, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу мәселелері болып Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алатын орны мен маңыздылығы, оның басқарудағы, сондай-ақ қызмет етуіндегі олқылықтарды анықтап, оны жетілдіру мен алдын алу жолдарын қарастыру, жиналған мәліметтерге талдау жасай отырып олардың болашақтағы көрінісін белгілеу табылады.

Работа состоит из  1 файл

кәсіпорынды басқару.doc

— 597.50 Кб (Скачать документ)

   Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік  мүлікке ие кәсіпорын қазыналық  болып табылады. Оның мақсаты:

  • төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, өрттен су тасқынынан және басқа да табиғи зілзаладан қорғай;
  • топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу;
  • денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім бері, әлеуметтік қорғау, ғылым, мәдениет, туризм және спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
  • мемлекеттік органдардаң қызметтік ғимараттарын пайдалануды, оларға көлік қызметін көрсетуді және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру;
  • кеме жүзетін жолдар мен гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) күтіп ұстау мен дамыту;
  • мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылуы мүмкін.

   Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік  кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады, яғни өз мүлкі есебінен басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған  заңды тұлға. Мұндай кәсіпорындар:

  • негізгі кәсіпорынды, оның ішінде монополияға қарсы заң талабы күшіндегі кәсіпорынды ықшамдау;
  • негізгі кәсіпорындардың филиалдарын дербес заңды тұлға етіп қайта құру;
  • негізгі өндірістің тиімділігін арттыру үшін қосымша және мамандандырылған өндіріс құру;
  • негізгі өндірісті оған тән емес қызмет пен функция түрлерінен босату мақсатында құрылады.

   Мемлекеттік меншіктің түрлеріне қарай кәсіпорындар республика меншігіндегі кәсіпорындар және коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар болып бөлінеді. Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

   Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын келесідей әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады:

  • мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау;
  • экономиканың жеке меншік секторы қамтымаған немесе жеткіліксіз қамтыған қоғамдық өндірістің буындары мен салаларында бірінші қажеттіліктегі тауарларды өндіру (жұмыс атқару, қызметтер көрсету);
  • мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыру.

   Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың атаулы тізбесін Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекітеді және сол кәсіпорынға  қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің функцияларын республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге Қазақстан Республикасының Үкіметі уәсілеттік берген мемлекеттік орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орындайды.

   Министрліктер, агенттіктер, ведомстволар және Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары болып табылады.

   Ал  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың  атаулы тізбесін тиісті жергілікті атқарушы органдар бекітеді. Сонымен қатар, коммуналдық  меншік құқығы субъектісінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты функцияларын әкімшілік-аумақтық бөліністің әкімияты жүзеге асырады. Тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкімияты не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органы болап табылады.

   Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын, мемлекеттік басқару органының  ұсынуы бойынша, оның құрылтайшысы (уәкілетті  органы) айқындалады және бұл кәсіпорын  жарғысынжа бекітіледі. Жарғы -  мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшы құжаты және оны  мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы бекітеді. Аталған жарғыда: кәсіпорынның түрі, оның фирмалық атауы, құрылтайшысы туралы мәлімет, кәсіпорынның тұрған жері, оның қызметінің мәні мен мақсаты, басшының өкілеттігі, жұмыс режимі, кәсіпорын мүлкінің құралуы мен табысты бөлу тәртібі, кәсіпорынды қайта ұйымдастыру мен оның қызметін тоқтату шарттары болуға тиіс. Жарғыда сондай-ақ кәсіпорын мен құрылтайшы, кәсіпорынның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары айқындалады. Жарғыда басқа да заңға қайшы келмейтін жағдайлар мен ережелер қарастырылуы мүмкін.

   Мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау  және қадағалау функцияларын бөлуге жол берілмейді және өз жарғысында көрсетілген қызметтің нысаны мен мақсатына сай келмейтінқызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәліметтерді жасауына тыйым салынады.  Жарғыда айқындалған қызмет мақсатына қайшы жасаған мәмілесі заңдарда белгіленген тәртіппен оның құрылтайшысының талабы бойынша күші жоқ деп танылуы мүмкін. Кәсіпорын басшысының кәсіпорынның қызметінде жарғыдан тыс іс-әрекет жасауы еңбек міндеттерін бұзған болып табылады және белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тарту шараларын қолдануға апарып соғады.

   Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару органдарының келесілерге өкілеттіктері болады:

  • мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағытын айқындауға;
  • мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын, оның ішінде жоспарлы қаржылық көрсеткіштерін, оларды берудің мерзімділігі мен тәртібін қарауға және бекітуге;
  • уәкілетті органға тиісті есепті ол белгілеген мерзімде табыс ете отырып, мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын бақылауға және талдауға;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен мемлекеттік басшыны тағайындауға және оны аттестациялаудан өткізуге;
  • мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің мақсатқа сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
  • нормативтік құқықтық актілермен өзінің құзіретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктері болады.

   Заңды тұлға ретінде кәсіпорынның органы мемлекеттік басқару органына есеп беретін кәсіпорынның басшысы болып  табылады. Мемлекеттік басқару органы кәсіпорынның басшысымен қатынасты Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына сәйкес жеке еңбек шартын жасау арқылы ресімдейді.

   Жеке  еңбек шартында оның қолданылу мерзімінен, еңбек, демалыс жағдайларынан, материалдық  жағынан қамтамасыз етілуінен, қатынасты  Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында көзделген кепілдіктер ескеріле отырып, атқаратын қызметінен босату негіздерінен басқа, кәсіпорын басшысының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, оның ішінде таза табыстың белгіленген бөлігін мемлекеттік бюджетке уақытылы аудармағаны және қаржы-шаруашылық қызметі туралы мәліметтер бермегені үшін жауапкершілігі айқындалады.

   Мемлекеттік кәсіпорын басшысы:

  • меншік иесінің (уәкілетті органның) және мемлекеттік басқару органының алдында кәсіпорындағы істің жай-күйі үшін тікелей жауапты болады;
  • жеке дара басшылық жасау қағидалары бойынша іс-қимыл жасайды және кәсіпорынның барлық мәселелерін сәйкес заң мен кәсіпорын жарғысы белгілеген құзіретіне сәйкес дербес шешеді;
  • кәсіпорын атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды, барлық органдарда кәсіпорынның мүддесін білдіреді, мемлекеттік кәсіпорын туралы заңмен белгіленген шектерде кәсіпорынның мүлкіне өкімдік етеді, шарттар жасайды, сенімхат береді, банкілік есеп-шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
  • өз құзіреті шегінде және еңбек заңдарына сәйкес қызметкерлерді кәсіпорынға сәйкес жұмысқа қабылдайды және оларды жұмыстан шығарады, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады.

   Басшының ұсынысы бойынша мемлекеттік басқару органы лауазымға тағайындайтын немесе лауазымнан босататын кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы кәсіпорынның жарғысында белгіленеді. Басшының орынбасарларын кәсіпорын басшысының ұсынысы бойынша мемлекеттік басқару органы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Сондай-ақ олар өздерінің құзіреті шегінде кәсіпорынның атынын іс-қимыл жасайды, оны мемлекеттік органдарға және басқа кәсіпорындарға танытып білдіреді, шаруашылық операцияларын және сенімхатсыз шарттар жасап, сонымен қатар кәсіпорын қызметкеріне сенімхат бере алады.

   Мемлекеттік кәсіпорын тұтас алғанда мүлік  кешені ретінде жылжымайтын мүлік  болып танылады және мемлекеттік  меншік құқығының объектісі болып  табылады. Мүліктік кешен ретінде  кәсіпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, оның ішінде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер учаскелеріне құқығы, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге құқықтар (фирмалық атауы, тауар белгілері) және басқа да айрықша құқықтар енеді.

   Республикалық мемлекеттік кәсіпорын жөнінде  ол біртұтас мүліктік кешен ретінде  болғанда мәмілелер (кепілге беру, жалдау және басқалары) жасауы – Қазақстан  Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық кәсіпорын жөнінде – жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады. [11]

   Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырысын орындау міндетті болып табылады. Ол кәсіпорынға мемлекеттік басқару органы арқылы жеткізіледі. Тапсырыста қамтылған өнімдерді (жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетуді) кәсіпорын өз бетімен сатады.

   Мемлекеттік кәсіпорындар әдетте тұрақты және оның капитал сиымдылылығы жоғары, себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлылығында. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 «ҚАЗАҚПАРАТ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНДАҒЫ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ 

   2.1 «Қазақпарат» Ұлттық  Компаниясының даму  тарихы және оның 

       ұйымдық құрылымы 

   «Қазақ  ақпарат агентігі» ұлттық компаниясы» (бұдан әрі – Компания)   «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат  және қоғамдық келісім министрлігінің «Қазақ ақпарат агенттігі» (ҚазААГ) Республикалық қазыналық кәсіпорнын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы  № 1186 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын ашық акционерлік қоғам ретінде құрылған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2002 жылғы 20 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Жарғысына сәйкес, оның қызметі ұлттық ақпарат агенттігін құру, елдің сыртқы және ішкі саясатын ақпараттық жарнамалау және әлемдік ақпараттық кеңістіктегі Қазақстанның оң келбетіне қолдау көрсету болып табылады.

   ҚазААГ (бұрынғы ҚазТАГ) ақпарат рыногындағы  өзінің қызметін 80 жылдан астам уақыт  бойы атқарып келді және Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің қызметін көрсететін және көптеген қазақстандық және шетелдік БАҚ-тар арасында өзінің ақпараттық өнімдерін тарататын республикадағы бірден-бір мемлекеттік ақпарат агенттігі болды.

   Компания  өзінің қызметінде бұрынғы ҚазААГ қызметін негізге алады.

   Қазақстанның  ақпараттық қызмет көрсету рыногындағы  ежелгі агенттік ретінде ҚазААГ өзі  жұмыс істеген кезінде белгілі  бір базалық негіз жасады.

   ҚазААГ  бес халықаралық ақпараттық агенттіктер  қауымдастығының мүшесі болды, әлемнің  жетекші 12 ақпарат агенттігімен тура ақпарат алмасты. Осының арқасында ҚазААГ Қазақстан туралы жаңалықтарды жедел түрде таратып және шетелдік хабарларды негізгі көздерден тура алып отырды.

   ҚазААГ-тың  ақпарат өнімдерін жаздырып алдырушылар  қатарында – республикалық газеттер, теледидар мен радио, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары болды.

   Осылайша, Компания ҚазААГ-тың заңды мұрагері ретінде өз қызметінің негізгі сипатын  сақтап қалды. Компания бүкіл Республика бойынша тілшілер қосынының тармақталған желісіне ие, бұл Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде болып отырған оқиғалар туралы шұғыл және объективті ақпараттар беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Компанияның Нью-Йорк, Мәскеу, Пекин, Брюссель, Ташкент және Бішкек қалаларында шетелдік тілшілер қосындары бар.

   Құрылтайшы  құжаттарды Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік  қоғамдар туралы» Заңының талаптарына  сәйкестендіру мақсатында, ашық акционерлік  қоғамнан акционерлік қоғам болып  атауының өзгеруіне байланысты Компания 2004 жылы 28 шілдеде Астана қаласы бойынша Әділет департаментінде қайта тіркеуден өтті.

   Компанияның Жарғы капиталының мөлшері 45950000 (қырық бес миллион тоғыз жүз  елу мың ) теңгені құрайды.

   Ал  ол, 45950 (қырық бес мың тоғыз  жүз елу) дана қарапайым атаулы акцияларға бөлінген, әр акцияның номиналдық құны 1000 (бір мың) теңге.

     Компания бір орталықтан басқарылатын, құрамында жеке құрылымдық бөлімшесі  (Алматы қаласында филиалы) бар  біртұтас заңды тұлға болып  табылады.

   Ұйым  құрылымында еншілес компаниялар  жоқ.

Информация о работе Кәсіпорынды басқару