Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 17:41, реферат

Описание

Экономика ғылым ретінде қадағаланатын экономикалық құбылыстар мен фактілерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде бір жүйеге келтіруге тырысады. Макроэкономика экономиканы біртұтас бірлік ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызметтердің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем баласының жағдайын зерттейді. Макроэкономика курсы мемлекет экономикасында орын алған ғалами экономикалық құбылыстарды зерттеу тұрғысынан алғанда маңызы зор. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ерекшелейді. Макроэкономика ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемінің, жұмыспен қамтылудың өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымылылардың қысқа мерзімдегі тербелістерін (ауытқуларын) да зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадығы өтпелі үрдістерді түсінуге сеп боларлық білім алуы тиіс. Атап айтқанда, олар мұндай мәселелердің шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с.

Содержание

Курс 1
Семестр 1
Кредит саны 2
Барлық сағат саны 90
Барлық аудиториялық сағат 18
Оның ішінде:
Лекциялар 2
Семинар сабақтары 2
F2F консультациялары 14
Барлық қашықтықтан оқыту сағаты 72
оның ішінде:
СӨЖ: 57
лекциялар 13
семинар сабағы 13
ӨЖ 31
Оn-line, off-line консультациялары 15
Аралық бақылау 2
Емтихан 1 семестр

Работа состоит из  1 файл

ДОТ Макроэкономика Габдуллина каз.doc

— 5.05 Мб (Скачать документ)

C = 20+0,8 ( Y-T+F ) ( тұтыну).

I = 60 ( инвестиция).

T = 40 (салықтар).

F = 10 (трансферттер).

G = 30 (мемлекеттік шығын).

а) Тепе-теңдік кіріс деңгейін есептеңдер.

ә) Мемлекет салық деңгейін 40-тан 50-ге дейін жоғарылатты ( мемлекеттік  шығындар G = 30 ).

    

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ  ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУЛАР.

  1. Курстық жұмыстың  мақсаттары және мәселелері.

Студент алуан түрлі экономикалық мәселелерді, өз бетімен, жазбаша түрде  зерттеп дайындауы курстық жұмыс  деп аталады. Мұндай жұмысты жасау  теориялық және тәжірибелік материалдарды терең меңгеруге көмек береді және шығармашылық ойдың дамуы мен қалыптасуына ықпал етеді. Курстық жұмысты жасау және дайындау барысында студент монографиялық және мерзімді әдебиеттерді, статистикалық материалдарды толық түрде зерттейді, теориялық материалдарды шығармашылық түрде қолдануды үйренеді, әлемдік экономикадағы әлеуметтік және экономикалық құбылыстарды қорытады және зерттеулер арқылы теориялық және тәжірибелік қорытынды жасайды, мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Мұндай жұмыс студенттерге ғылыми зерттеу және өз бетімен жазбаша түрде, таңдаған тақырыптың, маңызын жеткізуге көмек етеді.

Курстық жұмысты жасау  барысында мынадай мәселелер  іске асырылады:

  • студенттің теориялық білімін жүйеге келтіру;
  • әдебиеттің қайнар көздерімен өз бетінше жұмыс жасауды дамыту;
  • дәйекті және ғылыми материалдарды қорыту және синтез жасау;
  • таңдаған тақырыптың өзектілігін дәлелдеу;
  • қортылған материалдардың ұсыныстарын және мінездемелерін белгілі логикалық жолға сәйкес баяндау.
  1. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және жоспар құрастыру.

Курстық жұмысты жасау  өзара байланысты бірнеше сатыдан  тұрады. Бұлардың ішінде тақырыпты  таңдау курстық жұмыстың жоспарын құрастыру, қажет әдебиетті зерттеу және жинау, тексті дайындау және жазу жұмыстары  елеулі орын алады.

Курстық жұмыстың тақырыбын  әр студент өз бетінше таңдайды. Студенттердің курстық жұмыстың тақырыбын таңдауы мынадай  факторларға негізделуі мүмкін: студенттің ғылыми мүддесі, шығармашылық дайындығы және басқа да ақпарат ағымын сапалы қорытуға және біртұтас жүйеге келтіруге мүмкіндік беретін объективтік және субъективтік факторлар.

Курстық жұмыстың жоспарын құрастыру барысында студент  ғылыми жетекшіден кеңес алуы қажет. Ғылыми жетекшінің міндеттеріне мыналар  жатады:

  • қажет әдебиетті статистикалық және басқа да материалдарды ұсыну, кеңес беру, дайын курстық жұмыстың мазмұнын бағалау;
  • жетекші курстық жұмыстың жазылуы барысында студентке ғылыми және әдістемелік көмек көрсетеді, курстық жұмыстың дайындығын бақылап отырады; түзетулер жасайды, шешім қабылдауда көмек көрсетеді және курстық жұмыстың дайындығын белгілейді.

Әр студент ғылыми жетекшіден тапсырманы алады. Тапсырмада бекітілген мерзім бойынша жұмысын  тексеруге және қорғауға әкеледі.

3. Курстық  жұмыстың құрылысы.

Курстық жұмыстың негізгі  элементтері:

  1. Титул беті.
  2. Тапсырма.
  3. Мазмұны.
  4. Кіріспе.
  5. Негізгі бөлімнің тараулары.
  6. Қорытынды.
  7. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
  8. Қосымшалар.

Титул беті – бұл курстық  жұмыстың бірінші парағы және ол белгілі  ереже бойынша толтырылады. Титул  бетін толтырудың үлгісін кафедрадан (экономика кафедрасы №329 аудитория немесе СТ ЖГУ 22-2009 көрсетілген) алу керек.

Титул бетінен кейін  мазмұндама орналысады. Мазмұндама курстық  жұмыстың барлық бөліктерінің аттарынан  құрылуы қажет.

Кіріспе тақырыптың өзектілігін  және оның сыртқы экономикалық байланыстарды  дамытуда осы таңдағы және болашақтағы ролі жайлы анықтамадан тұрады. Сонымен қатар студент кіріспені жазу барысында зерттеудің мақсаттарын және мәселелерін анықтайды. Кіріспенің сонында курстық жұмыстың құрылысын айқындау қажет, яғни оның құрылымдық элементтерінің тізімін келтіру және олардың бірінен соң бірінің орналасу тәртібін анықтау.

Жұмыстың негізгі бөлігі екі-үш тараудан тұрады. Тарау бөлек параграфтардан тұруы мүмкін. Жұмыстың тақырыбы негізгі бөлімде толығымен көрініс алуы керек. Негізгі бөлігі тек қана суреттемелі түрде болмауы керек.

 Тақырып мәселелері  теориялық және тәжірибелік аспектілерінде  зерттелуі қажет және студент  зерттеу мәселелерін шешу жолдарын  ұсынады.

Бірінші тарау негізгі  теориялық мәселелерден тұрады, мамандардың  осы мәселеге қатысты көз қарастары зерттелеледі.

Екінші тарауда таңдаған тақырыпқа қатысты әлемдік тәжірибе зерттеледі және қорытындылады.

Үшінші тарауда қарастырылған  тәжірибенің Қазақстанда қолдану  мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл  тарауда студент шынайы және теориялық  материталдарға сүйене отырып, мәселеге өзінің көзқарасын көрсетуі қажет.

Курстық жұмысты жазу барысында студент плагиат болмауын қамтамасыз етуі қажет және белгілі  авторлардың ойын қолдану кезеңінде, беттерін белгілей отырып, үзінді жасауды  ұмытпауы қажет.

  1. Курстық жұмысты рәсімдеу барысында қойылатын талаптар.

Курстық жұмыстың көлемі (қосымша материалдарды санамағанда) 25-30 беттен кем болмауы тиіс.

Тексті жазу барысында  мынадай стандарттарды ескеру қажет:

  • беттің оң жағында 10мм таза орын қалдыру;
  • беттің сол жағында 30мм таза орын қалыдру;
  • беттің жоғарғы жағында 20мм таза орын қалдыру;
  • беттің соңында 25 мм таза орын қалдыру.

Интервал 1,0, Шрифт «Times New Roman », 14 кегль.

Тараулардың аты текст  жолының ортасында орналасуы  керек және текстен бөлу үшін оның үстінен және астынан  екі интервал қалдырылып отырады. Тараудың атын жаза отырып оның соңына нүкте қойылмайды және астын сызуға болмайды.

Абзацтар жаңа жолдан басталады. Курстық жұмыстың беттерінің барлығы нөмірленуі керек. Нумерацияға  титулдық бет, қосымшалар да кіріп отырады. Тапсырма нөмірленбейді. Бірақ титул бетіне, мазмұндамаға, кіріспенің бірінші бетіне номер қойылмайды. Егер тексте сан көрсеткіштері немесе цитаталар келтірілсе, олардың қайнар көздерін атау қажет. Ол үшін сөйлемнің соңында жақшаның ішінде автор, кітап және кітаптың беті көрсетіледі, мысалы [Крымова В. Экономикалық теория, 44б] немесе кітаптың авторы мен атын жазбай әдебиеттер тізіміндегі рет нөмірі көрсетуге болады, мысалы [12, 44б].

Әдебиеттер тізімі тексте қолданғанына қарай құрастырылады.

Қорғауға рұқсат етілмеген  жұмыс қайтадан өзгертілген түрде  жазылады.

Курстық жұмыс  тақырыптары.

1. Тәуелсіздік  жылдарындағы  ҚР-ның динамикасын  талдау

2. ҚР айырбас бағамы  мен  есептік  қойылымды   реттеу

3. Айырбас  бағам,  халықаралық  капитал  ағымы  және  сауда балансы

4. ҚР  мемлекеттік   қарыздар мәселесі

5. ҚР ақша-несие   саясатының  ерекшеліктері

6. ҚР  сыртқы  сауда   балансының  сипаттамалық  белгілері

7. ҚР фискалдық саясаты

8. ҚР шағын  бизнестің   дамуы  және  оның  экономикалық  өсудегі  рөлі

9. Экономиканың  нақты   саласына  инвестиция  салу, жаңа  технологиялар  мен реструктуризацияны  меңгеру

10. ҚР  еңбекке  сұраныс,  артық  жұмысбастылық, еңбек   ақы бойынша  төлем  қабілетсізділік

11. Жұмысбастылық  пен   жұмыссыздық: демографиялық  және  әлеуметтік  көрсеткіштерге  байланысты

12. Экономикалық  реформалардың   демографиялық  және  әлеуметтік  салдары

13. ҚР халық  табысы   мен  шығындар  динамикасы  және  құрылымы

14. ҚР  қаржы  нарықтарын  талдау

15. ҚР  төлем  қабілетсізділік   мәселері

16. Соңғы бес жылдағы ҚР негізгі макроэкономикалық агрегаттар  динамикасын талдау (жинақ, тұтыну ,инвестиция)

17. ҚР  салық  салу  жүйесін реформалау

18. ҚР  сыртқы  сауда   саясатының  тауар,  капитал   және  шикізат  ағымдарына  әсері

19. ҚР  сыртқы  сауда  ұйымына  кіру: мәселелер мен  перспективалар

20. ҚР  зейнетақы   жүйесін  реформалау

21. ҚР  индустриалды  – инновациялық  саясаты

22. ҚР  экономикалық  өсуі : факторлар,  кезеңдер  және  ерекшеліктері

23. ҚР  антимонопольдық   реттеу  және  оның  мемлекет экономикасының  тұрақты дамуындағы ролі

24. ҚР  экономикасының  аймақаралық  ерекшеліктері

25. Монетарлық  саясаттың   экономикалық  өсуді   қамтамасыз  етудегі рөлі

26. ҚР-ғы  банктік   жүйенің  дамуы

  1. ҚР  депозиттерді  сақтандыру  және  халық  жиақтарының диамикасы
  2. Инфляция және оның түрлері
  3. Банк жүйесі
  4. Ақша нарығы
  5. Жұмыссыздық және оның түрлері
  6. Жабық экономика мен ашық экономиканың мәні
  7. Бюджет-салық саясаты
  8. Капиталдың жинақталуы және экономикалық өсу
  9. Халықаралық сауда және сауда саясаты
  10. Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
  11. Экспорт пен импортқа сұраныс және ұсыныс. Протекционизм
  12. Еңбек нарығы мен еңбекке ақы төлеу
  13. Монетарлық саясат
  14. Кірістер мен шығыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Макроэкономика» пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар

Қашықтықтан оқыту  технологиясы бойынша студенттердің  өзіңдік жұмыстарына аудиторияда оқытылмайтын студенттердің жеке қарастырған материалдарды оқып білу жатады. Өзіндік жұмыстардың тақырыптары студенттің мамандығына  және осы мамандық бойынша өзіндік жұмыстарға берілетін сағат көлеміне байланысты анықталады.

Студенттер  №1,2,3,4 тақырыптарды өткеннен кейін №1 Өзіндік жұмысты орындап мұғалімге жіберуі қажет.

Студенттер  № 5,6,7,8 тақырыптарды өткеннен кейін №2 Өзіндік жұмысты орындау керек.

Студенттер № 9,10,11,12 тақырыптарды өткеннен кейін №3 Өзіндік жұмысты орындау керек.

Студенттер  № 13,14,15 тақырыптарды өткеннен кейін №4 Өзіндік жұмысты орындау керек.

Қашықтықтан оқыту  формасы бойынша оқитын студенттер өз бетімен теориялық материалдарды  оқып үйреніп, семинар және өзіндік жұмыстарды орындап, тест немесе бақылау сұрақтарына жауап беру керек.

№1,2,3,4,5,6,7,8,9 –тақырыптарды оқып-үйренгеннен кейін №1 Аралық бақылауды өткізу қажет.

№ 10,11,12,13,14,15,16 –тақырыптарды оқып-үйренгеннен кейін №2 Аралық бақылаудан өту керек.

Курсты оқып-үйренуді курс бағдарламасында қарастырылған  сұрақтар бар болатын әдебиеттің кез келгенін пайдалануға болады.

Төменде курстың  жекелеген тақырыптары бойынша, әр тақырып бойынша әдебиеттер көрсетілген  нұсқамалар берілген.

 

1-тақырып. Макроэкономика  пәні және макроэкономикалық  талдаудың ерекшеліктері

Макроэкономика пәні. Макроэкономикалық талдау әдістері. Макроэкономикалық үлгілер.Экзогенді  және эндогенді айнымалылар.Қорлар мен ағындар.Айналым ағындарының  үлгісі. «Ағу» және «инъекция» (құю). Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жалпы шарттары.Макроэкономикалық саясат.

Өзін-өзі бақылау  сұрақтары:

1.Макроэкономика пәні.

2. Макроэкономикалық  үлгілер және оның көрсеткіштері.

3. Позитивті және нормативті  талдау.

 

2-тақырып.Макроэкономикалық көрсеткіштер

Жалпы ішкі өнім: мәні мен  мағынасы.ЖІӨ-ді есептеу әдістері: қосымша  құн бойынша, шығындар бойынша және табыстар бойынша.Атаулы және нақты  ЖІӨ. ЖІӨ дефляторы.Тұтыну бағасының  индексі.Тұтынушылық қоржыны.Ұлттық санақ жүйесіндегі басқа да көрсеткіштер.Кірістер мен ығыстардың щеңберлік айналымы,Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдігі.

Өзін-өзі бақылау  сұрақтары:

1.Ұлттық есепшот жүйесі. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) және  жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

2.Ұлттық есепшот жүйесіндегі  басқа да көрсеткіштер.

3.Атаулы және нақты  жалпы ұлттық өнім. Баға индексі.

 

3-тақырып. Макроэкономикалық  тұрақсыздық: эконоикалық циклдар,жұмыссыздық,инфляция

Экономикалық айналым  және негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштер динамикасы.Потенциалды  ЖҰӨ. Жұмыссыздықтың түрлері және оның табиғи деңгейі.Оукен заңы. Жұмыссыздық деңгейін реттеу.Инфляция мәні және оның түрлері.Шығындар инфляциясы.Сұраныс инфляциясы.Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы өзара байланыс.Филлипс қисығы.

Информация о работе Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері