22 Ноября 2012, курс лекций
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.
29 Января 2013, доклад
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығың ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
10 Февраля 2013, доклад
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналысының өзіндік аймағын қалыптастырады.
14 Марта 2012, реферат
Авариялық жағдай туындағанда қателердің мынандай кодтары белгіленеді:
2 – файл табылмады;
8 – қажетті жад жоқ;
10 – құрал – жабдықта қате;
11 – форматта қате.
16 Марта 2012, реферат
Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орт-тан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады.
10 Февраля 2013, курсовая работа
Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
22 Февраля 2013, реферат
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай — күйі де осындай тәртіппен реттеледі. Фискалдық саясат мақсаты ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.
28 Февраля 2013, реферат
Қаржы саясаты — бұл қоғамның әлеуметтік-экономика¬лық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның иақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
29 Января 2013, курсовая работа
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі — материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зертгеуді болжайды.
13 Февраля 2012, доклад
«Бүгінгі таңда әлемдік қаржы - экономикалық дағдарысынан кейінгі Қазақстанның қаржы секторы, оның ішіндегі негізгі үлесті алатын банк секторының жағдайы қандай деңгейде және банк жүйесі ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыстан шықты ма?» - деген сұрақтарға жауапты осы мақалада талқылап өтсек. Қазіргі қаржы нарығының біркелкі болмауы және де ұлттық банк жүйесінің тарихы, осы қойып отырған сұраққа біркелкі жауап беруге болмайтынын көрсетіп отыр. Отандық банк жүйесінің, тарихи жағынан қарасақ, ұлттық қаржы с
05 Ноября 2012, реферат
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін , олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілетті органдар депутаттардың жиналыстары, жергілікті әкімшілік органдар.
28 Февраля 2013, доклад
Біздің баяндамамыздың тақырыбы: «Қаржылық дағдарыс жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғау шаралары». Жалпы баяндамамызда бірнеше бөлімдер қарастырылған, атап айта кететін болсақ: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Негізгі бөлімізде бірнеше тарау қарастырылған.
Баяндамамыздың мақсаты – қаржылық дағдарыс жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғау шараларының жүйесінің мәні мен маңызын ашу және негізгі буындарымен таныстыру, сонымен қатар оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.
13 Февраля 2013, курсовая работа
Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты – оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда, тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.
02 Февраля 2013, курсовая работа
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігі 2002 жылы құрылған. Меншік түрі – жеке меншік. Жарғылық капиталы – 350000 тенге. Негізгі қызмет түрі – тұрғын-үй объектілерін, жолдар, ғимараттар салу, сонымен қатар оларды жөндеуден өткізу.
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестік өзінің қызметін келесі құжаттар мен нормативті актілер арқылы жүзеге асырады:
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің жарғысы;
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің құрылтайшы келісім – шарты;
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі №409 01.07.1999 ;
«Шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілік» ҚР-ның Заңы, №220-1 «Өзгерістер мен толықтырулар» 22.04.1998
ҚР ұйымдарының қаржы – шаруашылық қызметін реттейтін әдістемелік нұсқаулар және нормативтік актілер, басқа да заңдар.
26 Октября 2012, курсовая работа
Қаржылық жоспарлау-бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономикалық үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
22 Ноября 2012, курсовая работа
Қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылады.
26 Февраля 2013, реферат
Бұл жұмыстың мақсаты нақтылы инвестициялық жобаларды талқылай отырып, олардың тиімділігін бағалау.
Өзімізге мәлім болғандай әрбір кәсіпорын өз қызметі барысында міндетті түрде пайдасын максималдағысы келеді. Осыған орай максималдаудың әртүрлі жолдарын іздейді. Сондай жолдардың бірі инвестицияларды құю болып табылады.
26 Февраля 2012, лекция
Мақсаты: берілген тақырыптан студент келесілерді білуі керек:
- «қаржылық нарық» жалпы түсінігі, құрылымын оқу;
- қаржы нарығы түрін ажыра білу;
- қаржы нарығының мазмұны.
18 Мая 2012, дипломная работа
Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі - нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша пайдаланылуын талап етеді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауындағы «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму стратегияларын белсенді етуге тиіспіз»-деп атауының мәні үлкен.
16 Марта 2012, курсовая работа
Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
11 Февраля 2013, дипломная работа
Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады.
18 Марта 2012, реферат
Қоғамдық өнімді бөлу күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашалық жүргізуші субьектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесінде қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және іс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс циклінің басқа стадияларындағы сонымен бірге бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес.
15 Сентября 2013, реферат
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
07 Мая 2012, курсовая работа
Менің бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартының орындалуын, инвестициялық меншік түсінігі мен инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелінуі және ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартын қолдану кезіндегі анықтамаларын, инвестициялық меншікті тану кезіндегі бағалау, шығындар бойынша есепке алу әдістері, ҚЕХС 40 қолдану кезіндегі ақпараттардың мазмұнын ашып көрсету талаптары, ҚЕХС 40 күшіне ену талаптары жағдайында жазу болып табылады.
07 Мая 2012, курсовая работа
Менің бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартының орындалуын, инвестициялық меншік түсінігі мен инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелінуі және ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартын қолдану кезіндегі анықтамаларын, инвестициялық меншікті тану кезіндегі бағалау, шығындар бойынша есепке алу әдістері, ҚЕХС 40 қолдану кезіндегі ақпараттардың мазмұнын ашып көрсету талаптары, ҚЕХС 40 күшіне ену талаптары жағдайында жазу болып табылады.
21 Февраля 2012, курсовая работа
Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерімен көрінеді:
• қор нарығындағы биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
• өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.
17 Марта 2012, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қор нарығындағы маркетинг қазіргі экономиканың дамуында маңызды роль атқарады. Ол әлеуметтік-экономикалық процесті ұлғаймалы дамытуға, сонымен қатар капиталды инвестициялау мен халықты қаржымен қамтамасыз етуде маңызды рөль атқарады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының президенті Нұрұлтан Назарбаев, Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты жолдауында, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын, эканомикамыздын бәсекеге қабілеттілігін тұрақты жоғарлатуда қор нарығын пайдалануға көңіл аударды, бұл қоғамның қаражаттарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициалаудың маңыздылығын ескертті.
09 Февраля 2013, дипломная работа
Зерттеу жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы брокерлерлік фирма қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашағының теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттемелер:
- брокерлерқызмет етуінің теориялық және тәжірибелік негізін қарастыру;
- брокерлер қызметінің қор нарығын дамытудағы рөлін айқындау;
- қазақстанның брокерлер қызметінің ағымдағы жағдайын талдап, тиімділігін анықтау;
- ҚР брокерлерлік фирма қызмет жағдайына талдау жүргізу;
- әлемдік қаржы нарықтарындағы дағдарыстың Қазақстан брокерлердің қызметке әсерін талдау;
- ҚР брокерлер-дилерлердің қызметтің дамуындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсыну.
24 Ноября 2011, курсовая работа
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
10 Февраля 2012, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.